C01CA07 Добутамин (Dobutamine)
Қолдану көрсеткіштері
| Добутамин органикалық кардиопатиядан немесе жүрекке жасалған операциядан туындаған миокардтың жиырылу қабілетінің бұзылуы салдарынан созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің жедел декомпенсациясы кезінде ересектердегі жай-күйлерді қысқа мерзімді парентеральді инотропты қолдаушы емде қолданылады. |
-
Клинические протоколы:
- Хроническая сердечная недостаточность у детей
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Острая сердечная недостаточность
- Острая сердечная недостаточность у детей
- Коронавирусная инфекция CОVID-19 у взрослых (7 редакция пересмотр 2024 год)
- Коронавирусная инфекция COVID-19 у детей
Қарсы көрсеткіштері
| әсер
етуші затқа, натрий метабисульфитіне немесе қосымша заттардың кез келгеніне
аса жоғары сезімталдық - феохромацитома Добутаминмен стресс-эхокардиография жүргізу кезінде қосымша Добутаминді миокард ишемиясын және өмірге қабілетті миокардты анықтау үшін келесі жағдайларда қолдануға болмайды: - жуырда өткерген миокард инфаркті (соңғы 30 күн ішінде) - тұрақсыз стенокардия - сол жақ коронарлық артерия діңінің стенозы - гипертрофиялық обструктивті кардиомиопатияны қоса алғанда, сол жақ қарыншаның шығу жолының гемодинамикалық маңызды обструкциясы - жүрек қақпақшаларының гемодинамикалық маңызды зақымдануы - жүректің ауыр жеткіліксіздігі (NYHA жіктемесі бойынша III және IV функционалдық класы) - анамнездегі бейімділік немесе құжатпен расталған клиникалық маңызды немесе созылмалы аритмия, әсіресе қайталанатын тұрақты қарыншалық тахикардия - өткізгіштіктің айқын бұзылуы - жедел перикардит, миокардит және эндокардит - аорта қатпарлануы - аорта аневризмасы - ультрадыбыстық зерттеу кезінде қанағаттанарлықсыз визуализация - емделмеген/бақыланбайтын артериялық гипертензия - қарыншаларда толтырылу обструкциясы (констриктивті перикардит, перикард тампонадасы) - гиповолемия - анамнездегі добутаминге аса жоғары сезімталдық |
Қауіпсіздік шаралары
| Жүректің жиырылу жиілігі немесе систолалық артериялық қан қысымының едәуір жоғарылауында немесе аритмияның дамуында добутамин дозасын азайту немесе препаратты қабылдауды уақытша тоқтату керек. Добутаминді қолдану қарыншалық эктопиялық белсенділікке түрткі болуы немесе күшейтуі мүмкін, сирек жағдайларда қарыншалық тахикардияны немесе фибрилляцияны тудыруы мүмкін. Добутамин атриовентрикулярлық өткізгіштікті жеңілдететіндіктен, жүрекшенің дірілдеуі немесе жыпылықтауы бар пациенттерде қарыншалардың жиырылу жиілігін арттыруы мүмкін. Жедел миокард инфарктісі бар пациенттерде добутамин препаратын қолданғанда ерекше сақтық қажет, себебі жүрек жиырылу жиілігінің (ЖЖЖ) артуы немесе артериялық қысымның (АҚ) едәуір жоғарылауы ишемияны күшейтуі және ангинозды ауырсынуды және ST сегментінің көтерілуін тудыруы мүмкін. Инотропты препараттар, добутаминді қоса, механикалық обструкциясы бар пациенттердің көпшілігінде гемодинамиканы жақсартпайды, бұл қарыншаларда қанның толтырылуына да, шығарылуына да кедергі келтіреді. Инотропты жауап қарыншалық сәйкестігі айтарлықтай төмендеген пациенттерде жеткіліксіз болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар жүрек тампонадасына, аорта қақпақшасының стенозына және идиопатиялық гипертрофиялық субаорталық стенозға тән. Кейде, әсіресе жақында бета-блокаторлар қабылдаған пациенттерде қан тамырларының аздап тарылуы байқалады. Добутаминнің инотропты әсері жүректі β-1 рецепторларының стимуляциялауының салдары болып табылады және бұл әсер бета-блокаторлармен теңестіріледі. Алайда, добутамин бета-блокаторлардың кардиодепрессивті әсеріне қарсы тұрады. Және керісінше, адренергиялық блокада β-1 және β-2 рецепторларына әсерді айқын етуі мүмкін, бұл тахикардияға және тамырлардың кеңеюіне әкеледі. Добутаминмен стресс-эхокардиография Стресс-эхокардиографияны осы көрсеткіштер бойынша добутаминді