C08CA06 Нимодипин (Nimodipine)
Қолдану көрсеткіштері
| аневризманың жарылуы салдарынан субарахноидальды қан құйылу аясында ми тамырларының спазмынан туындаған ишемиялық неврологиялық бұзылулардың алдын алу және емдеу (нимодипин инфузиялық ерітіндісімен алдыңғы вена ішіне емдеуден кейін қолданылады) |
-
Клинические протоколы:
- Гемолитическая анемия у детей
- Артериовенозные мальформации головного мозга
- Цереброваскулярные болезни (педиатрия)
- Эндоваскулярное лечение ишемического инсульта в острейшем периоде
- Аневризма сосудов головного мозга
- Последствия инфаркта мозга
- Субарахноидальное кровоизлияние
- Хроническая ишемия мозга
- Ведение детей с пересаженной почкой
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
Қарсы көрсеткіштері
| нимодипинге
немесе таблетканың қосымша компоненттерінің кез келгеніне жоғары
сезімталдық - миокард инфарктісінен немесе тұрақсыз стенокардия жағдайынан кейін бір ай ішінде немесе сол кезде тағайындалмайды - нимодипинді рифампицинмен немесе эпилепсияға қарсы препараттармен фенобарбиталмен, фенитоинмен немесе карбамазепинмен біріктіріп қолдануға болмайды, өйткені Немотанның тиімділігі қатарлас қолданғанда едәуір төмендеуі мүмкін -18 жасқа дейінгі балалар (тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған |
Қауіпсіздік шаралары
| Қауіпсіздігі
мен тиімділігі туралы деректердің жеткіліксіздігіне байланысты жарақаттық
субарахноидальді қан құйылу кезінде қолдану ұсынылмайды. Басішілік қысым жоғарылаған, ми ісінуі және артериялық гипотензиясы (систолалық артериялық қысым <100 мм сын. бағ.) бар пациенттерге сақтықпен қолдану қажет. Тұрақсыз стенокардиясы бар пациенттерде және жедел миокард инфарктісінен кейінгі алғашқы 4 аптада пайдасы мен қаупінің арақатынасына бағалау жүргізілуі тиіс. Бауыр циррозы бар пациенттерде артериялық қысымды мұқият бақылау қажет. CYP3A4 тежегіштері (макролидті антибиотиктер, азолды зеңге қарсы препараттар, АИТВ-протеаза тежегіштері, нефазодон, флуоксетин, хинупристин/дальфопристин, циметидин, вальпрой қышқылы) нимодипиннің плазмадағы концентрациясын арттыруы мүмкін, сондықтан артериялық қысымды бақылап, қажет болған жағдайда дозасын түзету керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Флуоксетин,
циметидин, вальпрой қышқылы, кетоконазол, ритонавир, нефазодон,
хинупристин/дальфопристин нимодипиннің плазмадағы концентрациясын арттыруы
мүмкін. Нортриптилин нимодипин концентрациясын аздап төмендетеді. Рифампицин, сондай-ақ фенобарбитал, фенитоин, карбамазепин нимодипиннің тиімділігін айтарлықтай төмендетеді, сондықтан бірге қолдануға болмайды. Макролидті антибиотиктермен (мысалы, эритромицин) бірге қолдану ұсынылмайды; азитромициннің CYP3A4 тежегіш әсері жоқ. Нимодипин гипотензиялық препараттардың әсерін күшейтуі мүмкін, сондықтан артериялық қысымды бақылау қажет. Зидовудинмен бірге қолданғанда зидовудиннің плазмадағы концентрациясы жоғарылауы мүмкін. Грейпфрут шырынын қолдану ұсынылмайды, себебі ол нимодипиннің концентрациясын және гипотензиялық әсерін арттырады. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек
функциясының ауыр бұзылуы (шумақтық сүзілу жылдамдығы <20 мл/мин) бар
пациенттерде емдеудің қажеттілігін мұқият бағалап, олардың жағдайына жүйелі
түрде мониторинг жүргізу қажет. Препараттың әрбір дозасын қабылдау арасындағы аралық 4 сағаттан кем болмауы тиіс. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр
функциясының ауыр бұзылуы, әсіресе бауыр циррозы кезінде, «алғашқы өту»
әсерінің төмендеуі және метаболизмдік клиренстің баяулауы салдарынан
нимодипиннің биожетімділігі артуы мүмкін. Осыған байланысты препараттың емдік
әсері де, жағымсыз әсерлері де, оның ішінде артериялық қысымның айқын
төмендеуі күшеюі мүмкін. Мұндай жағдайларда артериялық қысым деңгейін ескере отырып, дозаны төмендету немесе қажет болған жағдайда емді тоқтату ұсынылады. CYP3A4 тежегіштерімен немесе индукторларымен бір мезгілде қолданғанда нимодипин дозасын түзету қажет болуы мүмкін. |
Жүктілік
| Жүктілік кезінде препаратты қолдану ана үшін күтілетін пайдасы ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана мүмкін. |
Емізу
| Препаратты бала емізу кезеңінде қолдану ұсынылмайды, себебі нимодипин ана сүтіне өтеді. Препаратпен емдеу кезеңінде бала емізуді тоқтату қажет. |
Жағымсыз әсерлері
| Аневризма
жарылуы салдарынан субарахноидальді
қан құйылуда қолданған кезде Жиі емес (> 1/1000 және <1/100) - тромбоцитопения - аллергиялық реакциялар, бөртпе - бас ауыруы - тахикардия - артериялық гипотензия және вазодилатация - жүрек айнуы Сирек (> 1/10000 және <1/1000) - брадикардия - илеус - бауыр ферменттері деңгейінің транзиторлы жоғарылауы Егде жастағы емделушілерде ми функциясының айқын бұзылуларында «Жиі» бөлімінде көрсетілген жағымсыз реакциялар жиілігі 2%-дан азды құрайды. Жиі (> 1/100 және <1/10) - артериялық гипотензия және вазодилатация Жиі емес (> 1/1000 және <1/100) - аллергиялық реакциялар, бөртпе - бас ауыруы, бас айналуы - гиперкинездер, тремор - жүрек соғуы, тахикардия - естен тану, ісінулер - іш қату, диарея, газдың артық түзілуі |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Таблеткаларды
шайнамай, аз мөлшердегі сумен, тамақ қабылдауға байланыссыз ішке қабылдайды;
грейпфрут/грейпфрут шырынын тұтынудан аулақ болу керек; қабылдау аралығы
кемінде 4 сағат болуы тиіс. Аневризмалық субарахноидальді қан құйылудан кейінгі ишемиялық неврологиялық бұзылыстардың профилактикасы және емі: 5-ші күннен бастап әр 4 сағат сайын 2 таблетка (тәулігіне 360 мг), емдеу ұзақтығы – 7 күн. Жағымсыз реакциялар туындаған жағдайда дозаны төмендетеді немесе емдеуді тоқтатады. Егде жастағы пациенттердегі ми функциясының айқын бұзылыстарында: күніне 3 рет 1 таблеткадан, емдеу ұзақтығы – 1–3 ай. |
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.