C01BC03 Пропафенон (Propafenone)
Қолдану көрсеткіштері
| .- емдеуді қажет ететін тахикардиялық суправентрикулярлық жүрек аритмиясының симптоматикалық жағдайлары, яғни атриовентрикулярлық түйіндік тахикардия, Вольф-Паркинсон-Уайт (WPW) синдромы кезіндегі суправентрикулярлық тахикардия немесе жүрекшенің пароксизмальді фибрилляциясы; - егер дәрігер препаратты өмірге қауіп төндіруі мүмкін деп санаса, ауыр симптоматикалық вентрикулярлы тахиаритмияда |
-
Клинические протоколы:
- Желудочковые нарушения ритма сердца и профилактика внезапной сердечной смерти
- Синдром преждевременного возбуждения желудочков
- Фибрилляция и трепетание предсердий
Қарсы көрсеткіштері
| • әсер етуші затқа (пропафенонға) немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; • анамнездегі Бругада синдромы; • миокардтың айқын құрылымдық өзгерістері, мысалы: - соңғы 3 ай ішінде миокард инфарктісі, - егер сізде өмірге қауіп төндіретін қарыншалық аритмиялар болмаса, сол жақ қарыншаның шығарылу фракциясы 35% - дан аз бақыланбайтын іркілісті систолалық жүрек жеткіліксіздігі; - аритмиядан туындаған шокты қоспағанда, кардиогенді шок; - манифестті жүрек жеткіліксіздігі; - ауыр симптоматикалық брадикардия; - синустық түйіннің әлсіздік синдромы, синатриялық блокада секілді өткізгіштіктің айқын бұзылулары, II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада, Гис шоғыры аяқшаларының блокадасы немесе кардиостимулятор имплантацияланбаса интравентрикулярлық блокада; - ауыр артериялық гипотензия; • электролиттердің манифестті теңгерімсіздігі (мысалы, калий метаболизмінің бұзылуы); • тыныс алу жолдарының тарылуына байланысты өкпенің ауыр обструктивті ауруы; • миастения грависі; • ритонавирмен бір мезгілде емдеу (АИТВ инфекциясын емдеуге арналған препарат) |
Қауіпсіздік шаралары
| Басқа аритмияға қарсы дәрілер секілді, пропафенон аритмияға қарсы әсерлерді, соның ішінде жаңа аритмиялардың пайда болуын немесе бар аритмиялардың нашарлауын тудыруы мүмкін. Ем басталғанға дейін және емдеу курсы ішінде емнің терапевтік әсерін бағалау және кейіннен емдеу туралы шешім қабылдау үшін әр пациенттің электрокардиологиялық және клиникалық тексерулерін жүргізу қажет. Егде жастағы пациенттерге немесе жүрек бұлшықетіне ауыр зақым келген пациенттерге дозаны үлкен сақтықпен және титрлеу сатысында біртіндеп тағайындау керек. Бұрын симптомсыз Бругада симптомын бастан өткерген тасымалдаушыларда пропафенонмен экспозициядан кейін бругада синдромы немесе электрокардиограммада (ЭКГ) бругада тәрізді өзгерістер анықталуы мүмкін. Пропафенонмен емдеу басталғаннан кейін бругада синдромын көрсететін өзгерістерді болдырмау үшін ЭКГ тексеру жүргізу керек. Пароксизмальді жүрекше фибрилляцияны қарыншалардың жиырылуының өте жоғары жиілігіне әкелуі мүмкін (яғни минутына 180 соғу) 2:1 немесе 1:1 қатынаста қарыншаларға өткізу блогы бар жүрекшелік дірілге айналдыру қаупі бар. Осыған ұқсас, Іс класының басқа аритмиялық препараттарындағыдай, айқын құрылымды миокард ауруы бар пациенттер елеулі жағымсыз әсерлерге бейім. Мұндай пациенттерде пропафенонға қарсы көрсетілімдер бар. Бета-блокаторларға ұқсас әрекетті ескере отырып, демікпесі бар пациенттерді емдеу кезінде сақ болу керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| Циметидин, хинидин, кетоконазол, эритромицин (Р450 CYP2D6, CYP1A2 және CYP3A4 цитохромының изоферменттерін тежейтін препараттар) немесе грейпфрут шырыны мен пропафенонды бір мезгілде