қолдану тәжірибесі жеткілікті дәрігер ғана жүргізуі тиіс. Жаттығуларға балама ретінде жүректің стресс-тестін жүргізу үшін Добутамин концентратын қолдану тұрақсыз стенокардиясы, Гис шоғыры тармағының блокадасы, жүрек ақауы, аортадан ағып шығу жолы обструкциясы немесе пациентті дене жүктемесі бар тест жүргізуге жарамсыз деп тануға негіз болатын басқа жүрек ауруы бар пациенттерге ұсынылмайды. Жүрек бұлшықетінің жыртылуы-миокард инфарктісінің потенциалды асқынуы. Миокардтың жыртылу қаупі (қарынша аралық қалқа және бос қабырғасы) әр түрлі факторларға, соның ішінде инфаркт аймағының орналасқан жеріне және одан кейінгі өткен уақытқа байланысты болуы мүмкін. Сирек жағдайларда, добутаминмен стресс-эхокардиография кезінде жүрек жарылуы миокард инфарктісінің асқынуы ретінде байқалды. Бұл құбылыстар тексеру кезінде жуырда миокард инфарктісімен (4-12 күн ішінде) ауруханаға жатқызылған пациенттерде шығарар алдында болған. Бос қабырғаның жыртылуы сипатталған жағдайларында тыныш күйдегі эхокардиограммада дискинетикалық және жіңішкерген төменгі қабырғаны көрсетті. Жүрек қабырғасының немесе аралық қалқасының жарылу қаупі бар пациенттерді тест өткізгенге дейін міндетті түрде тексеру қажет. Добутаминмен стресс-эхокардиографияны тоқтатудың критерийлері: - жасына қарай болжанған жүректің жиырылуының ең жоғары жиілігіне қол жеткізу [(220-жылдық жасы) х 0,85] - систолалық АҚ-ның 20 мм сын.бағ. артық төмендеуі - артериялық қысымның 220/120 мм сын.бағ. жоғары көтерілуі. - үдемелі симптомдар (стенокардия, ентігу, бас айналу, қимыл-қозғалысты үйлестірудің бұзылуы) - үдемелі аритмия (мысалы, бигеминия, топтық экстрасистолия) - өткізгіштіктің үдемелі бұзылуы -миокардтың жергілікті жиырылуының 1 сегменттен астам бұзылуы (эхокардиографияның 16-сегменттік моделі) -ақырғы-систолалық көлемнің ұлғаюы - анамнезінде миокард инфарктісі жоқ пациенттерде аномальді реполяризацияның дамуы (бастапқы деңгеймен салыстырғанда J нүктесінен кейін ұзындығы 80 (60) миллисекунд 0,2 мВ астам ST сегментінің көлденең немесе төмен көлбеу депрессиясы; ST сегментінің үдемелі немесе монофазалы 0,1 мВ жоғары көтерілуі) - ең жоғары дозаға қол жеткізу Ауыр асқынулар дамыған жағдайда добутаминмен стресс-эхокардиографияны дереу тоқтату қажет. Добутамин концентратын қабылдау кезінде, кез-келген парентеральді катехоламин сияқты, жүрек жиырылу жиілігін және ырғағын, артериялық қысымын және инфузия жылдамдығын мұқият бақылау керек. Емнің басында тұрақты жауапқа қол жеткізгенге дейін электрокардиографиялық мониторинг жүргізу ұсынылады. Добутамин еміне байланысты артериялық қысымның күрт төмендеуі туралы хабарлар бар. Дозаны азайту немесе инфузияны тоқтату әдетте артериялық қысымның бастапқы мәндеріне тез оралуға әкеледі, бірақ сирек жағдайларда қайтымдылық тез болмай медициналық араласу қажет болуы мүмкін. Кардиогенді шокпен асқынған ауыр гипотензия болған кезде (орташа АҚ 70 мм сын. бағ. кем құрайды) добутаминді сақтықпен қолдану керек. Қажет болса, добутаминді енгізер алдында гиповолемияны жаңа алынған қанды немесе плазманы енгізумен түзету керек. Егер қарыншаны толтырудың және жүректің лықсытуының қанағаттанарлық қысымына қарамастан артериялық қан қысымы төмен болып қалса немесе добутаминді енгізу кезінде төмендей берсе, шеткері допамин немесе норепинефрин вазоконстрикторларын бір мезгілде қолдану мүмкіндігін қарастыруға болады. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Құрамында галогені бар анестетиктер Добутаминді циклопропанмен, галотанмен және құрамында галогені бар басқа анестетиктермен анестезия жүргізу кезінде ерекше сақтықпен қолдану керек, дегенмен қарыншалық аритмиялардың даму ықтималдығы адреналинмен салыстырғанда төменірек. Энтакапон Энтакапон Добутаминнің әсерін өзгертуі мүмкін. Бета-адреноблокаторлар Добутаминнің инотроптық әсері миокардтың β1-рецепторларын стимуляциялаумен байланысты, сондықтан оны β-адренорецепторлар блокаторларымен бір мезгілде қолданғанда бұл әсер әлсіреуі мүмкін. Добутаминнің бета-адреноблокаторлардың әсеріне қарсы әсер ететіні дәлелденген. Емдік дозаларда добутамин α1- және β2-агонистердің орташа қасиеттеріне ие. Пропранолол сияқты селективті емес бета-адреноблокаторларды бір мезгілде қолдану α-рецепторлар арқылы жүретін вазоконстрикцияның және рефлекторлық брадикардияның салдарынан артериялық қысымның жоғарылауына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, α-блокаторлық қасиеттері де бар карведилол сияқты бета-адреноблокаторларды бір мезгілде қолдану β2-рецепторлар әсерінің басым болуына байланысты дамитын вазодилатация салдарынан артериялық гипотензияны туындатуы мүмкін. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге добутаминнің әсері белгісіз. Осы пациенттерге препаратты қолданған кезде мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге добутаминнің әсері белгісіз. Осы пациенттерге препаратты қолданған кезде мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады. |
Жүктілік
| Жүктілік кезінде Добутамин препаратын қолдану туралы деректер жоқ. Жануарларды зерттеу деректері жүктілікке, эмбриональді дамуға, шарананың дамуына, босануға немесе постнатальді дамуға тікелей немесе жанама зиянды әсерін көрсеткен жоқ. Жүкті әйелдерде добутаминді қолдану қауіпсіздігі дәлелденбеген. Добутаминнің адам ұрығына әсері белгісіз. Осыған байланысты жүктілік кезінде Добутаминді қолдану ана үшін күтілетін пайдасы шарана үшін ықтимал қауіптен асып кеткен жағдайда ғана мүмкін болады. |
Емізу
| Добутаминнің емшек сүтіне өтетіні немесе өтпейтіні белгісіз. Жануарларда добутаминнің сүтпен шығарылуы зерттелмеген. Емшекпен емізуді тоқтату немесе Добутаминмен емдеуді тоқтату/уақытша тоқтату туралы шешім бала үшін емшекпен емізудің пайдасын және ана үшін емдеудің артықшылықтарын ескере отырып қабылдануы тиіс. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі (≥ 1/10) - ЖЖЖ ≥ 30 соғу/мин ұлғаюы Жиі ( ≥ 1/100 бастап < 1/10 дейін) - эозинофилия, тромбоциттер агрегациясының бәсеңдеуі (бірнеше күн бойы инфузия кезінде ғана) - бас ауыруы - артериялық қан қысымының төмендеуі, қарыншалық аритмия, дозаға тәуелді қарыншалық экстрасистолалар. Жүрекше фибрилляциясы бар пациенттерде қарыншалық жиырылу жиілігінің жоғарылауы. Мұндай пациенттерге добутамин инфузиясы алдында дигитализация керек - АҚ ≥ 50 мм сын. бағ. жоғарылауы. Елеусіз вазоконстрикция, әсіресе бұрын бета-адреноблокаторлар қабылдаған пациенттерде Жиі емес ( ≥ 1/1000 бастап < 1/100 дейін) - қарыншалық тахикардия, қарыншалар фибрилляциясы Өте сирек (< 1/10000) - гипокалиемия - брадикардия, миокард ишемиясы, миокард инфаркті, жүрек тоқтауы Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) - бөртпе, дене температурасының жоғарылауы, эозинофилия және бронх түйілуі түріндегі аса жоғары сезімталдық реакциялары туралы хабарланды. Анафилаксиялық реакциялар және өмірге қауіп төндіретін ауыр демікпе ұстамалары сульфитке аса жоғары сезімталдықтан туындауы мүмкін - мазасыздық, ысыну және үрейлену сезімі - парестезия, тремор, миоклонустық құрысулар. Добутаминді қолдану кезіндегі миоклония жағдайлары ауыр бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерде тіркелген - трансплантациядан бұрын добутаминмен немесе басқа да инотропты препараттарды қоса, басқа дәрілік препараттармен емдеуде болған жүрек ауыстырып салған пациенттерде эозинофильді миокардит байқалады Электрокардиограммада ST сегментінің көтерілуі - өкпе капиллярларындағы қысымның төмендеуі - жүрек айнуы - несеп шығаруға қысылудың жиілеуі Балалар: ересектермен салыстырғанда ЖСЖ және/немесе артериялық қан қысымының айқынырақ жоғарылауы, сондай-ақ өкпе капиллярларындағы қысым шамасының тым елеусіз төмендеуі байқалады. Добутаминмен стресс-эхокардиография Өте жиі (≥ 1/10) - 6/мин астам