C01EB17 Ивабрадин (Ivabradine)
Қолдану көрсеткіштері
| Созылмалы тұрақты стенокардияны симптоматикалық емдеуде. Ивабрадин синустық ырғағы қалыпты және жүректің жиырылу жиілігі минутына ≥70 рет соғатын ересектерде созылмалы тұрақты стенокардияны симптоматикалық емдеу үшін қолданылады. Ивабрадин ді мына жағдайларда тағайындау керек: • ересектерде бета-адреноблокаторлар көтерімсіз болса немесе қарсы көрсетілімдері болған жағдайларда; • бета-адреноблокатордың оңтайлы дозасы аясында бақылануы жеткіліксіз пациенттерде бета-адреноблокаторлармен біріктіріп. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеу үшін. Ивабрадин синустық ырғағы бар және жүректің жиырылу жиілігі минутына ≥75 рет соғатын пациенттерде систолалық дисфункциямен жүретін жүректің созылмалы жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша II IV функционалдық класы) кезінде бета-адреноблокаторлармен емдеу кірістірілген стандартты еммен біріктірілімде, немесе бета-адреноблокаторларды қолдануға болмайтын, сондай-ақ, олар көтерімсіз болған жағдайларда қолданылады. |
-
Клинические протоколы:
- ИБС. Стабильная стенокардия напряжения
- Миокардиты
- Хроническая сердечная недостаточность
Қарсы көрсеткіштері
| Препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық; - емдеуді бастағанға дейін тыныштық күйдегі жүректің жиырылу жиілігі минутына 70 реттен аз соғуы; - кардиогендік шок; - жедел миокард инфарктісі; - ауыр артериялық гипотензия (<90/50 мм сын. бағ.); - бауырдың ауыр жеткіліксіздігі; - синустық түйін әлсіздігі синдромы; - синоатриальді блокада; - жүректің тұрақсыз немесе жедел жеткіліксіздігі; - пациентте жасанды ырғақ жетекшісінің болуы (жүректің жиырылу жиілігі тек кардиостимулятордың көмегімен ғана реттеледі); - тұрақсыз стенокардия; - III дәрежелі АВ блокада; - азолдар тобының зеңге қарсы дәрілері (кетоконазол, итраконазол), макролидтер тобының антибиотиктері (ішке қабылдауға арналған кларитромицин, эритромицин, джозамицин, телитромицин), АИТВ протеазасы тежегіштері (нелфинавир, ритонавир) және нефазодон сияқты Р450 3А4 цитохромының күшті тежегіштерімен бір мезгілде қолдану; жүректің жиырылу жиілігін төмендететін қасиеттері бар, CYP3A4 орташа тежегіштері болып табылатын верапамилмен немесе дилтиаземмен бір мезгілде қолдану; - жүктілік, бала емізу және ұрпақ өрбітетін жастағы, контрацепцияның тиісінше әдістерін пайдаланбайтын әйелдер; - тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылығы, Lapp-лактаза ферментінің тапшылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы бар адамдар. |
Қауіпсіздік шаралары
| Симптоматикалық созылмалы тұрақты стенокардиясы бар пациенттердегі клиникалық нәтижелерге жағымсыз әсері Ивабрадин созылмалы тұрақты стенокардияың тек симптоматикалық емі үшін қолданылады, өйткені, ол жүрек-қантамыр ауруларының нәтижесіне (мысалы, миокард инфарктісі немесе жүрек-қантамырлық себептерден болатын өлім) жағымды әсер етпейді. Жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) өлшеу Жүректің жиырылу жиілігінің уақыты жағынан айтарлықтай ауытқымалылығын ескере отырып, емдеуді бастаудың немесе дозасын титрлеу туралы шешім қабылдаудың алдында, ЖЖЖ сериялық өлшеу, ЭКГ немесе тәулік бойы