G03AA07 Левоноргестрел және Этинилэстрадиол (Levonorgestrel and Ethinylestradiol)

Қолдану көрсеткіштері

Пероральді контрацепция.Клиникалық хаттама:   1. Әйел бедеулігі
    Клинические протоколы:
  1. Женское бесплодие

Қарсы көрсеткіштері

Қауіп факторларымен бірге немесе оларсыз көктамырлық тромбоэмболия немесе оның анамнезінде болуы (мысалы, терең көктамырлар тромбозы, өкпе артериясының тромбоэмболиясы); артериялық тромбоэмболия немесе оның анамнезінде болуы, атап айтқанда миокард инфарктісі және ми қанайналымының бұзылуы; көктамырлық немесе артериялық тромбоздың күрделі немесе көптеген қауіп факторларының болуы; анамнезінде тромбоз ізашарларының болуы (мысалы, ми қанайналымының өтпелі бұзылуы немесе стенокардия); жүрек-қантамыр аурулары (мысалы, жүрек, жүрек қақпақшаларының аурулары және аритмиялар); ауыр артериялық гипертензия; микро- немесе макроангиопатия көріністерімен қант диабеті; шығу тегі қантамырлық көру бұзылулары; сүт безі мен жыныс мүшелерінің диагностикаланған немесе күдікті гормонға тәуелді қатерлі ісіктері; шығу тегі белгісіз қынаптық қан кетулер; ошақтық неврологиялық симптоматикасы бар бас сақинасы; белсенді затқа немесе кез-келген қосымша заттарына жоғары сезімталдық; галактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза және галактоза мальабсорбция синдромы.

Қауіпсіздік шаралары

Шылым шегумен бірге қолдану жүрек-қантамырларының күрделі патологиясының даму қаупін арттырады. 35 жастан асқан шылым шегетін әйелдерге контрацепцияның басқа әдістерін тағайындауды қарастыру керек. Қабылдауды бастамас бұрын тексерістен өту және қауіп факторларын болдырмау. Тромбоэмболияның даму қаупі келесі жағдайларда артады: жасы, жүрек-қантамырлар аурулары, отбасылық ауырлаған анамнез жағдайында жүрек-қантамырлар ауруларының болуы; семіздік (дене салмағының индексі 30 кг/м² жоғары); хирургиялық операция немесе жарақат; босанудан кейінгі кезең немесе жүктіліктің екінші триместріндегі түсік тастау; шылым шегетіндер; дислипопротеинемия. Бұрын ауыр депрессия көріністерінен зардап шеккен әйелдер мұқият қадағалауда болуы және депрессия жағдайларының симптомдары қайта жаңғырған жағдайда препаратты пайдалануды тоқтатуы тиіс.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Гидантоиндер (мысалы, фенитоин), барбитураттар, примидон, карбамазепин және рифампицин - жыныстық гормондар клиренсінің жоғарылауы, бұл контрацепциялық қорғаныстың тиімсіздігі және серпілісті қан кетудің себебі болуы мүмкін.Ампициллин және тетрациклин - контрацепциялық заттар тиімділігінің төмендеуі.Шілтерлі шайқурай - контрацепциялық әсердің жойылуы.Циклоспорин - циклоспориннің қан плазмасындағы концентрациясының жоғарылауы, уытты әсерлердің дамуы.Ламотриджин - ламотриджиннің плазмадағы концентрациясының төмендеуі және әйелдерде құрысу ұстамалары бақылануының нашарлауы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауырдың ауыр аурулары немесе олардың анамнезде болуы («бауыр» сынамаларының функционалдық көрсеткіштері қалыпқа түскенге дейін); бауыр ісігінде немесе оның анамнезде болуында (қатерлі емес немесе қатерлі) қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: дене салмағының артуы, сұйықтықтың іркілуі, бас ауыруы, бас сақинасы, күйгелектік, депрессия, ашушаңдық, либидо өзгерістері, жанаспалы линзаларды таққанда көздің тітіркенуі, көру бұзылулары, жүрек айнуы, безеу бөртпесі, тұрақсыз қынаптық қан кетулер, аменорея, гипоменорея, сүт бездерінің ауыруы.Жиі емес: сүт безі обыры, бауыр аденомасы, гепатоцеллюлярлық карцинома, жатыр мойны обыры, жүйелі қызыл жегі, гиперлипидемия, хорея, отосклероз, артериялық гипертензия, көктамырлық тромбоэмболия, артериялық тромбоэмболия, құсу, холелитиаз, панкреатит, түйінді эритема, мультиформалы эритема, хлоазма, қынаптық бөлініс өзгерістері.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі зерттелмеген.