C01CA24 Эпинефрин (Epinephrine)
Қолдану көрсеткіштері
| .- шұғыл типті аллергиялық реакциялар: дәрілік заттарды, сарысуларды қолданғанда, қан құйғанда, жәндіктер шаққанда немесе аллергендермен жанасқанда дамитын анафилаксиялық шокта; - бронх демікпесінің жедел ұстамаларын басқанда; - әртүрлі тектегі артериялық гипотензияда (постгеморрагиялық, интоксикациялық, инфекциялық); - инсулиннің артық дозалануынан болатын гипогликемияда; - асистолияда, жүректің тоқтауында; - жергілікті анестетиктердің әсерін ұзартқанда; - жедел дамыған III дәрежелі AV-блокадада |
-
Клинические протоколы:
- Иерсиниоз
- Диарея у детей. Затяжная диарея
- Псевдотуберкулез
- Акушерский сепсис
- Сепсис
- Эхинококкоз у взрослых (эхинококкоз легкого)
- Лептоспироз
- Листериоз
- Менингококковая инфекция
- Тупая травма живота, открытые повреждения живота
- Аллогенная неродственная трансплантация костного мозга
- Аллогенная родственная трансплантация костного мозга
- Апластическая анемия у детей
- Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
- Сочетанная травма у детей
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Первичные иммунодефициты с преимущественным дефектом в системе комплемента
- Трансплантация сердечно-легочного комплекса
- Изъятие донорского сердца
- Цереброваскулярные болезни (педиатрия)
- Ведение пациентов после трансплантации сердца у взрослых
- Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Кардиогенный отек легких
- Нарушения проводимости сердца (АВ-блокада)
- Подготовка кадавра к мультиорганному забору органов и/или тканей
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Применение монооксида азота для лечения легочной гипертензии
- Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
- Стеноз аортального клапана
- Стеноз митрального клапана
- Трансплантация сердца
- Тромбоэмболия легочной артерии
- Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
- Хронические ревматические болезни сердца у детей
- Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
- Астматический статус
- Бронхиальная астма у детей
- Стеноз гортани у детей
- Гастродуоденальный стеноз
- Периодонтит острый
- Периодонтит хронический
- Послеожоговые рубцовые стриктуры пищевода
- Пульпит острый
- Пульпит хронический
- Гастродуоденальное кровотечение
- Асфиксия при рождении
- Бактериальный сепсис новорожденного
- Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
- Крайняя незрелость
- Некротический энтероколит у новорожденного
- Реанимация недоношенных детей
- Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
- Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
- Аномалии слизистой оболочки полости рта у детей
- Атрезия легочной артерии
- Врожденная высокая кишечная непроходимость у новорожденных
- Врожденная низкая кишечная непроходимость
- Врожденные пороки развития легких у новорожденных
- Гастрошизис. Омфалоцеле (Экзомфалоз)
- Пороки развития диафрагмы у новорожденных
- Пороки развития пищевода у новорожденных
- Тотальный аномальный дренаж у детей
- Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
- Изосерологическая несовместимость крови матери и плода
- Кесарево сечение
- Тромбоэмболические осложнения в акушерстве
- Кардиогенный шок
- Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
- Анафилактический шок
- Ангионевротический отек
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени более 30%, глубоких более 10% поверхности тела
- Ожоги II – IIIA-Б - IV степени до 30%, глубоких до 10% поверхности тела (взрослые)
- Ожоги II – IIIА степени более 20% (взрослые)
- Ожоги у детей
- Отморожение у детей
- Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
- Ущемленная грыжа
- Острый аппендицит
- Гипоксически-ишемическая энцефалопатия
- Реанимация новорожденных детей
- Лекарственная гиперчувствительность (лекарственная аллергия) с различными клиническими проявлениями > Клиниче?