амбулаториялық қадағалау жүргізілуі тиіс. Ондай анықтау жүректің жиырылу жиілігі баяу пациенттерге, әсіресе, егер ЖЖЖ минутына <50 соғуға баяуласа, немесе дозасын төмендеткеннен кейін жүргізілуі тиіс. Жүрек аритмиялары Ивабрадин жүрек аритмияларының емі немесе профилактикасы үшін тиімсіз және, тахиаритмия (мысалы, қарыншалық немесе қарыншаүстілік тахикардия) дамыған жағдайда, тиімділігін жоғалтуы мүмкін. Ивабрадин жүрекшелердің фибрилляциясы немесе синустық түйін функциясымен байланысты жүректің басқа аритмиялары бар пациенттерге ұсынылмайды. Ивабрадинді қабылдап жүрген пациенттерде, жүрекшелер фибрилляциясының даму қаупі жоғары. Жүрекшелер фибрилляциясы ивабрадинмен бір мезгілде амиодаронды немесе аритмияға қарсы I класты күшті препараттарды қабылдаған пациенттер арасында жиі кездескен. Ивабрадинмен емдеу кезінде пациенттерге жүрекшелер фибрилляциясының (тұрақты немесе пароксизмалық) анықталуына қатысты жүйелі түрде клиникалық қадағалау жүргізу ұсынылады, оған клиникалық көрсетілімдері (мысалы, стенокардия ағымының нашарлауы, жүрек соғуының күшеюі сезімінің пайда болуы, жүрек ырғағының жүйесіздігі) болған жағдайларда, ЭКГ бақылауы кірістірілуі тиіс. Пациенттер жүрекшелер фибрилляциясының белгілері мен симптомдарынан хабардар болуы тиіс, ондай симптомдар пайда болған жағдайда, олар дәрігерге хабарласуы керек. Егер емдеу кеізінде жүректшелердің фибрилляциясы туындаса, ивабрадинді ары қарай қолданғанда күтілетін пайдасының ықтимал қаупіне арақатынасы қайтадан мұқият қарастырылуы тиіс. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі және қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылулары (Гисс шоғырының сол жақ немесе оң жақ тармағының блокадасы) және қарыншалық диссинхрониясы бар пациенттер қатаң бақылауда болуы тиіс. II дәрежелі АВ блокадасы бар пациенттерге қолданылуы Ивабрадин II дәрежелі АВ блокадасы бар пациенттерге ұсынылмайды. Жүректің жиырылу жиілігі баяу пациенттерге қолданылуы Егер емдеу басталғанға дейін тыныштық күйіндегі ЖЖЖ минутына 70 реттен аз соғатын болса, ивабрадинді пациенттерге қолдануға болмайды. Егер емдеу аясында тыныштық күйіндегі жүректің жиырылу жиілігі тұрақты түрде минутына 50 реттен аз соғатын болса, немесе пациентте брадикардиямен байланысты (бас айналуы, шаршау немесе артериялық гипотензия сияқты) симптомдар туындаса, дозасын азайту немесе, егер жүректің жиырылу жиілігі минутына 50 реттен аз соғатын күйінде қалса, немесе брадикардия симптомдары сақталып қалса, емдеуді тоқтату қажет. Кальций өзекшелерінің блокаторларымен біріктірілімі Ивабрадинді ЖЖЖ сирететін, верапамил немесе дилтиазем сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларымен бір мезгілде қолдануға болмайды. Ивабрадинді нитраттармен және дигидропиридидер қатарына жататын амлодипин сияқты кальций өзекшелерінің блокаторларымен біріктіріп қолданғанда, жүргізіліп отырған емнің қауіпсіздік бейінінің өзгерістері байқалмаған. Дигидропиридиндік кальций өзекшелері блокаторларымен бір мезгілде қолдану ивабрадиннің тиімділігін арттыратыны анықталған жоқ. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі Ивабрадин тек жүректің тұрақты жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданылады. Ивабрадинді NYHA жіктемесі бойынша IV функционалдық класқа жататын жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолдану туралы мәліметтер шектеулі болғандықтан, пациенттердің аталған тобында сақтықпен қолдану керек. Инсульт Ивабрадинді инсультті бастан өткергеннен кейін бірден қолдану ұсынылмайды, өйткені, пациенттердің мұндай тобының қатысуымен зерттеулер жүргізілген жоқ. Көру функциясы Ивабрадин көздің торқабығының функциясына әсер етеді. Қазіргі кезде дейін көздің торқабығына ивабрадиннің уытты әсері анықталған жоқ, алайда, оны ұзақ уақыт (1 жылдан астам) қолданғанда, көздің торқабығына әсері белгісіз. Көру функцияларының осы нұсқаулықта сипатталмаған бұзылулары туындаған жағдайда, ивабрадинді қолдануды тоқтату мәселесін қарастыру қажет. Пигменттік ретиниті бар пациенттерге ивабрадинді сақтықпен қолдану керек. Қолдану кезіндегі сақтық шаралары Артериялық гипотензиясы бар пациенттер Мәліметтер саны жеткіліксіздігіне байланысты, ивабрадинді жеңіл және орташа артериялық гипотензиясы бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Ивабрадинді ауыр артериялық гипотензия (қан қысымы <90/50 мм сн. бағ.) кезінде қолдануға болмайды. Жүрекшелердің фибрилляциясы – жүрек аритмиялары Фармакологиялық кардиоверсия жағдайында синустық ырғақты қалпына келтіру кезінде ивабрадинді қабылдау аясында айқын брадикардияның даму қаупінің артатыны расталған жоқ. Дегенмен, мәліметтер саны жеткіліксіз болғандықтан, мүмкін болса жоспарлы электрлік кардиоверсияны кейінге қалдырып, оны жүргізгенге дейін 24 сағат бұрын ивабрадинді қабылдауды тоқтату керек. Туа біткен QT аралығының ұзаруы синдромы бар немесе QT аралығын ұзартатын препараттарды қабылдап жүрген пациенттерде қолданылуы Ивабрадинді туа біткен QT аралығының ұзаруы синдромы кезінде, сондай-ақ, QT аралығын ұзартатын препараттармен біріктіріп қолданбау керек. Мұндай біріктірілімі қажет болса, жүрек қызметін қатаң бақылауға алу қажет болады. Ивабрадин туғызған жүректің жиырылу жиілігінің баяулауы, QT аралығының ұзаруын күшейтуі мүмкін, бұл ауыр аритмияларға, атап айтқанда Torsade de pointes-ке (полиморфты «пируэт» типті қарыншалық тахикардия) әкеп соқтыруы мүмкін. Қан қысымының төмендеуін емдеуді өзгертуді қажет ететін артериялық гипертензиясы бар пациенттер Ивабрадинмен емдеу кезінде плацебо қабылдаған пациенттермен (6,1 %) салыстырғанда, көптеген пациенттерде қан қысымының жоғарылағаны (7,1 %) байқалған. Бұл көріністер қан қысымын төмендететін емді өзгерткеннен кейін тез арада жиірек байқалды, уақытша сипатта болды және ивабрадинмен емдеудің әсеріне ықпал еткен жоқ. Емді өзгерткен кезде жүректің созылмалы жеткіліксіздігі бар, ивабрадинді қабылдаған пациенттерде қан қысымы сәйкесінше аралықтармен бақыланды. Қосымша заттары жөніндегі ақпарат Құрамында қосымша зат ретінде лактоза моногидраты болғандықтан, қант диабеті бар науқастарға абайлап тағайындау керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды QT аралығын ұзартатын дәрілер - Жүрек-қантамыр жүйесіне арналған, QT аралығын ұзартатын дәрілер (мысалы, хинидин, дизопирамид, бепридил, соталол, ибутилид, амиодарон). - Жүрек-қантамыр жүйесіне әсер етпейтін, QT аралығын