қабылдаған кезде пропафенонның әсері күшеюі мүмкін (плазмадағы пропафенон концентрациясының артуы нәтижесінде). Егер пропафенон осы изоферменттердің тежегіштерімен бір мезгілде қолданылса, онда пациенттер мұқият бақылауда болуы тиіс, қажет болған жағдайда емдеуші дәрігер дозаны түзетуі мүмкін. Пропафенон мен лидокаинді бір мезгілде қолданғанда осы дәрілердің фармакокинетикасына қандай да бір елеулі әсері байқалмады. Алайда, пропафенон мен лидокаинді вена ішіне бір мезгілде қолданғанда орталық жүйке жүйесі тарапынан лидокаиннің жағымсыз әсерлерінің жоғары қаупі туралы хабарланды. Пропафенон мен амиодарон біріктіріліміндегі ем (жүрек аритмиясын емдеуге арналған препарат) жүрек аритмиясын (проаритмияны) өзгерту немесе күшейту қаупімен жүректегі өткізгіштікке және реполяризацияға әсер етуі мүмкін. Бұл жағдайда емдеуші дәрігер терапевтік әсерге байланысты екі препараттың да дозасын түзете алады. Пропафенонды депрессияны емдеуге арналған препараттармен, мысалы, пароксетинмен және флуоксетинмен бір мезгілде қолдану қан плазмасындағы пропафенон деңгейін жоғарылатуы мүмкін болғандықтан, ол туралы дәрігермен кеңесу керек. Пропафенонды аз мөлшерде қолданғанда қажетті емдік әсерге қол жеткізуге болады. Пропафенонды жергілікті анестетиктермен (мысалы, электрокардиостимуляторларды имплантациялау кезінде немесе хирургиялық араласулар мен стоматологиялық емшаралар кезінде) және жүрек жиырылу жиілігіне және/немесе миокардтың жиырылуына тежейтін әсері бар басқа дәрілік препараттармен (мысалы, бета-блокаторлар, трициклді антидепрессанттар) біріктіріп ем жүргізген кезде Пропафенон препаратының әсері күшеюі мүмкін. Пропафенонды СYP2D6 изоферментінің көмегімен метаболизденетін дәрілермен бір мезгілде қолдану (мысалы, венлафаксин, депрессияны емдеу үшін пайдаланылатын дәрілік зат) осы дәрілік заттардың қан плазмасындағы деңгейінің жоғарылауына әкелуі мүмкін. Пропафенонмен емдеу кезінде плазмада немесе қанда пропанолол, метопролол, дезипрамин, циклоспорин және дигоксин концентрациясының жоғарылауы байқалды. Бұл жоғарыда аталған дәрілік заттардың әсерін күшейтуге әкелуі мүмкін. Бір жағдайда пропафенонды қосымша енгізген кезде қан плазмасындағы теофиллин концентрациясының екі еселенуі байқалды. Осы дәрілік препараттармен артық дозалану симптомдары пайда болған кезде плазмадағы концентрацияны анықтап, қажет болған жағдайда дозаны азайту үшін дәрігермен кеңесу керек. CYP3A4 изоферментінің индукциясы фенобарбитал (эпилепсияға қарсы дәрі) және рифампицин (антибиотик) үшін белгілі. Пропафенонды фенобарбиталмен және/немесе рифампицинмен бір мезгілде қолдану пропафенонның қан плазмасындағы концентрациясының төмендеуі салдарынан оның аритмияға қарсы белсенділігін төмендетуі мүмкін. Сондықтан фенобарбитал және/немесе рифампицинді бір мезгілде ұзақ қолдану кезінде пропафенонмен емдеу әсерін қадағалау қажет. Пропафенон пероральді антикоагулянтты препараттар (мысалы, фенпрокумон, варфарин) әсерін күшейтіп, соның салдарында протромбин уақыты ұзаруы мүмкін болғандықтан, осы дәрілерді осындай біріктірілімде қабылдап жүрген пациенттерде қанның ұюын мұқият мониторингтеу ұсынылады. Қажет болған жағдайда дозаны түзету керек. Плазмадағы концентрацияның жоғарылау қаупіне байланысты ритонавир мен пропафенонды бір мезгілде қолдануға болмайды. Таблеткаларын грейпфрут шырынын ішу ұсынылмайды. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Бүйрек функциясы бұзылған пациенттерде тіпті стандартты емдік дозаларды қолданғанның өзінде ағзада белсенді зат жинақталуы мүмкін. Мұндай пациенттерде ЭКГ және пропафенонның плазмалық концентрациясының деңгейін мұқият мониторингтеу арқылы пропафенон дозасын іріктеуді бастауға болады. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Бауыр функциясы бұзылған пациенттерде тіпті стандартты емдік дозаларды қолданғанның өзінде ағзада белсенді зат жинақталуы мүмкін. Мұндай пациенттерде ЭКГ және пропафенонның плазмалық концентрациясының деңгейін мұқият мониторингтеу арқылы пропафенон дозасын іріктеуді бастауға болады. |
Жүктілік
| Қазіргі уақытта жүкті әйелдерге қолдануға қатысты жеткілікті ақпарат жоқ. Бірақ Пропафенон плацента арқылы өтетін болғандықтан, шарана үшін болуы ықтимал қауіппен салыстыра отырып, жүктілік кезінде емдеудің пайдасын бағалау керек. Бұл препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдану үшін дәлелді себептер болуы керек және оны тағайындау туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды. Егер сіз Пропафенон препаратымен емделу кезінде жүкті болып қалсаңыз, онда бұл туралы өз емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз. Шектеулі деректер бұл заттың емшек сүтіне шығарылуын көрсетеді. Сондықтан емізетін аналарға пропафенонды тағайындағанда абай болу керек. |
Емізу
| Қазіргі уақытта бала емізетін әйелдерге қолдануға қатысты жеткілікті ақпарат жоқ. Бірақ Пропафенон плацента арқылы өтетін болғандықтан, шарана үшін болуы ықтимал қауіппен салыстыра отырып, жүктілік кезінде емдеудің пайдасын бағалау керек. Бұл препаратты жүктілік және лактация кезінде қолдану үшін дәлелді себептер болуы керек және оны тағайындау туралы шешімді емдеуші дәрігер қабылдайды. Егер сіз Пропафенон препаратымен емделу кезінде жүкті болып қалсаңыз, онда бұл туралы өз емдеуші дәрігеріңізге хабарлаңыз. Шектеулі деректер бұл заттың емшек сүтіне шығарылуын көрсетеді. Сондықтан емізетін аналарға пропафенонды тағайындағанда абай болу керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі - бас айналу 1 - жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, жүрек соғуының жиілеуі (пальпитация)2 Жиі - жүрек жиырылу жиілігінің айқын баяулауы/үдеуі (брадикардия / тахикардия), синустық брадикардия, жүрекшелердің дірілдеуі - іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, іш өту, іш қату, ауыздың құрғауын сезу - ентігу-тыныс алудың қиындауы - бас ауруы, дәмнің бұзылуы (дисгевзия) - мазасыздық, ұйқының бұзылуы - анық көрмеу - бауыр функциясының бұзылуы3 - кеудедегі ауырсыну, әлсіздік, шаршау, қызба Жиі емес - қарыншалар тахикардиясы, жүрек ырғағының бұзылуы (аритмия4) - тәбеттің төмендеуі - эректильді дисфункция (потенцияның төмендеуі) - есекжем, қышыну, бөртпе (экзантема), терінің қызаруы (эритема) - қысымның төмендеуі (гипотензия) - іштің кебуі, метеоризм - естен тану жай-күйі (синкопа), қимыл үйлесімділігінің бұзылуы (атаксия), сезімталдықтың бұзылуы (парестезия) - вертиго - тромбоциттер мөлшерінің төмендеуі (тромбоцитопения) - түнгі қорқынышты түстер Белгісіз (қолда бар деректер негізінде бағалау мүмкін емес) - қарыншалар фибрилляциясы, жүрек жеткіліксіздігі5, жүрек жиырылу жиілігінің баяулауы (брадикардия) - құрысулар (конвульсиялар), бұлшықет кернеуі мен қозғалысқа жауап беретін экстрапирамидалық жүйенің бұзылу белгілері (экстрапирамидалық симптомдар деп аталатын), мазасыздық, абыржу - ортостатикалық гипотензия (орыннан тұрғаннан