C01DA14 Изосорбид мононитраты (Isosorbide mononitrate)

Қарсы көрсеткіштері

препараттың белсенді затына, органикалық нитраттарға немесе препараттың қосымша заттарының кез келгеніне жоғары сезімталдық
- силденафил фосфодиэстеразасы тежегішін (виагра) бір мезгілде қабылдау, өйткені силденафил нитраттардың гипертензияға қарсы әсерін көтермелейді
- айқын артериялық гипотензия (систолалық қысым 90 мм с.б.-ден азырақ)
- миокард инфарктісінің жедел сатысы
- сол жақ қарынша функциясының жедел жеткіліксіздігі
- қан айналымының жедел бұзылуы (шок, соның ішінде, кардиогендік, қантамырлық коллапс)
- гиповолемия
- гипертрофиялық обструкциялық кардиомиопатия
- перикард қуысының тампонадасы, констриктивті перикардит
- бассүйекішілік қан құйылулар, геморрагиялық инсульт, бассүйек-ми жарақаттары
- ауыр аортальді және субаортальді стеноз, ауыр митральді стеноз
- жабық бұрышты глаукома
- айқын анемия
- жүктілік (I триместр) және лактация кезеңі
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер
- галактозаның тұқым қуалайтын жақпаушылығы, глюкоза-галактоза мальабсорбция синдромы немесе Лапп лактаза тапшылығы.

Қауіпсіздік шаралары

Изосорбид мононитратын сақтықпен қолданыңыз:
- жүрек бұлшықетінің ішкі бөлігінің тарылуымен (гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия), жүрек қысу сөмкесінің қабынуымен (констриктивті перикардит) немесе жүрек сөмкесінің тампонадасымен (перикард тампонадасы).
- төмен толтыру қысымымен, мысалы, жедел миокард инфарктісі жағдайында, сол жақ қарыншаның функциясының төмендеуі (сол жақ жүрек жеткіліксіздігі). Систолалық қысымды 90 мм сын. бағ. төмен түсірмеу керек.
- егер сізде сол жақ қарыншаның жүрек қақпақшалары тарылса (аорта және/немесе митральді қақпақшалардың стенозы).
- егер сізде төмен қысымға байланысты қан айналымы бұзылса (ортостаздық дисрегуляция).
- бассүйекішілік қысымның жоғарылауымен байланысты ауруларда (осы уақытқа дейін қысымның одан әрі жоғарылауы венаға химиялық тектес препарат - глицерол тринитратының жоғары дозалары енгізілген кезде ғана байқалды).
Препараты кенеттен жүрек ауыруын (мысалы, стенокардияның жедел ұстамасын) және жедел миокард инфарктісін емдеуге жарамайды.
Препаратты қабылдау кезінде өкпенің ауамен нашар қамтамасыз етілген учаскелерінде қан ағынын салыстырмалы түрде қайта бөлу салдарынан артериялық қандағы оттегінің уақытша төмендеуі мүмкін, бұл коронарлық тамырларда қан айналымы бұзылған пациенттердің жүрек бұлшықетіне оттегінің жеткіліксіз түсуіне әкелуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Келесі заттармен бір мезгілде қабылдаған кезде қысымды төмендету әсерінің күшеюі байқалады:
• басқа вазодилататорлар
• антигипертензивті дәрілер (бета-адреноблокаторлар, диуретиктер, АӨФ тежегіштері, кальций антагонистері)
• антипсихотикалық дәрілер (нейролептиктер), трициклді антидепрессанттар
• алкоголь
• құрамында белсенді зат ретінде силденафил, варденафил немесе тадалафил сияқты фосфодиэстераза-5 тежегіштері бар эректильді дисфункцияны емдеуге арналған дәрілік препараттар. Бұл жағдайда қысымды төмендету әсері айтарлықтай болуы мүмкін.
Препаратпен бір мезгілде қолданғанда қан плазмасындағы дигидроэрготаминнің концентрациясы жоғарылайды, бұл артериялық қысымды жоғарылататын әсердің күшеюіне әкеледі.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Барлық дәрілік препараттарды қабылдағанға дейін емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесу керек.
Егер сіз жүкті болсаңыз, онда препаратты ерекше сақтықпен және тек дәрігердің тағайындауымен қабылдау керек, өйткені оны жүкті әйелдерде қолдану тәжірибесі жеткіліксіз. Жануарларға жүргізілген эксперименттік зерттеулерде ұрыққа зиян келтіретін ешқандай дәлел табылған жоқ.

