C02AB01 Метилдопа (Methyldopa)
Қолдану көрсеткіштері
Артериялық гипертензия.
-
Клинические протоколы:
- Диабетическая нефропатия
- Артериальная гипертензия
- Хроническая болезнь почек у взрослых
- Артериальная гипертензия у беременных
Қарсы көрсеткіштері
| белсенді немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - анамнезіндегі дәрілік препарттардан туындаған гепатит немесе метилдопаны бұрын қолданумен байланысты бауыр функциясының бұзылуы - бауыр ауруының белсенді сатысы (белсенді гепатит немесе белсенді цирроз) - моноаминооксидаза тежегіштерімен қатарлас емдеу - ауыр депрессия - катехоламиндер түзіп шығаратын ісіктер: феохромоцитома немесе параганглиома - порфирия -гемолиздік анемия - 18 жасқа дейінгі балалар жасында. Бұл препаратты алкогольді сусындармен немесе құрамында алкоголь бар дәрілік препараттармен бірге қабылдау ұсынылмайды. |
Қауіпсіздік шаралары
| Қан тарапынан бұзылулар Құрамында метилдопа бар препараттармен емдеу үдерісінде сирек жағдайларда гемолиздік анемия дамуы мүмкін. Гемолиздік анемияға нұсқайтын симптомдар дамыған жағдайда гематокрит пен гемоглобин деңгейін анықтау керек. Анемия расталған жағдайда, әрі қарай гемолизді дәлелдейтін зерттеулер жүргізу керек. Егер гемолиздік анемия расталса, метилдопаны қабылдауды дереу тоқтату керек. Препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін гемолиздік анемия кортикостероидтармен емдеу көмегімен немесе онсыз тез қайтады. Алайда сирек жағдайларда өліммен аяқталу оқиғалары байқалды. Егер гемолиздік анемия метилдопа қабылдаудан туындаса, пациент әрі қарай осы препаратты қабылдауына болмайды. Метилдопаны ұзақ уақыт қабылдағанда кейбір пациенттерде Кумбстің оң тестісі байқалуы мүмкін. Кумбстің оң тестісі әдеби деректер бойынша осы препаратты қабылдайтын 10-20% пациентте болуы мүмкін. Кумбстің оң тестісі емдеудің алғашқы 6 айының ішінде сирек кездеседі. Егер ол 12 ай ішінде дамымаса, осы препаратты әрі қарай қабылдағанда оның даму мүмкіндігі төмен. Кумбстің оң тестісі дозаға байланысты, тәулігіне 1 г-нан аз дозада оның даму ықтималдығы төмен. Метилдопамен емдеу аясында дамыған Кумбстің оң тестісі препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін тек бірнеше аптадан немесе айдан кейін теріс болуы мүмкін. Емдеу курсын бастар алдында, сондай-ақ метилдопамен емдеудің 6 және 12 айында қанның формалық элементтерінің санын тексеру және Кумбстің тікелей тестісін жасау керек. Бұрын Кумбстің оң тестісінің болуы немесе оның емдеу аясында пациентте дамуы метилдопамен емдеу үшін өз алдына қарсы көрсетілім болып табылмайды. Егер Кумбс тестісі метилдопа препаратымен емдеу аясында оң болса, гемолиздік анемияның барын және Кумбстің оң тестісінің клиникалық мәнін тексеру керек. Кумбстің оң тестісінің бары туралы ақпарат қанның үйлесімділігіне айқаспалы сынаманы бағалауда көмектеседі. Метилдопа қабылдайтын пациентке қан құю қажет болғанда Кумбстің тікелей және тікелей емес тестілерін жасау керек. Гемолиздік анемия болмаған жағдайда әдетте тек Кумбстің тікелей тестісі оң болады. Өздігінен Кумбстің тікелей тестісі қанның типтелуіне немесе айқаспалы үйлесімділігіне әсер етпейді. Егер Кумбстің тікелей емес тестісі де оң болса, гематолог немесе трансфузиолог маманның кеңесі қажет. Емдеу кезінде лейкопения, гранулоцитопения және тромбоцитопенияның сирек жағдайлары болуы мүмкін. Әдетте гранулоциттер саны метилдопаны қабылдауды тоқтатқаннан кейін қалпына келеді. Тромбоцитопения да қайтымды сипатқа ие. Анестезия Метилдопа қабылдап жүрген пациенттерде анестетиктердің дозасын төмендету қажет болуы мүмкін. Егер анестезия кезінде гипотензия дамыса, оны түзету үшін қантамырларды