- Внезапная смерть у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
| - әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатия - ауыр қолқа стенозы - тахиаритмия, қарыншалар фибрилляциясы - артериялық немесе өкпе гипертензиясы - өкпенің ишемиялық ауруы - айқын атеросклероз - феохромоцитома - жабық бұрышты глаукома - шығу тегі аллергенді емес шок - құрысу синдромы - тиреотоксикоз - қант диабеті - ингаляциялық дәрілерді қолданумен жүргізілетін жалпы анестезия: фторотан, циклопропан, хлороформ - жүктілік пен лактация кезеңінде, босанудың ІІ кезеңі |
Қауіпсіздік шаралары
| Адреналин антагонистері α- және β-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары болып табылады. Препаратты басқа дәрілік заттармен бір мезгілде қолданғанда: - есірткі анальгетиктерімен және ұйықтататын дәрілермен - олардың әсерін әлсірету; - жүрек гликозидтерімен, хинидинмен, трициклді антидепрессанттармен, допаминмен, ингаляциялық анестезияға арналған дәрілермен (хлороформ, энфлуран, галотан, изофлуран, метоксифлуран), кокаинмен - аритмияның даму қаупін арттыру; - басқа симпатомиметикалық дәрілермен - жүрек-қан тамырлары жүйесінің жанама әсерлерінің ауырлығының күшеюі; - гипертензияға қарсы дәрілермен (оның ішінде диуретиктермен) - олардың тиімділігін төмендету; - моноаминоксидаза (МАО) тежегіштерімен (фуразолидон, прокарбазин, селегилинді қоса) - қан қысымының кенеттен және айқын жоғарылауы, гиперпиретикалық дағдарыс, бас ауруы, жүрек аритмиясы, құсу; - нитраттармен - олардың емдік әсерін әлсірету; - феноксибензаминмен - гипотензивті әсердің жоғарылауы және тахикардия; - фенитоинмен - қан қысымының кенеттен төмендеуі және адреналинді енгізу дозасы мен жылдамдығына байланысты брадикардия; - қалқанша безінің гормонының препараттарымен - әсердің өзара күшеюі; - астемизолмен, цизапридпен, терфенадинмен - ЭКГ-дағы QT интервалының ұзаруы; - диатризоаттармен, йоталам қышқылымен немесе йоксагл қышқылымен – неврологиялық әсерді күшейту; - эргот алкалоидтарымен - айқын ишемияға және гангренаның дамуына дейін вазоконстрикторлық әсердің күшеюі; – гипогликемиялық препараттармен (инсулинді қоса) - гипогликемиялық әсердің төмендеуі мүмкін. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Эпинефринді мынадай аурулары бар пациенттерде: гипертиреоз, психоневроз, феохромоцитома, тар бұрышты глаукома, қант диабеті, гипокалиемия немесе гиперкальциемия; ауыр бүйрек жеткіліксіздігі, қуық асты безі гипертрофиясы немесе несеп шығарудың қиындауы; цереброваскулярлық аурулар, мидың органикалық зақымданулары немесе артериосклероз; вегетативті дисрефлексия (гиперрефлексия), әсіресе жұлынның зақымдануы (мысалы, тетраплегия); шок (анафилаксиялық шоктан басқа); органикалық жүрек аурулары немесе жүрек дилатациясы (ауыр стенокардия, обструктивті кардиомиопатия, гипертония), сондай-ақ аритмиясы бар пациенттерде және егде жастағы пациенттерде сақтықпен қолданған жөн. Эпинефринді миокард дегенеративті дамыған ұзаққа созылған бронх демікпесі мен эмфиземасы бар пациенттерде, сондай-ақ жалпы