C01CA04 Допамин (Dopamine)

Қолдану көрсеткіштері

Допамин гемодинамикалық теңгерімсіздікті түзету үшін мыналарда қолданылады:
1) Миокард инфарктісіне, эндотоуытты септицемияға, жарақатқа немесе бүйрек жеткіліксіздігіне байланысты жедел гипотензия немесе шок.
2) Ашық жүректегі операциядан кейін, гиповолемияны түзеткен соң тұрақты гипотензия сақталатын кезде қосымша дәрі ретінде.
3) Іркілісті жеткіліксіздік кезіндегідей жүректің созылмалы жеткіліксіздігінде.
    Клинические протоколы:
  1. Иерсиниоз
  2. Диарея у детей. Затяжная диарея
  3. Ботулизм у детей
  4. Псевдотуберкулез
  5. Акушерский сепсис
  6. Бешенство у взрослых
  7. Острые вирусные гепатиты B, C и D, передающиеся парентеральным путем у детей
  8. Острые вирусные гепатиты В, D и С у взрослых
  9. Сепсис
  10. Клещевой энцефалит
  11. Лептоспироз
  12. Листериоз
  13. Менингококковая инфекция
  14. Менингококковая инфекция у детей
  15. Апластическая анемия у детей
  16. Аутоиммунная гемолитическая анемия у взрослых
  17. Гаплоидентичная трансплантация костного мозга
  18. Сочетанное поражение коронарных артерий и врожденные пороки сердца
  19. Иммунная тромбоцитопения у взрослых
  20. Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
  21. Трансплантация сердечно-легочного комплекса
  22. Изъятие донорского сердца
  23. Ведение пациентов после трансплантации сердца у детей
  24. Гипертрофическая кардиомиопатия
  25. Кардиогенный отек легких
  26. Миокардиты
  27. Нарушения проводимости сердца (АВ-блокада)
  28. Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
  29. Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
  30. Применение монооксида азота для лечения легочной гипертензии
  31. Сочетанное поражение коронарных артерий и клапанного аппарата сердца
  32. Стеноз аортального клапана
  33. Стеноз митрального клапана
  34. Стеноз трикуспидального клапана
  35. Трансплантация сердца
  36. Хроническая посттромбоэмболическая легочная гипертензия
  37. Хроническая сердечная недостаточность у детей
  38. Хронические ревматические болезни сердца у детей
  39. Экстракорпоральная мембранная оксигенация как метод лечения тяжелых форм дыхательной и сердечной недостаточности
  40. Лекарственная гиперчувствительность с различными клиническими проявлениями
  41. Гастродуоденальный стеноз
  42. Тупая травма живота, открытые повреждения живота
  43. Острая мезентериальная ишемия
  44. Перфоративная язва желудка и двенадцатиперстной кишки
  45. Цирроз печени у взрослых
  46. Криз отторжения почечного трансплантата
  47. Острая почечная недостаточность (острое почечное повреждение)
  48. Трансплантация почки у детей
  49. Хроническая трансплантационная нефропатия
  50. Бактериальный сепсис новорожденного
  51. Травматический шок
  52. Крайняя незрелость
  53. Некротический энтероколит у новорожденного
  54. Реанимация недоношенных детей
  55. Респираторный дистресс-синдром (неонатология)
  56. Стойкое фетальное кровообращение / Персистирующая легочная гипертензия у новорожденного
  57. Язвенно-некротический энтероколит (педиатрия)
  58. Атрезия легочной артерии
  59. Болезнь Гиршпрунга у детей
  60. Врожденная высокая кишечная непроходимость у новорожденных
  61. Врожденные пороки развития легких у новорожденных
  62. Критические врожденные пороки сердца у новорожденных
  63. Открытый артериальный проток
  64. Пороки развития диафрагмы у новорожденных
  65. Пороки развития пищевода у новорожденных
  66. Тетрада Фалло у детей
  67. Тотальный аномальный дренаж у детей
  68. Хирургическое лечение транспозиции магистральных сосудов у детей
  69. Кесарево сечение
  70. Эмболия околоплодными водами
  71. Кардиогенный шок
  72. Изъятие фрагмента печени от прижизненного донора с целью трансплантации реципиенту
  73. Анафилактический шок
  74. Ожоги у детей
  75. Отморожение у детей
  76. Переломы, захватывающие несколько областей тела, у детей
  77. Подготовка кадавра к мультиорганному забору органов и/или тканей
  78. Сочетанная травма у детей
  79. Открытая торакальная травма
  80. Закрытая торакальная травма
  81. Геморрагическая лихорадка с почечным синдромом
  82. Сепсис
  83. Коронавирусная инфекция CОVID-19 у взрослых (7 редакция пересмотр 2024 год)