тарылтатын препараттарды енгізуге болады. Метилдопаны қолдану кезінде адренергиялық рецепторлардың сезімталдығы сақталады. Ісінулер Кейбір пациенттерде метилдопаны қабылдау кезінде ісінулер немесе дене салмағының артуы байқалуы мүмкін; мұндай жағдайларда диуретиктер тағайындау керек. Ісінулер күшейгенде немесе жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары дамығанда метилдопамен емдеуді жалғастыруға болмайды. Қауіпі жоғары топтар Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде метилдопаның дозасын төмендету керек. Метилдопа диализ кезінде шығарылады. Сондықтан осы емшарадан кейін гемодиализдегі пациенттерде артериялық қысым жоғарылауы мүмкін. Егде жастағы пациенттерде препараттың төменірек дозаларын қолдану керек, өйткені олар препаратқа сезімтал келеді (синкопе). Ми қантамырларының ауыр екіжақты зақымдануы бар пациенттерде сирек жағдайларда еріксіз хореоатетоздық қимылдар пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайда емдеуді тоқтату қажет. Метилдопамен емдеуден кейін депрессияның дамуы туралы хабарламалар бар. Әсіресе анамнезінде депрессиясы бар пациенттерде депрессия симптомдарының дамуына бақылау жүргізу қажет. Зертханалық талдау нәтижелері Метилдопа несептегі несеп қышқылын фосфовольфрам қышқылы әдісімен анықтау, қан сарысуындағы креатининді сілтілі-пикраттық әдіспен анықтау және АСТ ферментін колориметриялық әдіспен анықтау нәтижелеріне әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта метилдопаның АСТ-ны спектрофотометриялық анықтау нәтижелеріне әсер ететіні туралы деректер жоқ. Метилдопаның катехоламиндермен бірдей толқын ұзындығында флуоресценция беруіне байланысты, оны қолдану феохромоцитома немесе параганглиома сияқты катехоламиндер өндіретін ісіктердің диагностикасын қиындатуы мүмкін. Метилдопа несептегі ВМК (ванилилминдаль қышқылы) мөлшерін анықтау нәтижелеріне әсер етпейді. Сирек жағдайларда несептің ауа әсерінен күңгірттенуі байқалады, бұл, ықтималды түрде, метилдопа мен оның метаболиттерінің ыдырауына байланысты. Емдеу кезінде алкоголь тұтынуға тыйым салынады. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Метилдопаны бір мезгілде қабылдауға болмайды: моноаминоксидаза тежегіштерімен алкогольмен Келесі препараттармен бір мезгілде қолдану айрықша сақтықты талап етеді. Метилдопаның гипотензивті әсерін төмендететін препараттар: симпатомиметиктер (жоғары прессорлық реакция) трициклді антидепрессанттар фенотиазиндер (сонымен қатар аддитивті гипотензивті әсері де мүмкін) темірдің пероральді препараттары (темір(II) сульфаты және темір(II) глюконаты) (метилдопаның биожетімділігін төмендетуі мүмкін) қабынуға қарсы стероидты емес препараттар кортикостероидтар (гидрокортизонды қоспағанда) (су мен тұздың іркілуі салдарынан) эстрогенді препараттар Метилдопаның гипотензивті әсерін күшейтетін препараттар: басқа да гипотензивті препараттар (гипотензивті әсері жинақталуы мүмкін) анестетиктер баклофен (антигипертензивтік әсерінің күшеюі), артериялық қысымды мониторингтеу және дозаны өзгерту қажет болуы мүмкін амифостин Метилдопа және келесі препараттар бір-бірінің әсерін өзгертуі мүмкін: литий препараттары (литиймен уыттану дамуы мүмкін) леводопа (паркинсонға қарсы әсері төмендеуі және орталық жүйке жүйесіне жағымсыз әсері күшеюі мүмкін) орталық жүйке жүйесін бәсеңдететін препараттар (морфин туындылары /анальгетиктер, жөтелді басатын дәрілер/, бензодиазепиндер, бензодиазепинге қатысы жоқ анксиолитиктер, ұйықтататын дәрілер, нейролептиктер, седативті антигистаминдік препараттар (Н1), седативті антидепрессанттар, баклофен, талидомид) антикоагулянттар (антикоагулянттық әсерінің күшеюі, қан