C01BD01 Амиодарон (Amiodarone)
Қолдану көрсеткіштері
Емдеу стационар жағдайында басталып және стационар жағдайында мониторингтелуі тиіс. Препарат басқа кластың аритмияға қарсы дәрілері тиімсіз болғанда немесе оларды қолдануға болмайтын жағдайларда тағайындалады.
- қарынша үстілік пароксизмальді тахикардияның қайталануының алдын алудағы Вольф-Паркинсон-Уайт синдромында
- жүрекше фибрилляциясы және дірілдеуі қайталануының алдын алуда
- суправентрикулярлық, атриовентрикулярлық, қарыншалық
тахиаритмияны, қарыншалық фибрилляцияны қоса пароксизмальді тахиаритмияның барлық түрлерінің алдын алу
- жақында өткерген миокард инфарктісінен кейінгі немесе сол жақ қарынша фракциясының лықсытуы 40% төмен болғандағы созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық симптомдары бар жоғарғы қауіп тобындағы емделушілерде қарыншалық аритмияның алдын алуда
-
Клинические протоколы:
- Пролапс митрального клапана у детей
- Хроническая сердечная недостаточность у детей
- Кардиомиопатия у детей
- Гипертрофическая кардиомиопатия
- Перипортальная кардиомиопатия
- Синдром преждевременного возбуждения желудочков
- Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
- Трансплантация сердца
- Фибрилляция и трепетание предсердий
- Кардиогенный отек легких
- Хроническая сердечная недостаточность
- Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
- Синкопальные состояния
- Апластическая анемия у детей
- Внезапная смерть
- Пароксизмальная ночная гемоглобинурия у взрослых
- Изъятие донорского сердца
- Подготовка кадавра к мультиорганному забору органов и/или тканей
- Инфаркт миокарда с подъемом сегмента ST
- Миокардиты
- Миокардиты у детей
- Неревматические поражения митрального клапана у детей
- Острая ревматическая лихорадка (педиатрия)
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Острый коронарный синдром без подъема сегмента ST (Нестабильная стенокардия, Инфаркт миокарда без подъема сегмента ST)
- Перикардиты
- Хронические ревматические болезни сердца у детей
- Синдром дуги аорты Такаясу у детей
- Криз отторжения почечного трансплантата
- Хроническая трансплантационная нефропатия
Қарсы көрсеткіштері
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- амиодаронға немесе препараттың басқа компоненттеріне, йодқа жоғары сезімталдық;
- синустық брадикардия, синоатриалдық блокада;
- синустық түйін әлсіздігі синдромы (кардиостимулятор болмағанда);
- II–III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, қарыншаішілік өткізгіштіктің бұзылуы (екі және үш тармақты блокада) (кардиостимулятор болмағанда);
- полиморфты «пируэт» типті қарыншалық тахикардияны индукциялайтын препараттармен бір мезгілде қолдану;
- қалқанша без функциясының бұзылуы (гипо- және/немесе гипертиреоз);
- жүктілік және лактация кезеңі;
- 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер.
Қауіпсіздік шаралары
Айрықша нұсқаулар және сақтық шаралары
Жалпы ұсынымдар
Амиодаронмен емдеуді бастамас бұрын ЭКГ зерттеуін жүргізу және қан сарысуындағы калий концентрациясын анықтау ұсынылады.
Амиодаронмен емдеу кезеңінің бүкіл барысында ЭКГ мен трансаминазалар деңгейіне мониторинг жүргізу ұсынылады.
Амиодарон имплантацияланған дефибрилляторы, кардиовертері және/немесе кардиостимуляторы бар пациенттерде қарыншалар фибрилляциясының шегін және/немесе дефибрилляция шегін арттыруы мүмкін, бұл аталған құрылғылардың тиімділігіне теріс әсер етуі ықтимал. Сондықтан емдеуді бастағаннан кейін немесе препарат дозасын өзгерткеннен кейін құрылғының дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін жүйелі бақылау жүргізу ұсынылады.
Емдеу кезеңінде пациенттер тікелей күн сәулесінің әсерінен аулақ болуы немесе қорғаныс шараларын (мысалы, күннен қорғайтын крем қолдану, сәйкес қорғаныш киім кию) қабылдауы тиіс.
