C02AC05 Моксонидин (Moxonidine)

Қолдану көрсеткіштері

Жеңіл немесе орташа, эссенциялық немесе бастапқы гипертензия.
    Клинические протоколы:
  1. Диабетическая нефропатия
  2. Артериальная гипертензия
  3. Трансплантация почки

Қарсы көрсеткіштері

әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- синустық түйін әлсіздігі синдромы немесе сино-жүрекшелік блокада
- 2-ші немесе 3-ші дәрежедегі атриовентрикулярлы блокада
- брадикардия (тыныш күйде минутына 50 ретке дейін соғу)
- жүректің ауыр жеткіліксіздігі (4.4 бөлімін қараңыз)
- бүйректің ауыр дисфункциясы (КК < 30 мл/мин, сарысудағы креатинин концентрациясы > 160 мкмоль/л)
- жүктілік және бала емізу кезеңі
- балалар және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер

Қауіпсіздік шаралары

Маркетингтен кейінгі кезеңде моксонидинмен емдеуден өтетін пациенттерде әртүрлі дәрежедегі АВ блокадасының жағдайлары аталды. Осы жағдайлар жөніндегі хабарламалар негізінде атриовентрикулярлы өткізгіштік кідірісінде моксонидиннің себептік рөлін толық жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан АВ блокадасының дамуына бейімділігі болуы мүмкін пациенттерді емдеуде сақ болуға кеңес беріледі. Моксонидинді 1-ші дәрежедегі АВ-бөгеті бар пациенттерде пайдалану кезінде брадикардияны болдырмау үшін ерекше сақ болу керек. Моксонидинді өте жоғары дәрежедегі АВ-бөгеттерінде пайдалануға болмайды.
Моксонидинді ауыр ишемиялық жүрек ауруы немесе тұрақсыз стенокардия бар пациенттерде қолданғанда пациенттердің осы қауымында моксонидинді қолдану тәжірибесінің шектеулі екеніне байланысты ерекше сақтық таныту керек.
Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Көлік құралын немесе механизмдерді басқару қабілетіне зерттеулер жүргізілмеген. Ұйқышылдық және бас айналу туралы хабарланды. Бұл осындай міндеттерді орындау барысында ескерілу керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Гипертензияға қарсы басқа препараттарды бір мезгілде қабылдау Моксонидин гипотензиялық әсерін күшейтеді.
Трициклды антидепрессанттар орталық әсер ететін гипертензияға қарсы дәрілер тиімділігін төмендетуі мүмкін екендіктен, моксонидинмен бірге трициклды антидепрессанттарды тағайындау ұсынылмайды.
Моксонидин трициклды антидепрессанттар, транквилизаторлар, алкоголь, тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілердің (бір мезгілде тағайындалмау керек) тыныштандыру әсерін күшейтуі мүмкін.
Моксонидин лоразепам қабылдаған субъектілерде когнитивтік функциялар бұзылуын орташа күшейтті. Моксонидин бір мезгілде тағайындағанда бензодиазепиндердің тыныштандыру әсерін күшейтуі мүмкін.
Моксонидин тубулярлық экскреция арқылы шығарылады. Шығарылу жолы бірдей препараттармен өзара әрекеттесуі жоққа шығарылмайды. Орташа жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттердің қауіпсіздігін растайтын клиникалық деректер болмауына орай, Моксонидин осындай пациенттерде сақтықпен қолданылу керек.
Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына орай, балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде Моксонидин пайдалануға болмайды.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Моксонидинді бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге тағайындағанда сақ болуға кеңес беріледі, өйткені моксонидин көбінесе бүйрек арқылы шығарылады. Бұл пациенттерде дозаны, әсіресе, емнің басында мұқият титрлеу ұсынылады. Дозалауды күніне 0,2 мг-ден бастау керек, ал орташа бүйрек жеткіліксіздігі бар (КК 30 мл/минуттан жоғары, бірақ 60 мл/мин төмен) пациенттер үшін, егер ол клиникалық тұрғыда көрсетілсе және жағымдылығы жақсы болса, күніне көп дегенде 0,4 мг дейін арттыруға болады.
Егер моксонидин бета-блокатормен біріктірілімде пайдаланылса және екі емдеу курсын да тоқтату керек болса, алдымен бета-блокаторды, ал одан кейін моксонидинді бірнеше күн өткен соң тоқтату керек.
Қазіргі уақытқа дейін моксонидинді қабылдау тоқтатылғанда тоқтату синдромы байқалмады. Алайда, моксонидинмен емдеуді күрт тоқтату ұсынылмайды; оның орнына доза екі апта ішінде біртіндеп азайтылуы тиіс.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде Моксонидин қолдану жөнінде деректер жоқ. Ықтималды қаупі белгісіз.

Емізу

Моксонидин емшек сүтімен бөлінеді, осыған байланысты, оны лактация кезінде қолдануға болмайды. Егер Моксонидин қолданумен ем абсолютті қажеттілік болып саналса, лактацияны тоқтату керк.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі
– ауыз кеберсуі
Жиі
– бас айналу, вертиго, бас ауыру, ұйқышылдық, ұйқысыздық, астения
– диарея, жүрек айну, құсу, диспепсия
– бөртпе, қышыну
– арқаның ауыруы
Жиі емес
– брадикардия, гипертензия (ортостаздық түрін қоса)
– ангионевроздық ісіну, шеткері ісінулер
– мойын аумағының ауыруы
– құлақтағы шыңыл
– күйгелектік, естен тану

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер мен егде жастағы пациенттер: емдеу таңертең Моксонидин 0,2 мг дозасынан басталу керек. Үш аптадан соң дозаны 0.4 мг дейін арттыруға, қанағаттанарлық жауапқа жеткенше бір реттік доза түрінде немесе бөлінген (таңертең және кешкі) дозалар түрінде енгізуге болады.
Егер үш апта емделуден кейін әсері қанағаттанғысыз күйде қалса, дозаны бөлінген (таңертең және кешкі) дозалардағы 0,6 мг дейін арттыруға болады.
Моксонидин бір реттік дозасы 0,4 мг және бөлінген (таңертең және кешкі) дозалардағы тәуліктік дозасы 0,6 мг мөлшерінен аспауы тиіс.

Балаларда қолданылуы

Қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы деректердің болмауына байланысты, Моксонидин балалар және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды.