C01CX08 Левосимендан (Levosimendan)
Қолдану көрсеткіштері
| Стандартты емнің тиімсіздігі және ионотропты ем жүргізу қажеттілігі кезінде ауыр созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің (СЖЖ) жедел декомпенсациясын қысқа мерзімді емдеу. |
-
Клинические протоколы:
- Акушерский сепсис
- Трансплантация сердечно-легочного комплекса
- Кардиогенный отек легких
- Миокардиты
- Миокардиты у детей
- Кардиогенный шок
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перипортальная кардиомиопатия
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз аортального клапана
- Стеноз митрального клапана
- Трансплантация сердца
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Хроническая сердечная недостаточность у детей
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
- Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
- Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
- Тотальный аномальный дренаж у детей
- Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
Қарсы көрсеткіштері
| әсер етуші затқа немесе кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық - ауыр артериялық гипотензияда және тахикардияда - бүйрек функциясының ауыр бұзылуында (креатинин клиренсі < 30 мл/мин) - бауыр функциясының ауыр бұзылулары - жүрек қарыншаларына қанның толуын және/немесе олардан қанның шығуын қиындататын айтарлықтай механикалық обструкцияда - анамнезінде «пируэт» типті қарыншалық тахикардия - 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер - алкоголизмнен зардап шегетін адамдар - эпилепсия - жүктілік және бала емізу кезеңі |
Қауіпсіздік шаралары
| Левосимендан препаратының бастапқы гемодинамикалық әсері систолалық және диастолалық қысымды төмендетуі мүмкін, соған орай Левосимендан систолалық және диастолалық қысым деңгейі төмен немесе гипотензия көріністерінің пайда болу қаупі бар пациенттерге сақтықпен қолданған жөн. Бұл пациенттерге препараттың төмен дозаларын қолдану ұсынылады. Пациенттің жағдайына және оның терапияға жауабына байланысты дозаны, енгізу жылдамдығын және терапия ұзақтығын таңдау қажет. Левосимендан инфузиясының алдында ауыр гиповолемияны түзету керек. Егер артериялық қысым немесе жүрек ырғағы көрсеткіштерінің шектен тыс өзгерісі байқалса, инфузия жылдамдығын азайту немесе оны тоқтату керек. Гемодинамикалық әсерлердің нақты ұзақтығы анықталмаған, бірақ олар әдетте 7-10 күн ішінде байқалады. Бұл белсенді метаболиттің айналымына байланысты, оның қан плазмасындағы концентрациясы инфузия аяқталғаннан кейін шамамен 48 сағаттан кейін ең жоғары деңгейге жетеді. Инфузия аяқталғаннан кейін кем дегенде 4-5 күн ішінде инвазивті емес бақылау ұсынылады. Мониторингті артериялық қысымның төмендеуі максимумға жеткенше және артериялық қысым қайтадан көтеріле бастағанға дейін жалғастыру ұсынылады, егер артериялық қысымның төмендеуінің қандай да бір белгілері болса, 5 күннен артық уақыт кетуі мүмкін, бірақ пациенттің клиникалық жағдайы тұрақты болса, 5 күннен аз болуы мүмкін. Бүйрек жеткіліксіздігі жеңілден орташа дәрежеге дейінгі немесе бауыр жеткіліксіздігі жеңілден орташа дәрежеге дейінгі пациенттерде бақылаудың анағұрлым ұзақ кезеңі талап етілуі мүмкін. Левосимендан жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде белсенді метаболиттердің элиминациясы туралы шектеулі деректер бар. Бүйрек функциясының бұзылуы белсенді метаболиттер концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл анағұрлым айқын және ұзақ гемодинамикалық әсерге әкелуі мүмкін. Левосимендан жеңіл және ауырлығы орташа дәрежедегі бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Бауыр функциясының бұзылуы белсенді метаболиттердің ұзақ әсер етуіне әкелуі мүмкін, бұл анағұрлым айқын және ұзаққа созылған гемодинамикалық әсерге әкелуі мүмкін. Левосимендан инфузиясы қан