Анестезия
Хирургиялық араласулар жүргізілген кезде анестезиологқа пациенттің осы препаратты қабылдап жүргені туралы міндетті түрде хабарлау қажет.
Жүрек-қантамыр жүйесі тарапынан болатын бұзылыстар
Препараттың шамадан тыс жоғары дозаларын қолдану ауыр брадикардияны және идиовентрикулярлық ырғақтың пайда болуымен жүрек өткізгіштігінің бұзылуын туындатуы мүмкін, әсіресе егде жастағы пациенттерде немесе оймақгүл (дигиталис) препараттарымен қатар ем қабылдағанда. Мұндай жағдайда Амиодаронды тоқтату қажет. Қажет болған жағдайда бета-адреномиметиктер немесе глюкагон тағайындалады.
Амиодаронның жартылай шығарылу кезеңі ұзақ болғандықтан, айқын брадикардия кезінде кардиостимулятор орнату мәселесін қарастыруға болады.
Амиодаронды қолданғанда ЭКГ-да келесі өзгерістер байқалуы мүмкін: QT аралығының ұзаруы, U тісшесінің пайда болуы және Т тісшесінің деформациясы. II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, синоатриалдық блокада немесе Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы пайда болған жағдайда емдеуді дереу тоқтату қажет.
Амиодаронның әлсіз аритмогендік әсері бар, ол көбіне кейбір дәрілік препараттармен біріктіріп қолданғанда және/немесе электролиттік бұзылыстар кезінде байқалады. Жаңа аритмияның дамуы немесе бұрыннан бар емделіп жүрген аритмияның өршуі мүмкін, кейбір жағдайларда өліммен аяқталуы ықтимал.
Эндокриндік бұзылыстар
Препараттың құрамында йод бар, сондықтан ол қалқанша бездегі радиоактивті йодтың жиналуын анықтайтын зерттеулердің, сондай-ақ қалқанша без гормондарының (Т3, Т4, ТТГ) нәтижелеріне әсер етуі мүмкін.
Амиодарон қалқанша без функциясының бұзылуын туындатуы мүмкін, әсіресе жеке немесе отбасылық анамнезінде қалқанша без аурулары бар пациенттерде. Осыған байланысты емдеуді бастар алдында, емдеу барысында және препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше ай бойы қалқанша без қызметіне клиникалық және биохимиялық бақылау жүргізу қатаң ұсынылады.
Гипотиреоз
Гипотиреозға келесі клиникалық белгілер болған жағдайда күмәндану қажет: дене салмағының артуы, суыққа сезімталдық, белсенділіктің төмендеуі, айқын брадикардия.
Диагноз қан сарысуындағы ТТГ деңгейінің жоғарылауымен және тиреотропин-рилизинг гормонына (ТРГ) жауап ретінде ТТГ жоғарылауымен расталады. Т3 және Т4 деңгейлері төмен болуы мүмкін.
Ем тоқтатылғаннан кейін әдетте 3 ай ішінде эутиреоз қалпына келеді. Өмірге қауіп төндіретін жағдайларда Амиодаронмен емді левотироксинмен біріктіріп жалғастыруға болады. Левотироксин дозасы ТТГ деңгейіне сәйкес түзетіледі.
Гипертиреоз
Гипертиреоз Амиодаронмен емдеу кезінде немесе препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше айдан соң дамуы мүмкін.
Дене салмағының төмендеуі, әлсіздік, мазасыздық, жүрек соғу жиілігінің артуы, аритмия, стенокардия, жүрек жеткіліксіздігі сияқты клиникалық белгілер дәрігерді сақтандыруы тиіс.
Диагноз қан сарысуындағы ТТГ деңгейінің төмендеуімен, Т3 деңгейінің жоғарылауымен және ТРГ-ға жауап ретінде ТТГ реакциясының төмендеуімен расталады.
Гипертиреоз дамыған жағдайда Амиодаронды тоқтату қажет. Клиникалық сауығудың алдында қалқанша бездің функционалдық көрсеткіштері қалыпқа келеді.
Ауыр гипертиреозды емдеу үшін антитиреоидты препараттар қолданылады; емнің бастапқы кезеңінде олардың жоғары дозалары қажет болуы мүмкін. Егер ем тиімсіз болса, бірнеше апта бойы кортикостероидтардың жоғары дозаларын (мысалы, преднизолон 1 мг/кг) тағайындау қарастырылуы тиіс.
Өкпе тарапынан болатын симптомдар
Ентігу немесе өнімсіз жөтел өкпенің уытты зақымдануының (аллергиялық пневмонит, альвеолалық/интерстициальды пневмонит, өкпе фиброзы, плеврит, облитерациялаушы бронхиолит) белгісі болуы мүмкін.
Бұл симптомдар, сондай-ақ жалпы жағдайдың нашарлауы (шаршағыштық, дене салмағының төмендеуі, қызба) кеуде қуысының рентгенологиялық зерттеуін және өкпенің функционалдық жағдайын бағалауды талап етеді.
Өкпенің уытты зақымдануының жағымсыз әсерлері, әдетте, Амиодаронды тоқтатқаннан кейін қайтымды және тез жоғалады. Қажет болған жағдайда кортикостероидтар тағайындалады.
Көпшілік жағдайда клиникалық симптомдар 3–4 апта ішінде жойылады, ал рентгенологиялық көрініс пен өкпенің функционалдық жағдайының қалыпқа келуі бірнеше айға дейін созылуы мүмкін.
Сонымен қатар, амиодарон қабылдаған пациенттерде хирургиялық операциядан кейін бірден жедел респираторлық дистресс-синдромының бірнеше жағдайы тіркелген. Осыған байланысты өкпені жасанды желдету кезінде мұндай пациенттерге мұқият мониторинг жүргізу ұсынылады.
Көру ағзасы тарапынан болатын бұзылыстар
Емдеу барысында көз түбін зерттеуді қоса алғанда, офтальмологиялық тексеру жүргізу қажет.
Көру жүйкесінің оптикалық нейропатиясы және/немесе невриті пайда болған жағдайда соқырлықтың даму қаупіне байланысты Амиодаронды дереу тоқтату қажет.
Көрудің бұлыңғырлануы немесе нашарлауы байқалған жағдайда жыл сайын офтальмологиялық тексеру жүргізу ұсынылады.
Жүйке-бұлшықет бұзылыстары
Амиодарон шеткергі сенсомоторлық нейропатияны және/немесе миопатияны туындатуы мүмкін.
Жүйке-бұлшықет функцияларының қалпына келуі әдетте препаратты тоқтатқаннан кейін бірнеше ай ішінде жүреді.
Қосымша заттар
Амиодаронның құрамында қосымша зат ретінде лактоза бар.
Галактозаны көтере алмаушылық, Lapp-лактаза тапшылығы немесе глюкоза-галактоза мальабсорбциясы сияқты сирек тұқым қуалайтын аурулары бар пациенттер бұл препаратты қабылдамауы тиіс.
Автокөлік құралдарын басқару және механизмдермен жұмыс істеу
Амиодаронмен емдеу кезеңінде автокөлік құралдарын басқарудан және жоғары зейін қоюды әрі психомоторлық реакциялардың жылдамдығын талап ететін әлеуетті қауіпті қызмет түрлерімен айналысудан бас тарту қажет.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Біріктірілімді қолдануға болмайды
QT аралығын ұлғайтып, пируэттік тахикардияның даму қаупін жоғарылататын дәрілік препараттар:
- Ia класты аритмияға қарсы дәрілер: хинидин, гидрохинидин, дизопирамид;
- III класты аритмияға қарсы дәрілер: дофетилид, ибутилид, соталол;
- бактерияға қарсы препараттар: эритромицинді, ко-тримоксазолды, пентамидинді көктамыр ішіне енгізу;
- литий препараттары, үшциклді антидепрессанттар: доксепин, мапротилин, амитриптилин;
- антипсихоздық препараттар: хлорпромазин, тиоридазин, флуфеназин, пимозид, галоперидол, амисульпирид, сультоприд, сульпирид, сертиндол;
- антигистаминдік препараттар: терфенадин, астемизол, мизоластин;
- малярияға қарсы препараттар: хинидин, мефлохин, хлорохин, галофантрин;
- фторхинолондар: атап айтқанда, моксифлоксацин;
- басқа дәрілік заттар: винкамин.
Біріктірілімдері ұсынылмайды
Фенитоин
Амиодарон Р450 2С9 цитохромы ферментін тежеу арқылы фенитоиннің плазмалық концентрациясын арттырады, бауырдағы фенитоин метаболизмін төмендетеді, бұл оның артық дозалануының неврологиялық белгілерінің пайда болуына әкеледі.
Амиодарон мен фенитоинді бірге қабылдағанда клиникалық мониторинг жүргізу, фенитоиннің плазмалық концентрациясын бақылау қажет. Артық дозалану симптомдары пайда болған жағдайда оның дозасын түзету керек.
Пероральді антикоагулянттар
Амиодарон Р450 2С9 цитохромы ферментін тежеу арқылы қан плазмасындағы варфарин концентрациясын арттырады, сондықтан препарат кумарин туындыларының антикоагулянттық әсерін күшейтуі мүмкін, бұл қан кету қаупінің жоғарылауына әкеледі.
Антикоагулянттар қабылдайтын пациенттерде протромбиндік уақытты жиі бақылау және амиодаронмен емдеу кезінде және емдеуден кейін антикоагулянт дозасын реттеу қажет.
Оймақгүл препараттары
Автоматизмнің бәсеңдеуі (айқын брадикардия) және атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылуы (синергиялық әсер).
Дигоксин мен амиодаронды біріктіргенде оның клиренсінің төмендеуіне байланысты қан плазмасындағы дигоксин концентрациясы жоғарылайды.
Гликозидтік уыттанудың клиникалық белгілері пайда болған жағдайда клиникалық және ЭКГ-мониторинг жүргізу, қандағы дигоксин деңгейін бақылау және оның дозасын түзету қажет.
Флекаинид
Амиодарон Р450 2D6 цитохромы ферментін тежеу арқылы флекаинидтің плазмалық деңгейін жоғарылатады. Қажет болған жағдайда флекаинид дозасы түзетілуі тиіс.
Грейпфрут шырыны
Грейпфрут шырыны P450 3A4 цитохромын тежейді және амиодаронның қан плазмасындағы концентрациясын жоғарылатады. Осыған байланысты амиодаронмен емдеу кезінде грейпфрут шырынын қабылдау ұсынылмайды.
Бета-адреноблокаторлар
Миокардтың жиырылу қабілетінің, автоматизмінің және өткізгіштігінің бұзылуы, компенсаторлық симпатикалық механизмдердің бәсеңдеуі және синергиялық әсер салдарынан айқын брадикардияның дамуы мүмкін.
Клиникалық және ЭКГ-мониторинг жүргізу қажет.
Кальций өзекшелерінің блокаторлары (верапамил, дилтиазем)
Брадикардия және атриовентрикулярлық блокаданың даму қаупі.
Клиникалық және ЭКГ-мониторинг жүргізу қажет.
Сақтықпен қолдануды қажет ететін біріктірілімдер
Гипокалиемия туындататын препараттар: гипокалиемия туындататын диуретиктер, іш жүргізетін дәрілер, амфотерицин В (көктамырішілік енгізу), глюкокортикоидтар, минералокортикоидтар, тетракозактид.
Гипокалиемия қарыншалық аритмия мен пируэттік тахикардияның дамуындағы бейімдеуші фактор болып табылады. Клиникалық симптомдарды, ЭКГ-ны және зертханалық көрсеткіштерді мониторингтеу қажет.
Жалпы анестезия және оттегімен емдеудің жоғары дозалары
Брадикардия, өткізгіштік бұзылыстары, жүректің соғу көлемінің төмендеуі және артериялық гипотензияның даму қаупіне байланысты амиодаронмен емдеу аясында жалпы анестезия жүргізген кезде сақ болу керек.
Операциядан кейінгі кезеңде оттегімен емдеу кезінде респираторлық дистресс-синдромның даму қаупі болуы мүмкін.
Хирургиялық араласулар жүргізілген кезде анестезиологқа пациенттің амиодарон қабылдап жүргені туралы хабарлау қажет.
Р450 3А4 цитохромы қатысуымен метаболизденетін дәрілік препараттар
Амиодарон Р450 3А4 цитохромы ферментінің тежегіші болып табылады. Метаболизмі осы ферменттік жүйеге тәуелді препараттарды амиодаронмен бір мезгілде қабылдағанда олардың плазмалық концентрациясы және ықтимал уыттылығы жоғарылауы мүмкін.
Циклоспорин
Циклоспорин мен амиодаронды бір мезгілде қабылдау қан плазмасындағы циклоспорин концентрациясының жоғарылау қаупімен байланысты. Қажет болған жағдайда циклоспорин дозасы түзетілуі тиіс.
Фентанил
Амиодарон фентанилдің әсерін күшейтіп, оның уыттылығын арттыруы мүмкін.
Статиндер
Амиодаронды симвастатин, аторвастатин, ловастатин сияқты статиндермен біріктіріп қолданғанда, амиодаронның Р450 3А4 цитохромы ферментінің белсенділігін бәсеңдетуіне байланысты статиндердің бауырлық метаболизмінің төмендеуі нәтижесінде рабдомиолиздің даму қаупі жоғарылайды.
Өзара әрекеттесудің бұл түріне қатыспайтын статиндерді пайдалану ұсынылады.
Амиодаронды симвастатинмен бір мезгілде қабылдайтын пациенттерде симвастатиннің дозасы тәулігіне 20 мг-нан аспауы тиіс.
Такролимус
Амиодарон әсерінен оның метаболизмінің бәсеңдеуіне байланысты қан плазмасындағы такролимус деңгейі жоғарылайды.
Амиодаронмен біріктірілген ем кезінде және оны тоқтатқаннан кейін қан плазмасындағы такролимус концентрациясын бақылау, бүйрек функциясына мониторинг жүргізу және такролимус дозасын түзету қажет.
Лидокаин
Амиодаронмен біріктіріп қолданғанда оның бауырдағы метаболизмінің төмендеуіне байланысты неврологиялық және кардиологиялық жағымсыз әсерлермен қатар қан плазмасындағы лидокаин концентрациясының жоғарылау қаупі бар.
Амиодаронмен емдеу кезінде және оны тоқтатқаннан кейін клиникалық және ЭКГ-мониторинг жүргізу, лидокаиннің плазмалық концентрациясын бақылау және оның дозасын түзету қажет.
Силденафил, мидазолам, триазолам, дигидроэрготамин, эрготамин
Бұл препараттар Р450 3А4 цитохромының көмегімен метаболизденеді, сондықтан амиодаронмен біріктіріп қабылдағанда олардың плазмалық концентрациясы және жағымсыз әсерлердің туындау қаупі жоғарылауы мүмкін.
Жартылай шығарылу кезеңінің ұзақтығына байланысты дәрілік өзара әрекеттесулер амиодаронмен қатарлас емдеу кезінде ғана емес, оны тоқтатқаннан кейін енгізілген препараттармен де байқалуы мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Деректер жоқ. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының бұзылыстары
Амиодаронмен емдеу барысында қан сарысуындағы бауыр ферменттерінің, әсіресе аминотрансферазалардың деңгейіне тұрақты бақылау жүргізу қажет.
Жедел бауыр жеткіліксіздігі, оның ішінде ауыр гепатоцеллюлярлық зақымдану, кейбір жағдайларда өліммен аяқталуы мүмкін және амиодаронның пероральді немесе вена ішіне енгізілетін дәрілік түрлерін қабылдағаннан кейінгі алғашқы 24 сағат ішінде дамуы ықтимал.
Трансаминазалар деңгейі қалыптың жоғарғы шегінен 3 есе жоғарылаған жағдайда Амиодаронның дозасын төмендету немесе емдеуді тоқтату қажет.
Амиодаронның пероральді дәрілік түрін қабылдау кезінде созылмалы бауыр жеткіліксіздігінің клиникалық және биохимиялық белгілері айқын болмауы мүмкін (гепатомегалия, трансаминазалар деңгейінің қалыптың жоғарғы шегінен 5 есе жоғарылауы) және препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды болады.
Гистологиялық көрінісі жалған алкогольдік гепатитке және бауыр циррозына ұқсас.
Препараттың гепатоуытты жағымсыз әсерлерінің алкогольдің әсерінен күшеюі туралы деректер болмаса да, пациенттер Амиодаронмен емдеу кезеңінде алкогольді ішімдіктерді тұтынудан бас тартуы тиіс.
