C09DA08 Олмесартан медоксомилі және Гидрохлоротиазид (Olmesartan medoxomil and diuretics)
Қолдану көрсеткіштері
Эссенциальді гипертензияны емдеу. |
-
Клинические протоколы:
- Артериальная гипертензия
Қарсы көрсеткіштері
Әсер
етуші заттарға, қосымша заттардың кез келгеніне немесе сульфаниламидтердің
басқа туындыларына (гидрохлоротиазид дәрілік зат, сульфаниламидтердің
туындылары болып табылатындықтан) аса жоғары сезімталдық. Ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі (креатинин клиренсі <30 мл/мин). Тұрақты гипокалиемия, гиперкальциемия, гипонатриемия және симптоматикмен қатар жүретін гиперурикемия. Бауырдың ауыр жеткіліксіздігі, холестаз және өт жолдарының обструктивті аурулары. Жүктіліктің 2-ші және 3-ші триместрі. Қант диабеті немесе бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде Полмепурды және құрамында алискирен бар дәрілік заттарды қатар қолдануға болмайды (ШСЖ <60 мл/мин/1,73 м2). |
Қауіпсіздік шаралары
Айналымдағы қан көлемінің сарқылуы: Әсіресе, препараттың алғашқы дозасын қабылдағаннан кейінгі, симптоматикасымен қатар жүретін гипотония диуретиктермен қарқынды емдеу, диетада тұз қолданылуының шектелуі, диарея немесе құсу аясында айналымдағы қан көлемі сарқылған және/немесе натрий қоры сарқылған пациенттерде туындауы мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Ілеспе
қолдану ұсынылмайды Литий тұздары Ілеспе қолдану сақтықты қажет етеді Баклофен: гипотензивті әсердің потенциалдануы мүмкін. Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (NSAIDS) (яғни ацетилсалицил қышқылы (>3 г/тәулігіне), COX-2 ингибиторлары және селективті емес NSAIDS): тиазидті диуретиктер мен ангиотензин II рецепторларының антагонистерінің гипертензияға қарсы әсерін төмендетуі мүмкін. Бүйрек функциясы төмендеген кейбір емделушілерде (мысалы, сусызданған немесе бүйрек қызметі төмендеген егде жастағы емделушілерде) ангиотензин II рецепторларының антагонистерін және циклооксигеназаны тежейтін препараттарды қатар қолдану бүйрек функциясының одан әрі нашарлауына, соның ішінде әдетте қайтымды болатын жедел бүйрек жеткіліксіздігінің ықтимал дамуына әкелуі мүмкін. Пациенттер сұйықтықтың жеткілікті мөлшерін алуы керек және ілеспе терапия басталғаннан кейін және мезгіл-мезгіл бүйрек қызметін бақылауға назар аудару керек. Ілеспе қолдануды ескеру қажет Амифостин: гипотензивті әсердің потенциалдануы мүмкін. Басқа гипертензияға қарсы агенттер: ОРTAN GTZ 40/12.5 препаратының гипертензияға қарсы әсері күшейтілуі мүмкін . Алкоголь, барбитураттар, есірткі немесе антидепрессанттар: ортостатикалық гипотензияның жоғарылауы мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Жеңіл және орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар емделушілерде олмесартанның максималды дозасы (креатинин клиренсі 30-60 мл/мин) тәулігіне бір рет 20 мг олмесартан медоксомилді құрайды, бұл пациенттердің осы тобында жоғары дозаларды қолдану тәжірибесінің шектеулі болуына байланысты және бұл емделушілерге мерзімді бақылау ұсынылады. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының орташа бұзылуы бар емделушілерде ұсынылған бастапқы доза күніне бір рет 10 мг олмесартанды құрайды, ал максималды доза күніне бір рет 20 мг-нан аспауы керек. Диуретиктерді және (немесе) басқа гипертензияға қарсы препараттарды қабылдайтын бауыр функциясы бұзылған емделушілерде қан қысымы мен бүйрек функциясын мұқият бақылау ұсынылады. Сондықтан препарат ауыр бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарға қарсы. |
Жүктілік
Бастапқы терапия ретінде қолдануға болмайды! |
Емізу
Емшекпен емізу кезінде ұсынылмайды. Емшек сүтімен емізу кезінде қауіпсіздік профильдері жақсы орнатылған балама препараттарға артықшылық беріледі, әсіресе жаңа туған нәрестені немесе шала туылған нәрестені тамақтандыру кезінде. |
Жағымсыз әсерлері
Бас айналу, бас ауруы, астения, кеудедегі ауырсыну, шаршаудың жоғарылауы, перифериялық ісіну. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Күніне
бір рет, тамақтануға қарамастан қолданылады. Таблетканы жеткілікті мөлшерде сұйықтықпен (мысалы, бір стақан су) ішу керек. Таблетканы шайнауға болмайды және оларды күн сайын бір уақытта қабылдау керек. Дозалау режимі Препарат бастапқы емге арналмаған, ал артериялық қысымы 20 мг дозада олмесартан монотерапиясы кезінде жеткіліксіз бақыланатын пациенттерде қолдануға арналған. Олмесартанның гипотензивті әсері емдеу басталғаннан кейін шамамен 8-ші аптада максимумға жететінін назарға ала отырып, клиникалық көрсетілімдер болған кезде 20 мг дозада олмесартан монотерапиясынан тікелей препараттардың бекітілген біріктірілімімен емдеуге ауысуға болады. Жекелеген компоненттердің дозаларын титрлеу ұсынылады: Артериялық қысымы 40 мг дозада олмесартанның оңтайлы монотерапиясымен жеткіліксіз бақыланатын пациенттерге 40 мг олмесартан + 12.5 мг гидрохлоротиазид біріктірілімін қолдануға болады. |
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.