ұзартатын дәрілер (мысалы, пимозид, зипрасидон, сертиндол, мефлохин, галофантрин, пентамидин, цизаприд, венаішілік эритромицин). Аталған дәрілерді ивабрадинмен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, өйткені, ЖЖЖ азайған сайын QT аралығынуң ұзаруы күшеюі мүмкін. Біріктірілімі қажет болса, жүрек қызметін қатаң бақылау қажет. Бір мезгілде қолданғанда сақтық қажет Калий жинақтамайтын диуретиктер (тиазидтік диуретиктер және ілмектік диуретиктер): гипокалиемия аритмия қаупін арттыруы мүмкін. Ивабрадин брадикардияны туғызуы мүмкін болғандықтан, брадикардиямен бір мезгілдегі гипокалиемия әсіресе, туа біткен және дәріден туындаған QT аралығының ұзаруы синдромы бар пациенттерде ауыр аритмияның басталуына бейімдеуші фактор болып табылады. Фармакокинетикалық өзара әрекеттесуі Р450 3А4 цитохромы (CYP3A4) Ивабрадин CYP3A4 көмегімен метаболизденеді, және ол, бұл цитохромның өте әлсіз тежегіші болып табылады. Ивабрадин CYP3A4 басқа субстраттарының (әлсіз, орташа және күшті тежегіштері) метаболизмі мен плазмадағы концентрациясына әсер етпейді. CYP3A4 тежегіштері мен индукторлары ивабрадинмен өзара әрекеттесуге және оның метаболизмі мен фармакокинетикасын клиникалық тұрғыдан елеулі өзгертуге қабілетті. Дәрілермен өзара әрекеттесулерін зерттеулерден, CYP3A4 тежегіштері ивабрадиннің қан плазмасындағы концентрациясын арттыратыны, ал индукторлары оларды азайтатыны анықталды. Ивабрадиннің қан плазмасында концентрациясының жоғарылығы брадикардия қаупінің жоғарылауымен байланысты болуы мүмкін. Бір мезгілде қолдануға болмайды - Ивабрадин мен азолдар тобына жататын зеңге қарсы дәрілер (кетоконазол, итраконазол), макролидтік антибиотиктерді (кларитромицин, эритромицин пероральді, джозамицин, телитромицин), АИТВ-протеазасы тежегіштерін (нелфинавир, ритонавир) және нефазодон сияқты CYP3A4 күшті тежегіштерін бір мезгілде қолдануға болмайды («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Кетоконазол (тәулігіне бір рет 200 мг) және джозамицин (тәулігіне екі рет 1 г) сияқты CYP3A4 күшті тежегіштері ивабрадиннің қан плазмасындағы орташа концентрациясын 7-8 есе арттырады. - CYP3A4 әсері орташа тежегіштері: дені сау еріктілер мен пациенттерде спецификалық өзара әрекеттесуін зерттеулер, ивабрадиннің дилтиаземмен немесе верапамилммен біріктірілімі ивабрадин концентрациясының жоғарылауына (AUC көрсеткіші бойынша 2-3 есе) және ЖЖЖ қосымша, минутына 5 соғуға азаюына алып келетінін көрсетті. Ивабрадинді аталған дәрілермен бір мезгілде қолдану қарсы көрсетілімді («Қолдануға болмайтын жағдайлар» бөлімін қараңыз). Бір мезгілде қолдану ұсынылмайды Грейпфрут шырыны: грейпфрут шырынымен бір мезгілде қолданғанда, ивабрадиннің әсері 2 есе артады, сондықтан, грейпфрут шырынының қолданылуын болдырмау керек. Бір мезгілде қолданғанда сақтық қажет - CYP3A4 орташа тежегіштері: ивабрадинді CYP3A4басқа орташа тежегіштерімен (мысалы, флуконазолмен) тәулігіне екі рет 2,5 мг бастапқы дозасында және жүректің жиырылу жиілігін бақылай отырып, минутына 70 реттен артық соғатын жүректің жиырылу жиілігі кезінде бір мезгілде қолдануға болады. - CYP3A4 индукторлары: CYP3A4 индукторлары (мысалы, рифампицин, барбитураттар, фенитоин, Hypericum perforatum (шілтерлі шайқурай шөптері)) ивабрадиннің әсері мен белсенділігін азайтуы мүмкін. CYP3A4 индукторларын бір мезгілде қолданғанда ивабрадиннің дозасын түзету қажет болуы мүмкін. Тәулігіне екі рет 10 мг дозада ивабрадин мен шілтерлі шайқурай шөптерін біріктіріп қолдану ивабрадиннің AUC жартысына дейін азайғанын көрсетті. Ивабрадинмен емдеу кезінде шайқурай шөбін қолдану шектелуі тиіс. Басқа дәрілерді бір мезгілде қолдану Дәрілермен спецификалық өзара әрекеттесулерін зерттеулерден ивабрадиннің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына келесі медициналық өнімдердің: протондық сорғы тежегіштерінің (омепразол, лансопразол), силденафилдің, ГМГ-КоА редуктаза тежегіштерінің (симвастатин), кальций өзекшелерінің дигидропиридиндік блокаторларының (амлодипин, лацидипин), дигоксин мен варфариннің клиникалық тұрғыдан елеулі әсері анықталған жоқ. Бұдан өзге, симвастатиннің, амлодипиннің, лацидипиннің фармакокинетикасына, дигоксиннің, варфариннің фармакокинетикасы мен фармакодинамикасына және аспириннің фармакодинамикасына ивабрадиннің клиникалық тұрғыдан елеулі әсері болған жоқ. Келесі медициналық өнімдер ивабрадинмен, қауіпсіздігіне әсер етусіз қолданылған: ангиотензинөзгертуші фермент тежегіштері, ангиотензин II антагонистері, бета-адреноблокаторлар, диуретиктер, альдостерон антагонистері, қысқа және ұзақ әсер ететін нитраттар, ГМГ-КоА редуктаза тежегіштері, фибраттар, протондық сорғы тежегіштері, диабетке қарсы пероральді препараттар, аспирин және тромбозға қарсы басқа дәрілер. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек жеткіліксіздігі бар және креатинин клиренсі 15 мл/минуттан асатын пациенттерге дозасын түзету қажет емес. Креатинин клиренсі 15 мл/минуттан төмен пациенттерде қолжетімді мәліметтер жоқ. Сондықтан, ивабрадинді бұл популяцияда сақ болып қолдану керек. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл дәрежесі бар пациенттерге дозасын түзету қажет емес. Ивабрадинді бауырдың орташа жеткіліксіздігі бар пациенттерде қолданғанда сақтық таныту керек. Ивабрадинді бауырдың ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге қолдануға болмайды, өйткені, оның мұндай пациенттерде қолданылуы зерттелмеген, және жүйелі әсері айтарлықтай жоғарылауы мүмкін. |
Жүктілік
| Ұрпақ өрбітетін жастағы әйелдер емделу кезінде қолайлы контрацепция шараларын пайдалануы тиіс. Ивабрадиннің жүкті әйелдерде қолданылуы туралы мәліметтер шектеулі немесе жоқ, адамдар үшін ықтимал қаупі белгісіз. Сондықтан, ивабрадинді жүктілік кезінде қолдануға болмайды. |
Емізу
| Ивабрадиннің әйелдерде емшек сүтіне бөлініп шығатындығы туралы мәліметтер жоқ. Сондықтан, ивабрадинді бала емізу кезінде қолдануға болмайды. Ивабрадинмен емделуі қажет әйелдер бала емізуді тоқтатуы және баланы тамақтандырудың басқа жолын таңдауы тиіс. |
Жағымсыз әсерлері
