C08CA05 Нифедипин (Nifedipine)
Қолдану көрсеткіштері
| артериялық гипертензияда; жүректің ишемиялық ауруында: созылмалы тұрақты стенокардия, вазоспазмдық стенокардия (Принцметал стенокардиясы). |
-
Клинические протоколы:
- Второй этап "Реабилитации IIБ". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Второй этап "Реабилитация IIА". Профиль "Неврология и нейрохирургия"
- Гистиоцитоз из клеток Лангерганса
- Болезнь Фабри
- Диабетическая нефропатия
- Первичный гиперальдостеронизм
- Сахарный диабет при беременности, в родах и послеродовом периоде
- Синдром Гийена-Барре
- Транзиторная ишемическая атака
- Артериальная гипертензия
- Артериальная гипертензия у детей и подростков
- Ведение женщин фертильного возраста с пороками сердца, в том числе беременных
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
- Гипертензивный криз
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Легочная гипертензия
- Облитерирующий тромбоангиит (болезнь Винивартера - Бюргера)
- Реноваскулярная гипертензия
- Синдром Рейно
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Хроническая болезнь почек у детей
- Ахалазия кардии
- Гастродуоденальный стеноз
- Мегаколон, долихоколон
- Механическая желтуха
- Перекрестный (overlap) синдром
- Системная красная волчанка (педиатрия)
- Ювенильная локальная склеродермия
- Ювенильный системный склероз
- Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
- Ведение детей с пересаженной почкой
- Изолированная протеинурия (педиатрия)
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Нефротический синдром у детей
- Острая почечная недостаточность у детей
- Острое отторжение почечного трансплантата у детей
- Хроническая трансплантационная нефропатия
- Хронический нефритический синдром у детей
- Артериальная гипертензия у беременных
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Многоплодная беременность
- Недостаточный рост плода (внутриутробная задержка развития плода)
- Патология плаценты
- Преждевременный разрыв плодных оболочек
- Феохромоцитома
Қарсы көрсеткіштері
| Қолдануға
болмайтын жағдайлар - әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - дигидропиридиндерге жоғары сезімталдық - кардиогендік шок - аорта сағасының айқын стенозы - тұрақсыз стенокардия - миокард инфарктісінің жедел кезеңі (алғашқы 4 апта ішінде), миокард инфарктісінің салдарлы профилактикасы үшін тағайындалмайды - рифампицинді бір мезгілде қолдану - бауыр жеткіліксіздігі - анамнезінде асқазан-ішек бітелісі, өңештің бітелісі бар немесе асқазан-ішек жолы саңылауы диаметрінің кез келген дәрежедегі кішіреюі болатын пациенттер - Кокк резервуары бар пациенттер (проктоколэктомиядан кейінгі илеостома) - ішектің қабыну аурулары немесе Крон ауруы - жүктілік және бала емізу кезеңі - 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер - галактозаның сирек тұқым қуалайтын жағымсыздығы, лактаза тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы синдромы (препарат құрамында лактоза бар). |
Қауіпсіздік шаралары
| Препаратты
артериялық қысымы өте төмен (ауыр артериялық гипотензия, систолалық
артериялық қысым 90 мм сын. бағ.-тан төмен), сондай-ақ жүрек қызметінің айқын
әлсіреуі (декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі) бар пациенттерге
сақтықпен тағайындайды. Айқын артериялық гипотензия (систолалық қысым 90 мм сын. бағ.-тан төмен), мидың қан айналымының ауыр бұзылыстары, айқын жүрек жеткіліксіздігі, ауыр аорталық стеноз, қант диабеті, бауыр мен бүйрек функциясының бұзылуы кезінде нифедипинді тек тұрақты клиникалық бақылау жағдайында және препараттың жоғары дозаларын қолданудан аулақ бола отырып қолдану қажет. Нифедипинді гемодиализ жүргізіліп жатқан пациенттерге, сондай-ақ қатерлі гипотензиясы немесе гиповолемиясы (айналымдағы қан көлемінің азаюы) бар пациенттерге ерекше сақтықпен тағайындау қажет, өйткені қан тамырларының кеңеюі артериялық қысымның едәуір төмендеуіне әкелуі мүмкін. Инфарктіден кейінгі кезеңде коронарлық ангиоспазмды емдеу кезінде нифедипинмен емдеуді миокард инфарктісінен кейін шамамен 3–4 апта өткен соң және коронарлық қан айналымы тұрақтанған жағдайда ғана бастау керек. Грейпфрут шырыны нифедипиннің метаболизмін тежейді, соның нәтижесінде оның қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылап, гипотензиялық әсері күшеюі мүмкін. Асқазан-ішек жолының айқын тарылуы бар пациенттерде обструкциялық симптомдардың даму қаупіне байланысты препаратты сақтықпен қолдану қажет. Өте сирек жағдайларда хирургиялық араласуды талап етуі мүмкін безоарлар түзілуі мүмкін. Препаратты мықынішектік резервуары (проктоколэктомиядан кейінгі илеостома) бар пациенттерге қолдануға болмайды. Бауыр функциясы бұзылған пациенттер мұқият бақылауды қажет етеді, ал ауыр жағдайларда препарат дозасын төмендету қажет. Жекелеген in vitro зерттеулер кальций антагонистерін, атап айтқанда нифедипинді қолдану мен сперматозоидтардың ұрықтандыру қабілетін төмендететін қайтымды биохимиялық өзгерістер арасында байланыс бар екенін көрсетті. Егер in vitro ұрықтандыру әрекеттері басқа себептер болмаған жағдайда сәтсіз болса, кальций антагонистерін, соның ішінде нифедипинді, осы құбылыстың ықтимал себебі ретінде қарастыруға болады. Егер бұрын нифедипинді қолдану мен ишемиялық ауырсынудың арасында байланыс болуы мүмкін деп болжанса, препаратты қолдануға болмайды. Стенокардиясы бар пациенттерде, әсіресе емнің басында, ұстамалар жиілеп, олардың ұзақтығы мен қарқындылығы артуы мүмкін. Құрамында нифедипин бар дәрілік препараттарды стенокардияның жедел ұстамасы кезінде қолдануға болмайды. Нифедипинді қант диабеті бар пациенттерде қолдану диабетке қарсы емді түзетуді талап етуі мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Дигоксин Нифедипин қан плазмасындағы дигоксин концентрациясын арттыруы мүмкін. Нифедипинмен емдеуді бастағанда, оның дозасын арттырғанда немесе емдеуді тоқтатқанда қан плазмасындағы дигоксин концентрациясын бақылап, қажет болған жағдайда оның дозасын түзету керек. Магний сульфаты Нифедипин магний сульфатының уытты әсерін күшейтіп, жүйке-бұлшықет бөгелісін туындатуы мүмкін. Нифедипин мен магний сульфатын бір мезгілде қолдану қауіпті және пациенттің өміріне қауіп төндіруі мүмкін, сондықтан оларды бірге қолдану ұсынылмайды. Циметидин Нифедипин мен циметидинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы нифедипин концентрациясының жоғарылауына және оның гипотензиялық әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Циметидин CYP3A4 цитохромы изоферментінің белсенділігін тежейді. Хинупристин, далфопристин Хинупристин мен далфопристин қан плазмасындағы нифедипин деңгейін жоғарылатуы мүмкін. Фенитоин, карбамазепин Нифедипинді қолдану қан плазмасындағы карбамазепин мен фенитоин концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін. Хинидин Нифедипин қан сарысуындағы хинидин концентрациясын төмендетуі мүмкін, ал хинидин өз кезегінде пациенттің нифедипинге сезімталдығын арттыруы мүмкін. Теофиллин Нифедипин мен теофиллинді бір мезгілде қолданғанда теофиллиннің қан плазмасындағы концентрациясы жоғарылауы, төмендеуі немесе өзгеріссіз қалуы мүмкін. Қан плазмасындағы теофиллин концентрациясын бақылау және қажет болған жағдайда оның дозасын түзету ұсынылады. Рифампицин мен нифедипинді бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы нифедипин концентрациясының төмендеуіне және соның салдарынан оның емдік әсерінің әлсіреуіне әкелуі мүмкін. Дилтиазем нифедипиннің шығарылуын баяулатады, бұл нифедипин дозасын төмендетуді талап етуі мүмкін. Винкристинді нифедипинмен бірге қолданғанда винкристиннің шығарылуы баяулауы мүмкін. Цефалоспориндер Нифедипинді цефалоспориндермен бірге қолданғанда қан плазмасындағы цефалоспориндердің деңгейі жоғарылауы мүмкін. Итраконазол, эритромицин, кларитромицин Нифедипинді итраконазолмен (сондай-ақ басқа азолды зеңге қарсы препараттармен), эритромицинмен немесе кларитромицинмен бірге қолдану (осы препараттар CYP3A4 цитохромы изоферментінің белсенділігін тежейді) қан плазмасындағы нифедипин концентрациясының жоғарылауына және оның әсерінің күшеюіне әкелуі мүмкін. Циклоспорин, ритонавир немесе саквинавир Нифедипиннің қан сарысуындағы концентрациясы мен оның әсері циклоспоринмен, ритонавирмен немесе саквинавирмен бірге қолданғанда да күшеюі мүмкін, өйткені бұл препараттар CYP3A4 