Жүктілік
| Қалқанша без қызметіне әсер ететін болғандықтан препаратты жүктілік кезінде қолдануға болмайды. |
Емізу
| Амиодарон емшек сүтімен елеулі мөлшерде бөлінеді, сондықтан препаратты лактация кезінде қолдануға болмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Жағымсыз реакциялар
Өте жиі (≥ 1/10)
- жүрек айнуы, құсу, дәм сезудің бұзылуы;
- емдеудің басында трансаминазалар деңгейінің орташа жоғарылауы (қалыпты деңгейден 1,5–3 есеге дейін), ол препарат дозасы төмендетілгенде немесе өздігінен бастапқы деңгейіне қайта келуі мүмкін;
- мөлдір қабық эпителийіне липофусциннің жиналуы (көбіне субъективті симптомдар болмайды, бірақ жиналу айқын болып, қарашықты ішінара толтырған жағдайда түрлі түсті ореолдардың пайда болуы немесе контурлардың айқын еместігіне шағымдар болуы мүмкін);
- фотосезімталдық.
Жиі (> 1/100, < 1/10)
- орташа және дозаға тәуелді синустық брадикардия;
- өкпенің уытты зақымдануы (жоғары сезімталдық пневмониті, альвеолалық/интерстициальді пневмонит немесе өкпе фиброзы, плеврит, облитерациялаушы бронхиолит, кейде өліммен аяқталуы мүмкін);
- ферменттер деңгейінің жоғарылауымен және/немесе сарғаюмен қатар жүретін, кейде өліммен аяқталатын жедел бауыр жеткіліксіздігі;
- гипотиреоз; кейде өліммен аяқталатын гипертиреоз;
- үлкен дозалармен ұзақ уақыт емдегенде препаратты тоқтатқаннан кейін біртіндеп жойылатын терінің ашық бөліктеріндегі сұр немесе көгілдір пигментация;
- дозаны төмендеткеннен кейін немесе препаратты тоқтатқаннан кейін басылатын экстрапирамидалық тремор;
- ұйқының бұзылуы, шым-шытырық түстер көру.
Жиі емес (> 1/1 000, < 1/100)
- шеткергі нейропатия, миопатия (симптомдар препаратты тоқтатқаннан кейін қайтымды);
- кейде жүректің тоқтап қалуымен қатар жүретін аритмия ұстамасы немесе аритмияның нашарлауы;
- өткізгіштіктің бұзылуы (синоатриалдық блокада, әртүрлі дәрежедегі атриовентрикулярлық блокада).
Өте сирек (< 1/10 000)
- бас ауыруы, бас айналуы, бассүйекішілік қатерсіз гипертензия (мидың жалған ісігі), дозаны төмендеткеннен кейін немесе препаратты тоқтатқаннан кейін басылатын мишық атаксиясы;
- соқырлыққа дейін үдеуі мүмкін көру жүйкесінің нейропатиясы/невриті;
- синустық түйін дисфункциясы және/немесе егде жастағы пациенттердегі айқын синустық брадикардия немесе синустық түйін белсенділігінің бәсеңдеуі;
- ауыр тыныс алу жеткіліксіздігі және/немесе бронх демікпесі бар пациенттердегі бронх түйілуі;
- тікелей операциядан кейін болатын жедел респираторлық дистресс-синдромы (оттегінің жоғары концентрациясымен өзара әрекеттесуі мүмкін), кейде өліммен аяқталуы мүмкін;
- кейде өліммен аяқталатын бауырдың созылмалы ауруы (жалған алкогольдік гепатит, цирроз);
- антидиуретикалық гормонның талапқа сай емес секрециялану синдромы;
- эпидидимоорхит, импотенция;
- радиотерапия кезіндегі эритема, тері бөртпесі, әдетте спецификалық емес, эксфолиативті дерматит, алопеция;
- васкулит;
- тромбоцитопения, гемолитикалық анемия, апластикалық анемия;
- гиперкреатининемия.
Жиілігі белгісіз
- ангионевроздық ісіну, есекжем;
- өкпеден қан кету.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Қолдану тәсілі және дозалау режимі
Ішке қабылдау арқылы
Ең маңызды қағидалардың бірі – ең төмен тиімді дозаны қолдану.
Дозалау режимі әр пациентке жеке белгіленеді және дәрігердің бақылауымен түзетіледі.