жиілікпен қарыншалық экстрасистолия - кеудедегі жайсыздық Жиі (≥ 1/100 бастап < 1/10 дейін) - суправентрикулярлық экстрасистолалар, қарыншалық тахикардия - бронх түйілуі, ентігу - жүрек айнуы - экзантема - кеуденің ауыруы - жоғары дозаларды енгізгенде несеп шығаруға қысылудың жиілеуі Жиі емес (≥ 1/1000 бастап < 1/100 дейін) - қарыншалар фибрилляциясы, миокард инфаркті Өте сирек (< 1/10000) - екінші дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, жүрек қағуын сезіну - коронарлық тамырлардың түйілуі, гипертониялық/гипотензиялық артериялық қысымның декомпенсациясы, қуысішілік қысым градиентінің пайда болуы - петехиальді қан құйылулар - тері некрозы Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) - стресстен индукцияланған кардиомиопатия, жүректің фатальді жарылуы - сол жақ қарыншаның шығу жолының обструкциясы Балалар Жағымсыз әсерлерге систолалық АҚ жоғарылауы, жүйелік гипертензия немесе гипотензия, тахикардия, бас ауруы және іркілу құбылыстарына, өкпе ісінуіне, сондай-ақ симптоматикалық шағымдарға әкелетін өкпе артериясындағы кептелу қысымының жоғарылауы жатады. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Ересектер Әдеттегі ұсынылатын доза 2,5–10 мкг/кг/мин құрайды. Кейбір жағдайларда 0,5 мкг/кг/мин сияқты төмен дозалар жеткілікті болуы мүмкін. Сирек жағдайларда дозаны 40 мкг/кг/мин дейін арттыру қажет болуы мүмкін. Енгізу жылдамдығы мен емдеу ұзақтығы пациенттің реакциясына қарай түзетілуі тиіс. Бұл ретте жүрек соғу жиілігі, артериялық қысым, диурез және мүмкіндігінше жүректің лықсу көлемі бақыланады. Дозаға тәуелді жағымсыз әсерлер Добутаминді 10 мкг/кг/мин-тан төмен жылдамдықпен енгізген кезде сирек байқалады. Кейбір жағдайларда 40 мкг/кг/мин дейінгі дозалар айқын жағымсыз әсерлер дамымай қолданылған. Енгізілетін ерітіндінің соңғы көлемі пациенттің сұйықтыққа деген қажеттілігіне байланысты анықталады. Сұйықтықты тұтынуы шектелген пациенттерде 5000 мкг/мл дейінгі концентрациялар қолданылған. Добутаминнің жоғары концентрацияларын дозалаудың дәлдігін қамтамасыз ету үшін тек инфузиялық помпаның көмегімен енгізу керек. Стресс-эхокардиография: жүрекке стресс-эхокардиография жүргізу кезінде дене жүктемесіне балама ретінде препаратты дозаны 5-тен 20 мкг/кг/мин дейін 5 мкг/кг/мин қадаммен біртіндеп арттыра отырып енгізу ұсынылады, бұл ретте әрбір доза 8 минут бойы енгізіледі. Зерттеу барысында ЭКГ-ны үздіксіз бақылау қажет. ST сегментінің 3 мм-ден артық депрессиясы, қарыншалық аритмияның дамуы, осы жасқа/жынысқа сәйкес ең жоғары жүрек соғу жиілігіне жету, систолалық артериялық қысымның 220 мм сын. бағ. жоғары үдемелі артуы немесе қандай да бір жағымсыз құбылыстар пайда болған жағдайда инфузияны тоқтату қажет. Препарат тек вена ішіне енгізуге арналған. Добутаминді енгізер алдында оны келесі инфузиялық ерітінділердің бірімен 50 мл-ге дейін сұйылту қажет: натрий хлориді ерітіндісімен, 5% декстроза ерітіндісімен, 5% декстроза + 0,9% натрий хлориді ерітіндісімен немесе натрий лактаты ерітіндісімен. Мысалы, 250 мл немесе 500 мл дейін сұйылтқанда енгізуге арналған келесі концентрациялар алынады: 250 мл құрамында 1000 мкг/мл добутамин болады. 500 мл құрамында 500 мкг/мл добутамин болады. Дайындалған ерітіндіні 24 сағат ішінде пайдалану қажет. Добутаминді жартылай шығарылу кезеңінің қысқалығына байланысты ұзақ уақыттық үздіксіз венаішілік инфузия түрінде енгізу керек. Сұйылтқаннан кейін ерітіндіні вена ішіне немесе катетер арқылы тамшылатқыштың немесе инфузия жылдамдығын бақылауға арналған басқа дозалаушы құрылғының көмегімен енгізеді. Ерітінді тек бір рет қолдануға арналған. Пайдаланылмаған ерітінді қалдықтарын жою қажет. Ерітіндінің түсі өзгерген жағдайда препаратты қолдануға болмайды. |
Балаларда қолданылуы
| 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде добутаминнің қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған. |