сарысуындағы калий концентрациясының төмендеуіне әкелуі мүмкін; инфузия алдында гипокалиемияны түзету және емдеу кезінде сарысудағы калий деңгейін бақылау керек. Гемоглобин мен гематокрит концентрациясының төмендеуі мүмкін, жүректің ишемиялық ауруы және қатар жүретін анемия бар пациенттерде сақтық таныту керек. Препарат инфузиясын тахикардия, тахисистолалық түрдегі жыбырлақ ырғақсыздық немесе өмірге қауіпті аритмиясы бар пациенттерде сақтықпен енгізу керек. Препаратты қайталап қолдану тәжірибесі шектеулі. Вазоактивті дәрілерді, оның ішінде инотропты дәрілерді (дигоксиннен басқа) Левосимендан препаратымен бір мезгілде қолдану тәжірибесі шектеулі. Әрбір жеке пациент үшін пайда мен қауіпті бағалау керек. Коронарлы ишемиясы бар пациенттерге, этиологиясына байланыссыз QTс аралығының ұзаруымен, ЭКГ – мониторингін мұқият жүргізе отырып, немесе егер препарат QTс аралығын ұзартатын дәрілік заттармен бір мезгілде енгізілетін болса, Левосимендан препаратын сақтықпен қолдану қажет. Левосимендан препаратын кардиогендік шок кезінде қолдану зерттелмеген. Левосимендан препаратын келесі бұзылуларда қолдану туралы деректер жоқ: рестриктивті кардиомиопатия, гипертрофиялық кардиомиопатия, ауыр дәрежедегі митральді клапан жеткіліксіздігі, миокард жарылуы, жүрек тампонадасы, оң жақ қарынша инфаркті. Жүрегін ауыстырып салуды күтіп жатқан пациенттердегі ауыр жүрек жеткіліксіздігінде қолдану бойынша шектеулі тәжірибе ғана бар. Бұл дәрілік препараттың құрамында 98 к.% Этанол (спирт) бар, яғни 5 мл құтыға 3925 мг дейін, бұл 5 мл құтыда 99,2 мл сыраға, 41,3 мл шарапқа баламалы. Алкоголизммен зардап шегу үшін зиянды. Жүкті немесе бала емізетін әйелдерге, балаларға және бауыр аурулары немесе эпилепсиясы бар пациенттер сияқты жоғары қауіпті топтарға назар аудару керек. Осы дәрілік заттағы спирт мөлшері басқа дәрілердің әсеріне ықпал етуі мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Артериялық гипотензияның даму қаупі жоғары болуына байланысты левосимендан басқа да венаішілік вазоактивті препараттармен бір мезгілде сақтықпен қолданылуы қажет. Популяциялық фармакокинетикалық талдауда дигоксинмен левосимендан арасындағы өзара әрекеттесу белгілері болмады. Левосимендан β-адреноблокаторларды қабылдайтын пациенттерге тиімділігін төмендетпей-ақ енгізуге болады. Дені сау еріктілерде изосорбид мононитраты мен левосименданды біріктіріп қолдану ортостатикалық гипотензиялық белсенділіктің айтарлықтай жоғарылауын анықтады. In vitro зерттеулер левосименданның CYP2C8 тежегіші болып табылатынын көрсетті, сондықтан левосимендан негізінен CYP2C8 метаболизденетін бір мезгілде қолданылатын препараттардың әсерін арттыруы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан левосименданды лоперамид, пиоглитазон, репаглинид және энзалутамид сияқты CYP2C8 сезімтал субстраттармен бір мезгілде қолданудан мүмкіндігінше аулақ болу керек. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Креатинин клиренсі 30 мл/мин-тан төмен бүйрек функциясының ауыр бұзылуларында қолдануға болмайды. Левосименданды бүйрек жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерге сақтықпен қолдану керек. Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерде белсенді метаболиттердің шығарылуы туралы деректер шектеулі. Бүйрек функциясының бұзылуы белсенді метаболиттер концентрациясының жоғарылауына әкелуі мүмкін, бұл анағұрлым айқын және ұзаққа созылатын гемодинамикалық әсерге себеп болуы ықтимал. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр
функциясының ауыр бұзылуларында қолдануға болмайды. Левосименданды бауыр жеткіліксіздігінің жеңіл және орташа дәрежесі бар пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Бауыр функциясының бұзылуы белсенді метаболиттердің әсер ету ұзақтығының артуына әкелуі мүмкін, бұл анағұрлым айқын және ұзаққа созылатын гемодинамикалық әсерге себеп болуы ықтимал. |