және галогенделген көмірсу анестетиктерімен жалпы анестезия жүргізген кезде ерекше сақтықпен қолдану керек. Жүрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде эпинефрин енгізу аясында ангиналық ауыру туындауы мүмкін. Препаратты қант диабетімен науқастарға тағайындағанда инсулиннің жоғары дозалары немесе гипергликемияның даму қаупіне байланысты сульфонилмочевина туындылары қажет етіледі. Эпинефринді босанудың екінші кезеңі уақытында тағайындамау керек. Эпинефринді ұзақ қолдану ауыр метаболизмдік ацидозға (қанда сүт қышқылы концентрациясының жоғарылауына байланысты), бүйрек некрозы және тахифилаксияға әкелуі мүмкін. Эпинефриннің дозасын біртіндеп азайту керек, өйткені емдеуді кенеттен тоқтату ауыр гипотензияға әкелуі мүмкін. Гиповолемия кезінде симпатомиметиктерді қолданар алдында пациенттерге тиісті гидратация жүргізу қажет. Егер оны жоюдың басқа тәсілдері қол жетімді болмаса, асистолия кезінде эпинефрин жүрекішілік енгізіледі, бұл орайда жүрек тампонадасы мен пневмоторакстың даму қаупі жоғарылайды. Эпинефринді тамыр ішіне кездейсоқ енгізу артериялық қысымның кенеттен жоғарылауынан церебральді қан кетуге әкелуі мүмкін. Емдеудің басында дұрысы препаратты бұлшықет ішіне енгізу болып табылады, вена ішіне енгізуді қарқынды терапия немесе шұғыл жәрдем бөлімшесінде эпинефринді вена ішіне енгізуді білетін дәрігерлердің көмегімен жүргізу керек. Препаратты санның ортаңғы бөлігінің алдыңғы-латеральді беткейіне бұлшықет ішіне енгізу ұсынылады. Инъекцияға арналған инелер эпинефриннің бұлшықетке түсуіне кепілдік беретіндей жеткілікті шамада ұзын болуы тиіс. Тіндер некрозы қаупіне байланысты бөксеге эпинефриннің бұлшықет ішіне инъекцияларын жасамаған дұрыс. Вена ішіне енгізу үшін 10 еседен кем болмайтындай сұйылтылған Адреналин-Здоровье препаратын пайдаланады («Қолдану жөніндегі нұсқаулар» қараңыз). Инфузияны ірі венаға, дұрысы орталықтық венаға жүргізген жөн. Инфузия жүргізгенде мүмкіндігінше инфузия жылдамдығын реттеуге арналған аспапты пайдалану және қан сарысуында калий концентрациясына, артериялық қысым, диурез, ЭКГ, орталықтық веноздық қысымына, өкпе артериясы қысымына мониторинг жүргізу ұсынылады. Препарат құрамында күрделі аллергиялық реакциялар мен бронх түйілуін туындататын натрий метабисульфиті бар. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Эпинефринді бүйректің ауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Деректер жоқ. |
Жүктілік
| Адреналинді жүкті әйелдерге қолданудың бақыланатын зерттеулері жүргізілмеген. Босану кезінде гипотензияны түзету үшін қолданбайды, өйткені препарат жатыр бұлшықеттерін босаңсыту есебінен босанудың екінші кезеңін кідіртуі мүмкін. Жоғары дозаларда енгізген кезде жатыр жиырылуы әлсіреуіне қан кетумен ұзақ жатыр атониясын туғызуы мүмкін. |
Емізу
