D07XC01 Бетаметазон және Салицил қышқылы

Қолдану көрсеткіштері

- кортикостероидтарға сезімтал дерматоздарды емдеу, бактериялық және/немесе зеңдік инфекция болғанда немесе күдіктенгенде
- экссудативтік кезеңде бұзылыстарды емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Контактный аллергический дерматит
  2. Розовый лишай Жибера
  3. Атопический дерматит
  4. Атопический дерматит у детей
  5. Болезнь Дюринга. Дерматит герпетиформный
  6. Дерматофитии

Қарсы көрсеткіштері

Қолдануға болмайтын жағдайлар
- тері туберкулезі
- мерездің терілік түрі
- желшешек
- вирустық этиологиядағы тері инфекциялары (Herpes simplex)
- вакцинадан кейінгі тері реакциялары
- ашық жаралар
- розацеа, периоральді дерматит
- препараттың қандай болмасын компоненттеріне (гентамицинге және/немесе клотримазолға айқаспалы аллергия) жоғары сезімталдық
- окклюзиялық таңғыш астынан қолдануға болмайды
- шырышты қабықтарға, көзге және көз маңындағы теріге жағуға болмайды

Қауіпсіздік шаралары

Кремді қолдануға байланысты тітіркену немесе сенсибилизация пайда болған кезде емдеуді тоқтату және тиісті емді бастау керек.
Егер кремді үлкен аумаққа, атап айтқанда ұзақ қолданса немесе зақымданған теріге жақса, жергілікті қолдануға арналған белсенді заттардың жүйелі қан ағысына сіңуі күшеюі мүмкін. Бұл жағдайларда белсенді заттарды жүйелі қолдануға тән жағымсыз әсерлердің туындауы мүмкін. Балаларға қолданғанда мұндай жағдайларда аса сақтық таныту ұсынылады. Жүйелі әсер ететін аминогликозидтік антибиотиктерді бір уақытта қолданғанда жоғарғы дәрежеде тері арқылы сіңу жағдайында кумулятивтік уытты әсердің (отоуыттылық, нефроуыттылық) туындау ықтималдығы туралы ескеру керек.
Атап айтқанда, басқа аминогликозидтік антибиотиктерге айқаспалы реакция ықтималдығын ескеру керек.
Препарат құрамына кіретін қосымша заттарды қолданумен байланысты келесі жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін:
- цетостеарил спирті: жергілікті тері реакциялары (жанаспалы дерматиттер);
- пропиленгликоль: терінің тітіркенуі.
Құрамында антибиотиктер бар препараттармен ұзақ емдегенде сезімтал емес микроорганизмдер пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда немесе суперинфекция туындағанда тиісті емді бастау керек.
Күшті әсер ететін немесе өте күшті әсер ететін кортикостероидты жоғарғы дозаларда қолдану, терінің ауқымды аумақтарына немесе окклюзиялық
таңғыш астына жағу, әсіресе эндогендік кортикостероидтардың шығарылуын бәсеңдетуді және ықтимал метаболизмдік әсерді ескере отырып дәрігердің тұрақты қадағалауымен ғана жүзеге асуы тиіс.
Ашық жараларға және терінің зақымданған аумақтарына қолданудан аулақ болыңыз.
2-3 аптаны құрайтын үздіксіз қолдану мерзімін, мүмкіндігінше, асырмау керек.
Өте күшті, күшті және орташа әсер ететін кортикостероидтарды бетке және гениталий аумағына аса сақтықпен және 1 аптадан асырмай қолдану керек.
Көз айналасына төмен дозалы кортикостероидтар ғана қолданылады (глаукома).
Кортикостероидтар препараттың қандай да бір ингредиентіне аллергиялық реакция симптомдарын бүркемелеуі мүмкін.
Пациентке бұл препаратты, оның ағымдағы тері ауруын емдеуге ғана қолдану керектігін және препаратты басқа адамдарға бермеу керектігін түсіндіру керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Препаратты генитальді немесе анальді аумақтарға қолданғанда вазелин және сұйық парафин сияқты қосымша заттар бір уақытта пайдаланылатын латексті мүшеқап беріктігінің төмендеуіне, демек оның сенімділігінің азаюына әкелуі мүмкін.
Жергілікті қолданғанда клотримазол амфотерицинге және басқа полиенді антибиотиктерге қатысты антагонистік әсер көрсетуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ

Жүктілік

Препаратты жүкті әйелдерде қолдану туралы деректер жоқ. Аминогликозидтарды жүкті әйел қолданған кезде плаценталық бөгет арқылы өтеді және шаранаға теріс ықпал көрсетуі мүмкін. Жүктілік кезеңінде анасы аминогликозид, оның ішінде гентамицин қабылдаған балаларда толық, қайтымсыз, екі жақты кереңдік туралы хабарламалар келіп түсті. Гентамицинді жүктілік кезінде жергілікті қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ.
Клотримазолды жүктілік кезінде қолдану туралы жеткілікті деректер жоқ. Кремді терінің ауқымды аумақтарына, үлкен мөлшерлерде немесе ұзақ қолдану керек емес.