| Қан және лимфа жүйесі тарапынан бұзылулар Жиі емес – эозинофилия. Жүрек тарапынан бұзылулар Жиі – брадикардия, I дәрежелі АВ блокада (ЭКГ-да PQ аралығының ұзаруы), қарыншалық экстрасистолия, жүрекшелердің фибрилляциясы. Жиі емес – жүректің қатты соғуы (пальпитация), қарыншаүстілік экстрасистолия. Өте сирек – II және III дәрежелі АВ блокадалар, синустық түйін әлсіздігі синдромы. Қантамырлар тарапынан бұзылулар Жиі –бақыланбайтын қан қысымы. Жиі емес* – артериялық гипотензия (брадикардиямен байланысты болуы мүмкін). Тыныс мүшелері, кеуде және көкірекорта тарапынан бұзылулар Жиі емес – ентігу. Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар Жиі: бас ауыруы (әдетте, емдеудің алғашқы айында), бас айналуы (брадикардиямен байланысты болуы мүмкін). Жиі емес* – естен тану (брадикардиямен байланысты болуы мүмкін). Метаболизм және тамақтану бұзылулары Жиі емес –қан плазмасындағы несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауы. Көру мүшелері тарапынан бұзылулар Өте жиі – жарық құбылыстары (фотопсиялар). Жиі – анық көрмеу. Жиі емес* – диплопия, көрудің бұзылуы. Есту мүшелері мен лабиринт тарапынан бұзылулар Жиі емес – вертиго. Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар Жиі емес – жүрек айнуы, іш қатуы, диарея, іш тұсының ауыруы*. Тері және теріасты тіндері тарапынан бұзылулар Жиі емес* – ангионевроздық ісіну, бөртпелер. Сирек* – эритема, қышыну, есекжем. Қаңқа-бұлшықет және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар Жиі емес – бұлшықет құрысулары. Жалпы бұзылулар және енгізген жердегі реакциялар Жиі емес* – астения (брадикардиямен байланысты болуы мүмкін), шаршау (брадикардиямен байланысты болуы мүмкін). Сирек* – дімкәстану (брадикардиямен байланысты болуы мүмкін). Зерттеулер Жиі емес – қандағы креатин деңгейінің жоғарылауы, ЭКГ-да QТ аралығының ұзаруы. *Жиілігі клиникалық зерттеулер кезінде жағымсыз реакциялар туралы оқыс келіп түскен хабарламалардан анықталған. Жекелеген жағымсыз әсерлерінің сипаттамасы Жарық феномендері (фотопсиялар) 14,5 % пациентте шектеулі көру аясында қанықтықтың уақытша жоғарылауы түрінде байқалған. Әдетте, олардың туындауына жарық қанықтығының күрт өзгеруі түрткі болады. Фотопсиялар гало, кескіндердің жайылуы (стробоскопиялық немесе калейдоскопиялық әсерлер), түрлі-түсті ашық ұшқындар немесе бірнеше кескіндер (көздің торқабығының төзімділігі) түрінде де сипатталуы мүмкін. Әдетте, фотопсиялар емдеудің алғашқы екі айында пайда болады, содан кейін олар қайтадан пайда болуы мүмкін. Әдетте, қанықтығы әлсіз немесе орташа фотопсиялар туралы хабарланды. Фотопсиялар емделу кезінде немесе емдеуден кейін, көпшілігі (77,5 %) – емделу кезінде жоғалады. 1 %-дан аз пациент фотопсияларға байланысты өздерінің күн тәртібін өзгерткен немесе емделуді тоқтатқан. Брадикардия 3,3 % пациентте, әсіресе, емдеудің алғашқы 2-3 айында байқалған. ЖЖЖ минутына ≤ 40 рет соғатын брадикардияның ауыр түрі 0,5% пациентте болды. Жүрекшелердің фибрилляциясы плацебо тобындағы 3,8 %-бен салыстырғанда, ивабрадинді қолданған 5,3 % пациентте байқалды. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Таблеткаларды ішке, тәулігіне екі рет, яғни, таңертең және кешке, тамақтану кезінде қолдану керек. Созылмалы тұрақты стенокардияны симптоматикалық емдеуде Емдеуді бастау немесе өзгерту туралы шешімді жүректің жиырылу жиілігін жүйелі түрде бақылау, ЭКГ немесе 24 сағат бойы амбулаториялық мониторинг жүргізілетін жағдайларда қабылдауға кеңес беріледі. Ивабрадиннің бастапқы дозасы 75 жасқа толмаған пациенттерде тәулігіне екі рет 5 мг