кейін әлсіздік сезімімен, қоса қатар жүретін артериялық қысымның төмендеуі, көздің қарауытуы немесе естен тану) - сананың шатасуы - агранулоцитоз, лейкоциттердің жалпы санының төмендеуі (лейкопения), лейкоциттердің белгілі бір түрі санының төмендеуі (гранулоцитопения) – аса жоғары сезімталдық 6 – кекіру, жүрек айну, асқазан-ішек бұзылулары - гепатоцеллюлярлық зақымданулар, гепатит, холестаз ( өт іркілісі), сарғаю - жүйелі қызыл жегіге ұқсас синдром(күн сәулесіне жоғары сезімталдық, мұрын аймағындағы бет бөртпесі және жалпы белгілер-қызу және әртүрлі органдардың зақымдануынан кейінгі белгілер) - жедел жайылған экзантематозды пустулез - шәует мөлшерінің азаюы7. 1 -вертигодан басқа. 2 -жүрек өткізгіштігінің кейбір бұзылыстарын қоса (синус-жүрекшелік блокада, АВ-блокада және қарыншаішілік блокада). 3 -қандағы белгілі бір ферменттер деңгейінің жоғарылауы секілді бауыр функциясының қалыпты емес нәтижелерін қоса (аспартатаминотрансфераза, аланинаминотрансфераза, гамма-глутамилтрансфераза немесе сілтілі фосфатаза). 4 -пропафенон жүректің жиі қағуы (тахикардия) немесе қарыншалық фибрилляция түрінде көрінетін проаритмиялық әсерлермен байланысты болуы мүмкін. Бұл аритмиялардың кейбіреулері өмірге қауіпті болуы мүмкін және реанимацияны қажет етеді. 5 -алдыңғы жүрек жеткіліксіздігі нашарлауы мүмкін. 6 -холестаз (өт тоқырауы), қан дискразиясы (қан құрамының өзгеруі) және тері бөртпесі түрінде пайда болуы мүмкін. 7 -пропафенонды қабылдауды тоқтатқаннан кейін шәует мөлшерінің азаюы қайтымды. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Қарыншалық аритмия кезінде препаратты тағайындау мұқият кардиологиялық бақылауды қажет етеді, бастапқы терапия кардиологиялық реанимация және жүрек функциясының сенімді мониторингі болған кезде ғана жүргізілуі керек. Емдеу кезінде тұрақты бақылау тексерулерін жүргізу керек (мысалы, айына бір рет стандартты ЭКГ немесе әр үш айда және қажет болған жағдайда жүктемемен Холтер мониторингісі). QRS кешенінің кеңеюі және QT аралығының 25% - дан астам ұзаруы немесе PQ аралығының 50% - дан астам ұзаруы немесе QT аралығының 500 мс-тан астам ұзаруы немесе жүрек ырғағының бұзылу жиілігінің немесе ауырлығының артуы секілді жекелеген параметрлердің нашарлауы кезінде емдеу схемасына өзгерістерді енгізу қажет. Дозаны жеке анықтау керек. Келесі ұсынылған дозалар қолданылады: Дозаны титрлеу фазасы үшін және дене салмағы 70 кг жуық пациенттерде демеуші ем үшін 2-3 жеке қабылдауға бөлінген 450-600 мг пропафенонның тәуліктік дозасы ұсынылады, яғни күніне үш рет 150 мг пропафеноннан (тәулігіне 450 мг пропафенонға баламалы) күніне екі рет 300 мг пропафенонға (күніне 600 мг пропафенонға баламалы) дейін/ тәулік) дейін. Кейде тәуліктік дозаны 900 мг пропафенонға дейін (тәулігіне үш рет 300 мг пропафенонға баламалы) арттыру қажет болуы мүмкін. Дене салмағы неғұрлым төмен пациенттерде дозаны тиісінше азайту қажет. Дозаны емнің 3-4 күнінен ерте арттыруға болмайды. Жеке демеуші дозаны кардиологиялық бақылаумен – қайталанған ЭКГ және артериялық қысымды мониторлаумен (түзету фазасы) айқындаған жөн. Егер пациенттерде QRS кешенінің едәуір кеңеюі немесе II және III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада пайда болса, дәрілік препарат дозасын азайтуды қарастыру қажет. Емдеу ұзақтығын емдеуші дәрігер анықтайды. |
Балаларда қолданылуы
| Препарат 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерде қолдануға ұсынылмайды. |