кету қаупі) бромокриптин (пролактин концентрациясына жағымсыз әсер етуі мүмкін) галоперидол (когнитивті функциялардың бұзылуы мүмкін - бағдарсыздық және ойлау үдерісінің баяулауы). |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек жеткіліксіздігінде метилдопа дозасын азайту керек. Метилдопа диализ кезінде шығарылады. Сондықтан осы емшарадан кейін гемодиализдегі пациенттерде артериялық қысым жоғарылауы мүмкін. Төмендетілген дозаларды қолдану керек, өйткені метилдопа организмнен бүйрекпен шығарылады. Ауырлығы жеңіл дәрежедегі бүйрек функциясының бұзылуында (шумақтық сүзіліс жылдамдығы ШСЖ = 60-89 мл/мин/1,73 м2) қабылдау арасындағы 8 сағаттық аралықты, ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінде (ШСЖ = 30-59 мл/мин/1,73 м2) 8-12 сағат аралықты, ал ауыр дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігінде (ШСЖ < 30 мл/мин/1,73 м2) 12- 24 сағат аралықты сақтау керек. Метилдопа гемодиализ кезінде шығарылатын болғандықтан, осы емшарадан кейін артериялық қысымның жоғарылауынан сақтану үшін пациентке 250 мг қосымша дозаны тағайындау керек. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Кейбір
жағдайларда, емдеудің алғашқы үш аптасы ішінде, эозинофилия және бауыр функциясының
бұзылуымен қатар жүретін қызба дамуы мүмкін. Сондай-ақ температураның
жоғарылауымен немесе онсыз сарғаю дамуы мүмкін. Осы симптомдар әдетте емнің
2-ші – 3-ші айларында дамиды. Кейбір жағдайларда симптомдардың холестазбен байланысты
болғаны анықталды. Сирек жағдайларда өліммен аяқталатын бауыр некрозының
дамуы туралы хабарланды. Бауыр функциясының бұзылуы бар кейбір пациенттерде биопсия алынды. Гистологиялық зерттеулер аса жоғары сезімталдық реакциясына тән микроскопиялық фокальді некрозды анықтады. Метилдопамен емді бастар алдында және емдеу курсының алғашқы 6–12 аптасы бойы, сондай-ақ этиологиясы белгісіз қызба дамығанда кез келген уақытта бауыр функциясын анықтауға тестілер, сондай-ақ қанның сапалық және сандық талдауын жасау ұсынылады. Қызба пайда болған жағдайда, бауыр ферменттерінің белсенділігі өзгергенде немесе сарғаюда метилдопамен емдеуді дереу тоқтату керек. Егер осы жағдай аса жоғары сезімталдық реакциясымен туындаса, температураның жоғарылауы және зертханалық параметрлерінің өзгеруі препаратты қабылдауды тоқтатқаннан кейін қайтады. Осындай пациенттерге бұдан былай метилдопаны тағайындауға болмайды. Анамнезінде бауыр ауруы немесе функциясының бұзылуы бар пациенттерге аталған препаратты аса сақтықпен тағайындау керек. |
Жүктілік
| Эксперименттік деректер тератогендік әсерді анықтаған жоқ. Жүктілік кезіндегі гипертензияны емдеу үшін метилдопаны қолдану мұқият бақыланды. Қолда бар деректер ұрықтың даму ауытқуының немесе фетоуытты әсерлердің белгілерін анықтаған жоқ. Метилдопаны жүктіліктің барлық триместрлері кезінде қолдану туралы әдебиет деректері негізінде, шарананың зақымдану ықтималдығы өте аз тәрізді. Тератогенділігі туралы бірдей деректердің болмауына қарамастан, тек эпидемиологиялық деректердің негізінде ғана шарананың зақымдану мүмкіндігін жоққа шығаруға болады. Препаратты жүкті әйелдерге, жүктілікті жоспарлаған әйелдерге және жүкті болу мүмкіндігі бар әйелдерге, тек емнің күтілген пайдасы болуы мүмкін қауіптен артық болған жағдайда ғана тағайындауға болады. |
Емізу
| Метилдопа плацента арқылы өтеді және кіндікбау қанында және емшек сүтінде елеусіз мөлшерде анықталады. Метилдопаны бала емізетін аналарға тек емнің күтілетін пайдасы мен болуы мүмкін қаупін мұқият салыстырғаннан кейін ғана тағайындауға болады. |
Жағымсыз әсерлері