Емізу

Егер сіз бала емізетін болсаңыз, онда препаратын емдеуші дәрігердің тікелей нұсқауы бойынша ғана қабылдау керек, өйткені препараттың емшек сүтіне енетініне қатысты деректер жоқ. Егер сіз бала емізу кезінде препаратты қабылдасаңыз, препараттың балаға тигізетін әсерін бақылауыңыз керек.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі:
- «нитратты» бас ауыруы (терапияның басында пайда болуы мүмкін және одан әрі қабылдау кезінде бірнеше күннен кейін кетеді).
Жиі:
- бас айналу, әлсіздік (әсіресе емдеудің басында, сондай-ақ дозаның жоғарылауымен).
- шаршағыштық.
Жиі емес:
- бет терісінің өткінші гиперемиясы.
Белгісіз:
- ұйқышылдық,
- стенокардияның өршуі; брадиаритмия, ортостаздық гипотензия (жағдай өзгерген кезде қан айналымының бұзылуы), рефлекторлық тахикардия,
естен тану, циркуляциялық коллапс,
- жүрек айнуы, құсу,
- эксфолиативті дерматит, терінің аллергиялық реакциялары
Өзгелері: изосорбид мононитратын жоғары дозаларда ұзақ уақыт үздіксіз қолданған кезде препаратқа төзімділіктің дамуы, сондай-ақ басқа нитраттарға қатысты айқаспалы төзімділіктің туындауы мүмкін. Басқа нитратты препараттармен емдеудің алдында тиімділіктің төмендеуі, сондай-ақ препараттың әсерінің әлсіреуі сипатталған. Тиімділікті әлсіретпеу немесе жоғалтпау үшін жоғары дозаларды үнемі қабылдаудан аулақ болу керек.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Барлық көрсетілімдер үшін дозалау режимі жекелей сезімталдықты ескеріп және аурудың ауырлығына байланысты белгілейді. Емдеуді төмен дозадан бастап, оны қажетті деңгейге дейін баяу арттырады. Бастапқы дозасы – күніне 1- 2 рет 10-20 мг. Ең төмен бір реттік доза – 10 мг. Содан кейін дозаны біртіндеп тәулігіне 1-2 реттік 20-40 мг-ге дейін арттырады.
Бір реттік дозаларды қабылдау арасындағы аралық кем дегенде 8 сағатты құрауы тиіс. Клиникалық әсерінің айқындылығына байланысты 3-5 күн емдеуден кейін препараттың бір реттік дозасын осындай қабылдау ретімен тәулігіне 60-80 мг-ге дейін арттыруға болады. Ең жоғары тәуліктік доза - 80 мг. Түнгі ұстамалары жиі болатын нұсқалық стенокардияда препаратты таңертең және тура ұйқыға жатар алдында қабылдаған жөн. Емдеу күрт емес, біртіндеп тоқтатылуы тиіс, өйткені "тоқтату феноменін" жоққа шығаруға болмайды.
Енгізу әдісі мен жолы
Тамақтанудан 1 сағат бұрын немесе тамақтан кейін 2 сағаттан соң ішке қабылданады. Таблеткаларды шайнамай, аздаған мөлшерлі сұйықтықпен ішіп, тұтастай қабылдайды.

Балаларда қолданылуы

Препаратын тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер санының жеткіліксіз болуына байланысты 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдану ұсынылмайды.