Емізу

Гентамициннің, клотримазолдың және жергілікті қолданылатын кортикостероидтардың емшек сүтіне бөлінуі туралы деректер жоқ. Алайда жүйелі әсер ететін кортикостероидтар емшек сүтіне өтеді.
Егер дәрілік заттты сүт бездерінің терісіне жағу қажет болса бала емізетін әйелдерге қолдануға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Тері тарапынан бұзылулар
сирек:
- терінің тітіркенуі, ашыту, қышыну, құрғау сезімі
- препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық реакциялары
- пигмнтацияның бұзылуы.
Терінің ауқымды учаскелерінде, окклюзиялық таңғыштың астында және/немесе ұзақ уақыт қолданғанда жергілікті және жүйелік реакциялар дамуы мүмкін (бүйрек үсті безі қыртысының қызметін басу).
Жергілікті иммунитеттің төмендеуіне байланысты қайталама инфекцияны қосу қаупі жоғары екенін есте ұстаған жөн.
Тері тарапынан бұзылулар:
- терінің жергілікті өзгерістері: атрофия (әсіресе беттегі), телеангиэктазия, жолақтар, тартылулар, тері геморрагиялары, пурпура, стероидты акне, розацеа тәрізді/периоральді дерматит, гипертрихоз, тері пигментациясының бұзылуы. Пигментацияның бұзылуы қайтымды сипатта болу-болмауы белгісіз.
Жиі емес:
- гентамицинге сенсибилизация
- фотосенсибилизация (фотосенсибилизация кейбір пациенттерде байқалды; алайда гентамицинді қайта қолданғанда және кейіннен ультракүлгін сәулеленудің әсерінен бұл әсерді көбейту мүмкін болмады)
Эндокриндік жүйе тарапынан бұзылулар:
- екіншілік бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі және гиперкортицизм симптомдарының дамуымен бүйрек үсті безі функциясының бәсеңдеуі
- жасырын қант диабетінің манифестациясы
Көру мүшелерінің бұзылулары
- анық көрмеуі
Есту, ішкі құлақ/бүйрек тарапынан бұзылулар:
Аминогликозидті антибиотиктерді бір мезгілде жүйелі қолданғанда және препаратты терінің ауқымды учаскелерінде қолданғанда кумулятивті отоуыттылықты/нефроуыттылықты күту керек.
Қаңқа-бұлшықет жүйесі тарапынан бұзылулар:
- остеопороз
- бой өсу кідірісі (балаларда)

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Жасөспірімдер мен ересектер:
Кремді тәулігіне 2 рет (таңертең және кешке) терінің зақымданған аумағына жұқа қабатпен жағады және аздап ысқылайды, бұл ретте бүкіл зақымданған аумақты, сондай-ақ оған іргелес жатқан сау теріні қамтуы керек.
Емдеу ұзақтығы клиникалық әсердің нәтижелеріне, сондай-ақ клиникалық және микробиологиялық деректерге байланысты.
Табан дерматофитиясында ұзағырақ (2-4 апта) емдеу курсы қажет болуы мүмкін.
2-ден 12 жасқа дейінгі балалар:
Препаратты зақымданған беткейге ғана жұқа қабатпен жағады және аздап ысқылайды. Кремді жеткілікті мөлшерде аппликациялар арасы 6-12 сағат ең төменгі аралықпен тәулігіне 2 реттен асырмай жағу керек. Кремді дәрігердің қадағалауымен бетке, мойынға, бас терісіне, гениталий аумағына, ректальді аумаққа және тері қатпарларына жағу керек. Емдеу ұзақтығы 5-7 күнмен шектеледі.

Балаларда қолданылуы

Аталған препаратты 2 жасқа дейінгі балаларға қолдану ұсынылмайды. Бала пациенттерде гипоталамустық-гипофиздік-бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуіне және экзогендік кортикостероидтардың белсенділігіне (жергілікті қолданылатын кортикостероидтар туындататын) ересектерге қарағанда үлкен сезімталдықтың пайда болуы ықтимал, өйткені тері беткейі ауданының дене салмағына қатынасының үлкендігінен сіңу қарқындырақ болып табылады.
Гипоталамустық- гипофиздік - бүйрекүсті безі осінің бәсеңдеуі, Кушинг синдромы, сызықтық өсудің баяулауы, дене салмағы ұлғаюының баяулауы және бассүйекішілік қысымның жоғарылауы туралы жергілікті қолданылатын кортикостероидтарды балаларда қолданғанда хабарланды. Балалардағы бүйрекүсті безі функциясының бәсеңдеу симптомдарына: қан плазмасындағы кортизолдың төмен деңгейі және АКТГ стимуляциясына реакцияның жоқтығы кіреді. Бассүйекішілік қысымның жоғарылауы симптомдарына еңбектің дүрдүюі, бас ауыруы, көру жүйкесі дискісінің екі жақты ісуі кіреді.