| Препаратты қолдану қажет болғанда бала емізуді тоқтату керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Жиі: - бас ауруы, тремор - үрейлі жай-күй - жүрек айну, құсу, анорексия - гипергликемия Жиі емес: - стенокардия, брадикардия немесе тахикардия, жүрек соғысын сезіну, артериялық қысымның төмендеуі немесе жоғарылауы (артериялық қысымның жоғарылауы салдарынан әдеттегі дозада тіпті тері астына енгізген кезде субарахноидальді қан құйылу және гемиплегия болуы мүмкін), ентігу - ашушаңдық, бас айналу, шаршау, ұйқының бұзылуы, сіресу мен тремордың жоғарылауы (Паркинсон ауруы бар пациенттерде), бұлшықеттердің тартылуы - психоневроздық бұзылыстар (психомоторлық қозу, бағдарсыздық), шизофрения тәрізді бұзылыстар, паранойя, жадының бұзылуы, агрессивті немесе паникалық мінез-құлық - тері бөртпесі, мультиформалы эритема - ангионевроздық ісіну, бронх түйілуі - тершеңдік, терморегуляцияның бұзылуы, аяқ-қолдардың салқындауы Сирек: - қарыншалық аритмия, кеуде қуысының ауыруы, ЭКГ өзгеруі (Т тісшесі амплитудасының төмендеуін қоса), өкпе ісінуі - несеп шығарудың қиындауы және ауыруы (қуық асты безінің гиперплазиясында) - гипокалиемия - бұлшықетішілік инъекция орнында ауырсыну немесе күйдіріп-ашу, адреналинді көп рет инъекциялау кезінде адреналиннің тамырды тарылтатын әсеріне байланысты некроз байқалуы мүмкін |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Ересектер. Бұлшықет ішіне, тері астына, вена ішіне (тамшылатып), жүрек ішіне (жүрек тоқтағанда реанимация жүргізу) тағайындайды. Бұлшықет ішіне енгізгенде, тері астына енгізуге қарағанда препараттың әсері жылдам дамиды. Ересектер. Анафилаксиялық шок: 20 мл 40 % глюкоза ерітіндісімен сұйылтылған 0,5 мл мөлшерді вена ішіне баяулатып енгізеді. Одан әрі қарай қажет болғанда 1 мкг/мин жылдамдықпен венаішілік тамшылатып енгізуді жалғастырады, ол үшін 1 мл адреналин ерітіндісін натрий хлоридінің немесе 5% глюкозаның 400 мл-де сұйылтады. Егер пациенттің жай-күйі жол берсе, сұйылтылған немесе сұйылтылмаған түрде 0,3-0,5 мл бұлшықетішілік немесе тері астылық енгізген дұрыс. Бронх демікпесі: сұйылтылған немесе сұйылтылмаған түрде 0,3-0,5 мл мөлшерді тері астына енгізеді. Қайталап енгізу қажет болғанда осы дозаны әр 20 минут сайын (3 рет) енгізуге болады. Сұйылтылған түрде 0,3-0,5 мл енгізілуі мүмкін. Тамыр тарылтқыш дәрі ретінде 1 мкг/мин жылдамдықпен (2-10 мкг/мин дейін арттыру ықтималдығымен) вена ішіне тамшылатып енгізеді. Асистолия: натрий хлоридінің 10 мл 0,9 % ерітіндісінде сұйылтылған 0,5 мл жүрек ішіне енгізеді. Реанимациялық шаралар кезінде - әр 3-5 минут сайын (сұйылтылған түрінде) вена ішіне 1 мл-ден енгізеді. Балалар. Жаңа туғандардың асистолиясы: әр 3-5 минут сайын дене салмағының 10-30 мкг/кг-нан вена ішіне баяулатып енгізеді. Анафилаксиялық шок: дене салмағының 10 мкг/кг-нан (ең жоғарғы 0,3 мг дейін) тері астына немесе бұлшықет ішіне енгізеді. Қажет болғанда әр 15 минут сайын (3 ретке дейін) қайталайды. Бронх түйілуі: тері астына дене салмағының 10 мкг/кг (ең жоғарғы - 0,3 мг дейін) енгізеді. Қажет болғанда енгізулерді әр 15 минут сайын (3-4 ретке дейін) немесе әр 4 сағат сайын қайталайды. Дозасы мен емдеудің ұзақтығы жекелей анықталады. |
Балаларда қолданылуы
| Балаларға (дозалануы жекелей) препаратты енгізгенде айрықша сақ болу қажет. |