Қанықтырушы ем
Препараттың тіндерде емдік концентрациясына неғұрлым тезірек қол жеткізу үшін бастапқы кезеңде Амиодаронның жоғары қанықтырушы дозаларын тағайындау қажет.
Емдеуді бірінші апта бойы тәулігіне 3 рет 200 мг дозадан бастау керек. Екінші аптада дозаны тәулігіне 2 рет 200 мг-ға дейін төмендету қажет.
Амиодаронның дозасын қысқа мерзімге тәулігіне 800–1200 мг-ға (4–6 таблетка) дейін арттыруға болады, бұл ЭКГ бақылауымен жүргізілуі тиіс.
Қанығу белгілеріне қол жеткізілгеннен кейін демеуші емге көшеді.
Демеуші ем
Қанықтырушы емнен кейін қажет болған жағдайда дозаны тәулігіне 200 мг-ға дейін немесе одан да төмендету керек.
Демеуші дозаны, әсіресе ол тәулігіне 200 мг-нан асқан жағдайда, жүйелі түрде қайта қарау ұсынылады.
Мүмкін болған жағдайларда препаратты қабылдаудың әрбір 5 күнінен кейін 2 күндік үзіліс жасау ұсынылады.
Демеуші ем кезінде препараттың тым жоғары дозаларын қолдану амиодарон мен оның метаболиттерінің тіндерде жоғары деңгейде жиналуына байланысты жағымсыз әсерлердің дамуына әкелуі мүмкін.
Аритмиялар салдарынан өлім қаупі жоғары пациенттерде амиодаронның ұзақ жартылай шығарылу кезеңі оң әсер етеді, өйткені препараттың бір реттік қабылдауын өткізіп алу жалпы емдік әсерге елеулі ықпал етпейді.
Препаратты тоқтату
Препаратты тоқтатқаннан кейін организм тіндеріндегі амиодарон деңгейі төмендеген сайын жағымсыз әсерлері біртіндеп азаяды.
Ем аяқталғаннан кейін препараттың аритмияға қарсы әсері 1 ай бойы сақталады. Дегенмен, осы кезеңде аритмиялардың қайталану қаупі болуы мүмкін.
Орталық көктамырға инфузиялау
Бастапқы доза: глюкоза ерітіндісінде (мүмкіндігінше – инфузоматты қолданумен) әдетте 5 мг/кг, 20 минуттан 2 сағатқа дейінгі аралықта; енгізуді 24 сағаттың ішінде 2–3 рет қайталауға болады. Препараттың қысқа мерзімді әсері енгізуді жалғастыруды талап етеді.
Демеуші ем: глюкозаның 250 мл ерітіндісінде тәулігіне 10–20 мг/кг (тәулігіне орташа 600–800 мг және 1200 мг дейін) бірнеше күн ішінде. Инфузияның бірінші күнінен бастап біртіндеп пероральді қабылдауға (тәулігіне 3 таблетка) ауысуды бастайды. Доза тәулігіне 4 немесе тіпті 5 таблеткаға дейін жоғарылатылуы мүмкін.
Шеткергі көктамырға инфузиялау
Электрлік дефибрилляцияға рефрактерлі қарыншалық фибрилляциямен туындаған жүрек тоқтап қалғанда жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу жағдайында.
Аталған көрсетілім пайда болатын жағдайға және қолдану тәсіліне қарай, егер ол қолжетімді болса, орталық көктамырлық катетерді қолдану ұсынылады; керісінше жағдайда препарат ең ірі шеткергі көктамырға енгізілуі мүмкін.
Глюкозаның 20 мл 5% ерітіндісінде сұйылтқаннан кейін бастапқы көктамырішілік доза 300 мг құрайды (немесе 5 мг/кг). Сорғалатып енгізіледі.
Егер фибрилляцияны тоқтатуға қол жеткізілмесе, қосымша 150 мг (немесе 2,5 мг/кг) көктамырішілік енгізу қолданылады.
Басқа препараттармен бір еккіште араластыруға болмайды!
Балаларда қолданылуы
| Балаларда Амиодаронның қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған, осыған байланысты препараттың пероральді дәрілік түрін педиатриялық практикада қолдану ұсынылмайды. Құрамында бензил спирті болғандықтан, Амиодаронның вена ішіне енгізілетін дәрілік түрін жаңа туған нәрестелерге, емшектегі балаларға және 3 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды. |