| Сирек: -гемолиздік анемия, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения Өте сирек: -паркинсонизм - стенокардияның күшеюі -панкреатит - гепатит, бауыр некрозы Жиілігі белгісіз: -сілекей бездерінің қабынуы - сүйек кемігінің бәсеңдеуі, эозинофилия - васкулит, дәрілік заттарды қабылдаумен шартталған қызба - гиперпролактинемия - әдетте айқын емес қорқынышты түстер көру, өтпелі психоз немесе депрессия - бет жүйкесінің шеткері парезі, сылбырлық, ырықсыз хореоатетозды қимылдар, ми қанайналымы жеткіліксіздігінің симптомдары (гипотензиямен байланысты болуы мүмкін), бас ауыруы, седация (әдетте өтпелі), бас айналуы, парестезия, психикалық белсенділігі нашарлауы - іркілген жүрек жеткіліксіздігі, каротидті синус сезімталдығының жоғарылауы, АВ блокадасы, синустық брадикардия, миокардит, перикардит - ортостатикалық гипотензия (бұл кезде дозаны төмендету ұсынылады), ісінулер, дене салмағының артуы. Ісінулер және дене салмағының артуы әдетте диуретиктермен жақсы емделеді. Егер ісінулер айқынырақ байқалса, сондай-ақ жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары пайда болса, метилдопамен емдеуді тоқтату керек; - мұрынның бітелуі - колит, құсу, диарея, тілдің ауыруы немесе қараюы, жүрек айнуы, іш қату, іштің кебуі, метеоризм, ауыздың құрғауы -холестаз, сарғаю, бауырдың функциональді сынамаларының бұзылуы - жегіге ұқсас синдром, уытты эпидермалық некролиз, экзема, лихеноидты бөртулер, ангионевроздық ісіну, есекжем - елеусіз артралгия, буындардың ісінуімен немесе онсыз, бұлшықет ауыруы - импотенция, эякуляция бұзылулары, либидо төмендеуі, сүт безінің ұлғаюы, гинекомастия, галакторея, аменорея - астения, әлсіздік - Кумбстің оң тесті, антиядерлық антиденеге оң тест, қызыл жегі жасушалары (LE), ревматоидты факторға оң реакция; қанның қалдық азотының жоғарылауы. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Препараттың дозасы мен емдеу ұзақтығын дәрігер пациенттің клиникалық жағдайына байланысты жеке анықтайды. Ересектер Ұсынылатын бастапқы доза - алғашқы екі күн ішінде тәулігіне 2-3 рет 250 мг. Кейін артериялық қысымның төмендеу дәрежесіне байланысты тәуліктік доза әр екі күн сайын арттырылуы немесе азайтылуы мүмкін. Емнің басында және дозаны арттырғанда болуы мүмкін седативті әсердің айқындылығын азайту үшін алдымен кешкі дозаны арттырады. Әдетте ұсынылатын демеуші доза - тәулігіне 2-4 рет 500-2000 мг. Ең жоғары тәуліктік доза 3 г құрайды. Препарат тәулігіне 2 г дозада жеткілікті тиімді болмаған жағдайда, оны басқа гипотензивті препараттармен біріктіріп қолдану ұсынылады. Емнің 2-3 айынан кейін толеранттылық дамуы мүмкін. Артериялық қысымды тиімді бақылауды диуретикті қосу немесе метилдопаның дозасын арттыру арқылы қалпына келтіруге болады. Метилдопаны тоқтатқаннан кейін артериялық қысым 48 сағат ішінде «кері әсер» құбылысы байқалмай, бастапқы деңгейіне оралады. Метилдопаны басқа гипотензивті препараттарды қабылдап жүрген пациенттерге де алдыңғы препаратты біртіндеп тоқтата отырып қолдануға болады. Мұндай жағдайларда ұсынылатын бастапқы доза тәулігіне 500 мг құрайды. Қажетті емдік әсерге қол жеткізу үшін дозаны кемінде екі күн аралықпен арттыруға болады. Егер метилдопа бұрын басталған гипотензивті емге қосымша ретінде қолданылса, біріктірілген емге асқынусыз көшу үшін гипотензивті препараттың дозасын өзгерту қажет болуы мүмкін. |
Балаларда қолданылуы
| 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер Балалардағы ұсынылатын бастапқы доза 2-4 қабылдауға дене салмағына қарай тәулігіне 10 мг/кг құрайды. Қажет болғанда тәуліктік дозаны емдеуге қалаған емдік жауапқа жеткенге дейін кем дегенде екі күн аралықпен біртіндеп жоғарылатуға (дене салмағына 65 мг/кг дейін) болады. Тәуліктік доза 3 г-нан аспауы тиіс. |