цитохромы изоферментінің белсенділігін тежейді. Такролимус Бауыр трансплантациясы жасалған және такролимус пен нифедипинді бір мезгілде қабылдаған пациенттерде қан сарысуындағы такролимус концентрациясының жоғарылауы байқалған (такролимус CYP3A4 цитохромы арқылы метаболизденеді). Фентанил Нифедипин қабылдап жүрген пациенттерде фентанил артериялық гипотензияны туындатуы мүмкін. Фентанилдік анестезия қолданылатын жоспарлы операцияға кемінде 36 сағат қалғанда нифедипинді қабылдауды тоқтату қажет. Кумарин типті антикоагулянттарды қабылдайтын пациенттерде нифедипинді енгізгеннен кейін протромбин уақытының ұзаруы байқалған. Метахолин Нифедипин бронхтардың метахолинге жауап реакциясын өзгертуі мүмкін. Сондықтан метахолинмен спецификалық емес бронхопровокациялық сынама жүргізер алдында (мүмкіндігінше) нифедипинмен емдеуді тоқтату қажет. Басқа ықтимал өзара әрекеттесулер Кальций антагонисі нимодипинді қолдану тәжірибесіне сүйене отырып, нифедипин үшін де келесі өзара әрекеттесулер болуы мүмкін: карбамазепин, фенобарбитал – қан плазмасындағы нифедипин деңгейінің төмендеуі; макролидтермен (әсіресе эритромицинмен), флуоксетинмен, нефазодонмен немесе вальпрой қышқылымен бір мезгілде қолданғанда – қан плазмасындағы нифедипин деңгейінің жоғарылауы. Грейпфрут шырыны қан сарысуындағы нифедипин концентрациясын арттырып, оның гипотензиялық әсерін және вазодилатациямен байланысты жағымсыз әсерлерінің жиілігін күшейтуі мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек функциясының бұзылыстары бар пациенттерде дозаны түзету қажет емес. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр функциясының жеңіл дәрежедегі бұзылыстары бар пациенттерде нифедипиннің дозасын төмендету қажет. Орташа және ауыр дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде препаратты қолдануға қарсы көрсетілген. |
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі: бас ауыруы; ісінулер (оның ішінде шеткергі ісіну). Жиі: вертиго; бас айналуы; әлсіздік; жүрек қағуын сезіну; вазодилатация (мысалы, қан кернеуі); іш қату; жүрек айнуы; эритромелалгия (әсіресе емдеудің басында); тершеңдік; жалпы дімкәстік. Жиі емес: аллергиялық реакциялар; аллергиялық ісіну/ангионевроздық ісіну (оның ішінде көмейдің ісінуі¹); қышыну; бөртпе; үрейлену сезімі; ұйқының бұзылуы; бас сақинасы; тремор; парестезия/дизестезия; ұйқышылдық/шаршағыштық; күйгелектік; көрудің бұзылуы; тахикардия; кеуде қуысының ауыруы (стенокардия²); артериялық гипотензия; естен тану; мұрыннан қан кету; мұрынның бітелуі; ентігу; асқазан-ішек жолындағы және іштің ауыруы; диспепсия; метеоризм; ауыздың құрғауы; бауыр ферменттері деңгейінің уақытша жоғарылауы; эритема; бұлшықет құрысулары; буындардың ісінуі; миалгия; полиурия; дизурия; бүйрек жеткіліксіздігі кезінде бүйрек функциясының уақытша нашарлауы мүмкін; эректильді дисфункция; спецификалық емес ауырсыну; қалтырау. Сирек: лейкопения; анемия; тромбоцитопения; тромбоцитопениялық пурпура; есекжем; гипергликемия; қызыл иектің гиперплазиясы; анорексия; асқазанның толып кету сезімі; кекіру; сарғаю; аллергиялық фотосезімталдық; пальпацияланатын пурпура; гинекомастия (нифедипинді тоқтатқаннан кейін қайтымды). Өте сирек: агранулоцитоз; миокард инфарктісі²; эксфолиативті дерматит. Жиілігі белгісіз: анафилаксиялық/анафилактоидтық реакциялар; гипестезия; көздің ауыруы; өкпенің ісінуі³; безоар; дисфагия; ішек өтімсіздігі; ішек ойық жарасы; құсу; эзофагит; уытты эпидермалық некролиз; артралгия. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Дозалау
режимі Жүректің ишемиялық ауруын емдеу үшін препаратты тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан (20 мг дозасы) немесе тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан (10 мг дозасы) қабылдау ұсынылады (тәуліктік доза – 40 мг). Егер препараттың жоғарырақ дозалары қажет болса, дозаны ең жоғары тәуліктік доза – 60 мг-ға дейін біртіндеп арттыру керек. Артериялық гипертензияны емдеу үшін нифедипинді тәулігіне 2 рет 1 таблеткадан (20 мг дозасы) немесе тәулігіне 2 рет 2 таблеткадан (10 мг дозасы) қабылдау ұсынылады (тәуліктік доза – 40 мг). |
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.