G01AF04 Миконазол (Miconazole)
Қолдану көрсеткіштері
Қынаптық зеңді инфекцияларды (кандидоздарды), грамоң микроорганизмдер туындатқан қайталанған және суперинфекцияларды жергілікті емдеу.Клиникалық хаттама: 1. Бұт, сарпай және қынаптың қабыну аурулары (бартолинит, вульвит, вагинит)
-
Клинические протоколы:
- Воспалительные заболевания промежности, вульвы и влагалища (бартолинит, вульвит, вагинит)
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Анықталмаған.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Жүктілік
Жүктіліктің ІІ және ІІІ триместрлерінде қарсы көрсетілген.
Емізу
Сақтықпен.
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті реакциялар (күйдіру, шаншу, қызару); қынаптың шырышты қабығының тітіркенуі; іштің төменгі бөлігінің ауыруы; аллергиялық жанаспалы дерматит.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда қауіпсіздігі мен тиімділігі бойынша деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.