Қарсы көрсеткіштері

-допаминге немесе басқа симпатомиметиктерге, немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- феохромоцитома, гипертиреоз
- түзетілмеген жүрекшелік қарыншалық тахиаритмиялар және қарыншалардың фибрилляциясы
- циклопропанмен және галогенделген көмірсутекті анестетиктермен бірге тағайындау.

Қауіпсіздік шаралары

Допаминді түзетілмеген тахиаритмиялар немесе қарыншалардың фибрилляциясы бар болған кезде қолданбау керек. Сондай-ақ феохромоцитомасы немесе гипертиреозы пациенттерде пайдалануға болмайды.
Анестетиктер
Циклопропанды және галогенделген көмірсутекті анестетиктерден аулақ болу керек.
Моноаминоксидаза (МАО) тежегіштері
Допаминге дейін МАО тежегіштерімен емделген пациенттерге азайтылған дозаларды тағайындау керек; бастапқы доза әдеттегі дозаның оннан бірін (1/10) құрауға тиіс.
Экстравазация
Периваскулярлы тіндердің инфильтрациясына жол бермеу үшін допамин гидрохлоридінің 5% глюкоза ерітіндісімен әзірленген ерітіндісі үлкен венаға енгізілуі тиіс. Допамин гидрохлоридінің экстравазациясы инфузия кезінде тіндердің некрозын және шеткері ишемияның белгілерін туындатуы мүмкін.
Экстравазация қаупін төмендету үшін препаратты сұйылтқаннан кейін ірі венаға немесе орталық веналар жүйесіне енгізу керек. Препаратты артерия ішіне және болюстік инъекция түрінде енгізуге болмайды. Экстравазальді түрде енгізген жағдайда некроздық өзгерулерді шектеу мақсатында зақымданған аймаққа теріастылық инъекцияға арналған жіңішке ине жәрдемімен дереу мезилат фентоламин ерітіндісімен (10-15 мл 0,9% натрий хлориді ерітіндісінде 5-тен 10 мг дейін) инфильтрация жүргізу керек.
Диабет
Симптомсыз немесе диагностикаланған қант диабеті бар науқастарда глюкоза ерітіндісін сақтықпен пайдалану керек.
Калийсіз ерітінділерде шамадан тыс енгізу елеулі гипокалиемияға әкелуі мүмкін.
Мұндай ерітінділерді вена ішіне енгізу судың және/немесе тұздың артық жүктемесіне әкелуі мүмкін, бұл электролиттердің қан сарысуындағы концентрациясының сұйылуына, гипергидратацияға, іркілу жағдайына немесе өкпенің ісінуіне әкеледі.
Гиповолемия
Допаминді енгізер алдында гиповолемияны түзету қажет. Миокард инфарктісінен туындаған шокта допаминнің төмен дозалары пайдаланылуы тиіс.
Гипоксия, гиперкапния және ацидоз, ықтимал жағымсыз әсерлерді арттыра отырып, препараттың тиімділігін төмендетеді. Емдеу осы жағдайларды түзетумен қатар жүргізілуі тиіс.
Ырғақтық қысымның төмендеуі
Егер симптомдар: диастолалық қысымның төмендеуі, ырғақтық қысымның елеулі төмендеуі (қантамырлардың тарылуын айғақтайтын) пайда болса, допаминнің дозасын азайту және пациентке мұқият бақылау жүргізу керек.
Қантамырлардың окклюзиялық ауруы
Анамнезінде шеткері қантамырлардың аурулары бар (атеросклероз, артериялық эмболия, Рейно ауруы, мұздау, облитерлейтін тромбангиит, диабеттік эндартериит) пациенттерге препаратты тағайындағанда аяқ-қол терісі түсінің немесе температурасының өзгеруін анықтау мақсатында мұқият бақылау жүргізу қажет. Қантамырлардың тарылуы нәтижесі болып табылатын ишемия жағдайында, некроздық өзгерулердің даму қауіптілігін ескере отырып, допаминмен емдеуді жалғастырудың мақсатқа сәйкестігін қарастыру керек. Бұл жағдайға допаминнің дозасын төмендете немесе оны енгізуді тоқтата отырып, жол бермеуге болады. Осы өзгерістер инфузияны тоқтатқанда немесе оның жылдамдығын азайтқанда қайтымды болуы мүмкін. Фентоламин мезилатын 5–10 мг вена ішіне енгізу де ишемияны азайтуы мүмкін.
