C03EA01 Гидрохлоротиазид және триамтерен (Hydrochlorothiazide and Triamterene)

Қолдану көрсеткіштері

Артериялық гипертензия. Жүрек, бауыр немесе бүйрек ауруларынан туындайтын ісінулер.
    Клинические протоколы:
  1. Артериальная гипертензия у детей и подростков

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді заттарға,  препараттың қосымша компоненттеріне немесе сульфаниламидтерге жоғары сезімталдық, гиперкалиемия, емге төзімді гипокалиемия, ауыр гипонатриемия, гиповолемия, қант диабетінің және подаграның ауыр түрі, симптоматикалық гиперурекемия және Аддисон ауруы.

Қауіпсіздік шаралары

Қалдық азотты, электролиттердің концентрациясын, әсіресе калийдің, креатининнің, липидтердің, қанттың және қандағы несеп қышқылының көрсеткіштерін жүйелі бақылау қажет. Триамтерен фолий қышқылының әлсіз антагонисі болғандықтан, мегалобластоз дамуы мүмкін. Диуретиктерді созылмалы қолданғанда ісінумен бірге Барттер жалған синдромы пайда болуы мүмкін. Қалқанша маңы без қызметін тексерудің алдында және қант жүктемесімен сынама жүргізгенге дейін  препаратпен емдеуді тоқтатады, себебі жалған көрсеткіштер алынуы мүмкін. Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа гипотензивтік заттар, несеп айдайтын, қантамырларды кеңейтетін, ОЖЖ қызметін тежейтін дәрілер- гипотензивті әсерінің күшеюі. Индометацин - шумақтық сүзілістің төмендеуі, нефроуыттылығының күшеюі. СЕҚҚП, ревматизмге қарсы препараттар - препараттың гипотензивтік және несеп айдайтын әсерінің төмендеуі. Диабетке қарсы заттар, аллопуринол, норадреналин, адреналин - олардың терапевтикалық әсерінің төмендеуі. Литий - литийдің кардиоуытты және нейроуытты әсерінің  күшеюі.  Кураре тәрізді заттар - бұлшықет релаксанттары әсерінің күшеюі. Цитостатиктер-  миелосупрессия күшеюі.Маңызды!  Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Креатинин клиренсі 30 мл/минуттан төмен және сарысудағы креатинин деңгейі 1,8 мг/дл жоғары болғанда қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Бауыр қызметінің ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген. Электролиттік теңгерімнің бұзылуына байланысты ұрыққа жағымсыз ықпалын тигізуі және плацентаның қанмен қамтамасыз етілуі нашарлауы мүмкін.

Емізу

Қарсы көрсетілген. Препаратты қабылдау қажет болғанда бала емізуді тоқтату қажет.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: ауыздың  құрғауы, шөлдеу, жүректің айнуы, құсу, іштің жоғарғы жағының ауыруы, іштің шаншып ауыруы, іш қатумен және ішінара ішектің бітелуімен паралитикалық ішектің бітелуінің дамуына дейін АІЖ тегіс бұлшықеттерінің адинамиясы, диарея, азот құрамды заттар және қант концентрациясының жоғарылауы, электролиттік теңгерімнің бұзылуы, қандағы холестерин мен триглицеридтердің жоғарылауы, терілік аллергиялық реакциялар.Сирек: қимыл-қозғалыс үйлесімсіздігі, ұйқышылдық, бұлшықеттердің ширығуы, бұлшықеттердің босаңсуы, бұлшықеттердің деформациясы, балтыр бұлшықеттерінің құрысуы, шаршау сезімі, бас ауыруы, ашушаңдық, жүрек қағуы, ЭКГ-дағы өзгерістер, артериялық қысымның төмендеуі, бас айналуымен, сана бұзылуымен немесе естен тануға бейімділікпен ортостатикалық реттелістің бұзылысы, айқындығы әлсіз көру бұзылыстары.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақтанудан кейін, шайнамай және жеткілікті мөлшердегі сумен ішеді. Дене салмағы 50 кг асатын балалар: ересектерге арналған дозада тағайындайды.  Дене салмағы 50 кг дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.