аспауы тиіс. Егер симптомдары 3 4 апта бойы сақталып, бастапқы дозасы жақсы көтерімді болса, тыныштық күйіндегі жүректің жиырылу жиілігі минутына 60 реттен артық соғатын күйінде қалса, ивабрадинді тәулігіне екі рет 2,5 мг немесе тәулігіне екі рет 5 мг дозада қабылдаған пациенттерде дозасын келесі жоғарырақ дозасына дейін арттыруға болады. Демеуші дозасы тәулігіне екі рет 7,5 мг аспауы тиіс. Егер емдеу басталғаннан кейін 3 ай ішінде стенокардия симптомдары азаймаса, ивабрадинмен емдеу тоқтатылуы тиіс. Бұдан өзге, егер 3 ай ішінде симптоматикасының жақсаруы елеусіз болса немесе тыныштық күйіндегі жүректің жиырылу жиілігінің клиникалық тұрғыдан елеулі азаюы байқалмаса, емдеу тоқтатылуы тиіс. Егер емдеу кезінде тыныштық күйіндегі жүректің жиырылу жиілігі минутына 50 реттен аз соғатын мәндерге дейін азайса, немесе пациент бас айналуы, қатты қажу немесе артериялық гипотензия сияқты брадикардия симптомдарын сезінсе, ивабрадиннің дозасын тәулігіне екі рет 2,5 мг (5 мг таблетканың жартысы) дейін азайту қажет. Дозасын төмендеткеннен кейін жүректің жиырылу жиілігін (ЖЖЖ) бақылап отыру қажет. Егер ивабрадиннің дозасын азайтқан кезде ЖЖЖ минутына 50 реттен аз соғатын күйінде қалса, немесе брадикардия симптомдары сақталып қалса, емдеу тоқтатылуы тиіс. Жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде Емдеу тек жүректің тұрақты жеткіліксіздігі бар пациенттерде ғана жүргізілуі тиіс. Емдеуші дәрігердің жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеуде тәжірибесі болуы ұсынылады. Ивабрадиннің әдетте ұсынылатын бастапқы дозасы – тәулігіне екі рет 5 мг. 2 апта қолданғаннан кейін, егер тыныштық күйіндегі ЖЖЖ тұрақты түрде минутына 60 реттен артық соғатын болса, тәулігіне екі рет 7,5 мг дейін арттыруға немесе егер, егер тыныштық күйіндегі ЖЖЖ тұрақты түрде минутына 50 реттен аз соғатын болса, немесе бас айналуы, шаршау немесе артериялық гипотензия сияқты брадикардия симптомдары сақталып қалған жағдайда, тәулігіне екі рет 2,5 мг (тәулігіне екі рет 5 мг таблетканың жартысы) дейін азайтуға болады. Егер ЖЖЖ минутына 50-60 рет соғатын болса, дозасы тәулігіне екі рет 5 мг құрауы тиіс. Егер емдеу үдерісінде тыныштық күйіндегі жүректің жиырылу жиілігі тұрақты түрде минутына 50 реттен аз соқса немесе егер пациентте брадикардия симптомдары білінсе, тәулігіне екі рет 7,5 мг немесе тәулігіне екі рет 5 мг қабылдаған пациенттерде дозасы келесі азғантай дозасына дейін төмендетілуі тиіс. Егер тәулігіне екі рет 2,5 мг немесе тәулігіне екі рет 5 мг қабылдаған пациенттерде, тыныштық күйіндегі ЖЖЖ тұрақты түрде минутына 60 реттен артық соқса, дозасын келесі жоғарырақ дозасына дейін арттыруға болады. Егер ЖЖЖ минутына 50 реттен аз соғатын күйі қалса, немесе пациентте брадикардия симптомдары сақталып қалса, емдеу тоқтатылуы тиіс. Егде жастағы пациенттер 75 жас шамасындағы және одан үлкен пациенттерге дозасын арттырар алдында қажеттілігіне қарай, бастапқы азғантай дозасы (тәулігіне екі рет 2,5 мг, яғни тәулігіне екі рет 5 мг таблетканың жартысы) ұсынылады. |
Балаларда қолданылуы
| 18 жасқа дейінгі балаларда жүректің созылмалы жеткіліксіздігін емдеудегі ивабрадиннің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. |