Гипотония
Қажетсіз гипотензияны болдырмау үшін допамин инфузиясын бірте-бірте тоқтату керек.
Зертханалық тесттерге ықпалы
Допамин инфузиясы гипофиздің тиреотропты гормон және пролактин секрециясын бәсеңдетеді.
Допаминді сілтілі сұйылтқыштарға қоспау керек.
Қосымша заттардың құрамы
Препараттың құрамында аллергиялық реакцияларға бейім келетін адамдарда аллергиялық реакцияны (бронхтың түйілуін, анафилаксияны) және өмірге қауіп төндіретін жағдайларды туындатуы мүмкін натрий метабисульфиті бар. Сульфиттерге аса жоғары сезімталдықтың таралуы жалпы популяцияда төмен және анамнезінде бронх демікпесі немесе атопиялық аурулары бар адамдарда жиі кездеседі.
Допамин 4 %, 5 мл, инъекцияға арналған ерітіндінің құрамында 6,5 мг немесе 0,29 ммоль натрий бар. Бұл препараттың құрамында бір ампуласында 1 ммольден аз (23 мг) натрий бар, яғни, шын мәнінде натрий жоқ.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Анестетиктер. Допаминді және циклопропанды немесе галогенделген көмірсутекті анестетиктерді біріктіріп пайдалануға жол бермеу керек, бұған олардың аритмияны және гипертензияны туындатуға әлеуетті қабілеттілігі себепші болады.
Альфа- және бета-адренергиялық рецепторлардың блокаторлары. Допаминнің жүрекке әсерлері пропранолол және метопролол сияқты бета-адренергиялық рецепторлармен бәсеңдейді. Допаминнің жоғары дозаларынан туындаған шеткері қантамырлардың тарылуы альфа-адренергиялық рецепторлардың блокаторларымен бәсеңдейді.
Допаминмен индукцияланған бүйректік және мезентериальді қантамырлардың тарылуы альфа- да, бета- да адреноблокаторлармен бәсеңдемейді (бірақ эксперимент кезінде жануарларда қантамырлардың тарылуы галоперидолмен немесе бутерофенон қатарының басқа препараттарымен, фенотиазиндермен және апиындармен бәсеңдеді).
Моноаминоксидаза (MAO) тежегіштері. МАО тежегіштері допаминнің әсер етуін және оның әсер ету ұзақтығын көтермелейді. Сондықтан допаминді енгізгенге дейін МАО тежегіштерін қабылдаған пациенттер дозаны едәуір төмендетуді қажет етеді. Бастапқы доза әдеттегі дозадан, ең кемінде, 1/10 дейін азайтылуы тиіс.
Фенитоин. Допамин қабылдаған пациенттерге фенитоинды вена ішіне енгізу артериялық гипотонияға және брадикардияға әкелді, сондықтан допамин қабылдаған пациенттерде фенитоинды аса сақтықпен пайдалану ұсынылады.
Диуретиктер. Допамин диуретиктердің әсерін күшейтуі мүмкін.
Вазопрессорларды және кейбір окситоциндік препараттарды бір мезгілде қабылдау персистирленетін ауыр гипертонияға әкелуі мүмкін.
Қастауыш алкалоидтары. Шамадан тыс взоконстрикция мүмкін болатындықтан, қастауыш алкалоидтарымен біріктіріп қолдануға жол бермеу керек.
Трициклдық антидепрессанттар және гуанетидин
Трициклдық антидепрессанттар және гуанетидин жоғары артериялық қысыммен сипатталатын допаминнің әсерін күшейтуі мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Допаминнің бүйрек функциясының бұзылуына ықпалы белгісіз болғандықтан, мұқият мониторинг ұсынылады.

Бауыр жеткіліксіздігі

Допаминнің бауыр функциясының бұзылуына ықпалы белгісіз болғандықтан, мұқият мониторинг ұсынылады.