Жүктілік
| Жүкті әйелдерде левосименданды қолдану тәжірибесі жоқ. Жануарларға жүргізілген зерттеулер репродуктивті жүйеге уытты әсердің бар екенін көрсетті. Осылайша, егер анан үшін пайдасы шарана үшін мүмкін қауіптерден асып кетсе ғана левосименданды жүкті әйелдерге қолдану керек. |
Емізу
| Бала емізетін әйелдерде маркетингтен кейінгі қолдану туралы ақпарат левосименданның белсенді метаболиттері OR-1896 және OR-1855 емшек сүтімен бөлінетінін және сүтте левосименданның 24 сағаттық инфузиясы басталғаннан кейін кемінде 14 күн ішінде анықталатынын көрсетеді. Левосимендан алған әйелдер нәрестедегі жүрек-қантамыр жүйесінің ықтимал жанғымсыз әсерлерін болдырмас үшін емізбеуі керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі - бас ауруы - қарыншалық тахикардия - артериялық гипотензия Жиі - гипокалиемия - ұйқысыздық - бастың айналуы - жүрекше фибрилляциясы, тахикардия, қарыншалық экстрасистолия, жүрек жеткіліксіздігі, миокард ишемиясы, экстрасистолия - жүрек айнуы, іш қату, диарея, құсу - гемоглобин концентрациясының төмендеуі Тіркеуден кейінгі жанама әсерлер: Тіркеуден кейінгі тәжірибеде левосимендан енгізген пациенттерде қарыншалар фибрилляциясы туралы хабарланған. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Левосимендан препараты стационар жағдайында ғана қолданылады. Медициналық персоналдың инотропты препараттармен жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс. Дозалау мен емдеу мен ұзақтығын пациенттің жағдайына және емдік әсеріне қарай жеке-жеке анықталған жөн. Емдеу 6-12 мкг/кг жүктеме дозасынан басталады, оны 10 минут ішінде енгізеді. Содан кейін 0,1 мкг/кг/мин жылдамдықпен үздіксіз инфузияны жүргізеді. Вазодилататорлармен және/немесе инотропты препараттармен қатар жүретін парентеральді ем алатын пациенттерге 6 мкг/кг доза ұсынылады. Анағұрлым жоғары жүктеме доза соғұрлым айқын гемодинамикалық әсерлерді туындатады, алайда бұл ретте жағымсыз реакциялардың күшеюі де мүмкін. Пациенттің терапияға жауабын жүктеме дозаны енгізген кезде немесе дозаны түзеткеннен кейін 30-60 минут ішінде немесе клиникалық көрініс бойынша бағалайды. Гемодинамика көрсеткіштерінің айқын өзгерістері кезінде (артериялық гипотензия, тахикардия) инфузия жылдамдығын 0,05 мкг/кг/мин дейін төмендету немесе препаратты енгізуді тоқтату керек. Бастапқы дозаны жақсы көтеру кезінде және анағұрлым айқын гемодинамикалық әсер алу қажет болғанда инфузия жылдамдығын 0,2 мкг/кг/мин дейін арттыруға болады. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің ауыр дәрежедегі жедел декомпенсациясы бар пациенттерде инфузияның ұсынылатын ұзақтығы 24 сағатты құрайды. Левосимендан препаратын қолдануды тоқтатқаннан кейін төзімділіктің даму белгілері немесе тоқтату синдромының пайда болуы анықталған жоқ. Гемодинамикалық әсерлер кемінде 24 сағат бойы сақталады және 24 сағаттық инфузия тоқтатылғаннан кейін 9 күнге дейін байқалуы мүмкін. Терапия мониторингі Қазіргі медициналық тәжірибеге сәйкес терапия кезінде ЭКГ, артериялық қысымды, жүрек ырғағын бақылау, сондай-ақ диурезді өлшеу қажет. Бұл параметрлерді бақылау инфузия аяқталғаннан кейін немесе пациенттің жағдайы тұрақтанғанға дейін кемінде 3 күн бойы ұсынылады. Бүйрек жеткіліксіздігі жеңілден орташа формаға дейін немесе жеңілден орташа формаға дейін бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде кемінде 5 күн бойы ұсынылады. Енгізу тәсілдері Левосименданды енгізер алдында сұйылту керек. Инфузия тек вена ішіне енгізуге арналған және тек шеткері немесе орталық аумаққа енгізуге болады. |
Балаларда қолданылуы
| Левосименданды балаларға тағайындауға болмайды, өйткені оны балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде қолдану тәжірибесі өте шектеулі. |