Жүктілік

Жүктілік кезінде допаминді қолданудың қауіпсіздігі туралы деректер жоқ, осыған байланысты жүктілік кезінде препаратты, егер ана үшін болжамды пайдасы шарана үшін әлеуетті қаупінен басым болса ғана, қолдану керек.

Емізу

Допаминнің плацента арқылы өтуі туралы және препараттың емшек сүтіне экскрециясы туралы деректер жоқ.

Жағымсыз әсерлері

Жиі
бас ауыруы
эктопиялық жүрек систоласының дамуы
тахикардия
ангинальді ауыру
жүректің қағуын сезіну
гипотония
вазоконстрикция
диспноэ
жүрек айнуы
құсу
Жиі емес
азотемия
пилоэрекция
мидриаз
жүрек өткізгіштігінің бұзылуы
брадикардия
QRS-кешенінің кеңеюі
жүрек аритмиялары, өліммен аяқталуын қоса
артериялық қысымның жоғарылауы
Белгісіз (қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес)
жыпылықтағыш аритмия

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер
Қажет болған жағдайда допамин гидрохлоридін енгізгенге дейін айналымдағы қан көлемі сәйкес келетін плазма алмастырғыштың немесе жаңа алынған қанның көмегімен қалпына келтірілуге тиіс.
Препаратты қатаң түрде дәрігердің тағайындауымен стационар жағдайында қолданады!
Дозаны шоктың ауырлық дәрежесіне, АҚ шамасына және науқстың емге реакциясына байланысты жекелей белгілейді. Енгізу жылдамдығын пациенттің оңтайлы реакциясына қол жеткізу үшін жекелей таңдау керек. Инфузияның ұзақтығы пациенттің жекелей ерекшеліктеріне және жағдайының ауырлығына байланысты. Клиникалық жағдай тұрақтанғаннан кейін препаратты тоқтатуды біртіндеп жүргізеді.
Ерітіндіні мүмкіндігінше ірі веналарға енгізу керек.
Инфузияның бастапқы жылдамдығы жүрек күшінің және бүйрек перфузиясының орташа ұлғаюына реакция беруі ықтимал пациенттерде минутына 2,5 мкг/кг құрайды.
Ауырлау жағдайларда допаминді енгізу минутына 5 мкг/кг жылдамдықпен басталуы мүмкін. Содан кейін доза біртіндеп минутына 5-тен 10 мкг/кг дейін, қажет болғанда минутына 20-50 мкг/кг дейін арттырылуы мүмкін. Егер минутына 50 мкг/кг-ден жоғары дозалар қажет болса, диурезді жиі тексеру ұсынылады. Егер гипотензия жоқ кезде диурез азая бастаса, допаминның дозасын төмендету туралы мәселені қарастыру керек. Пациенттердің 50%-дан астамында допаминнің минутына 20 мкг/кг дозаларын қолданған кезде қанағаттанарлық жағдайды сақтаудың сәті түсетіні анықталды.
Бұл дозаларға реакция бермейтін пациенттерде д талапқа сай артериялық қысымға, несеп ағынына және жалпы перфузияға қол жеткізу үшін опаминнің қосымша дозалары енгізілуі мүмкін.
Барлық пациенттерді емдеу қан көлемі, жүректің жиырылу қабілетінің артуы және шеткері перфузияның таралуы мен диурез тұрғысынан емге ұдайы баға беруді қажет етеді.
Допаминнің дозасын несеп ағынының белгіленген жылдамдығының азаюына, тахикардияның күшеюіне немесе жаңа аритмиялардың дамуына дозалауды азайту немесе уақытша тоқтата тұру үшін көрсетілім ретінде ерекше көңіл бөле отырып, пациенттің реакциясына байланысты түзету керек.
Жүрек ырғағының бұзылуы, диурездің азаюы, тахикардияның күшеюі туындаған жағдайда препараттың дозаларын әрі қарай арттыруға болмайды.
Ескертпе: препаратты енгізу кезінде гемодинамиканы (артериялық қысым, жүректің жиырылу жиілігі) және диурезді үнемі бақылау қажет.

Балаларда қолданылуы

Балаларда допаминді қолданудың қауіпсіздігі және тиімділігі жөнінде деректер жоқ, осыған байланысты оны педиатриялық іс-тәжірибеде тағайындау ұсынылмайды.