B05CB01 Натрий хлориді (Sodium chloride)
Қолдану көрсеткіштері
Сұйықтықты плазмоизотониялық алмастыру, гипохлоремиялық алкалоз, сусыздандыратын гипонатриемия, уыттану; парентеральді енгізілетін дәрілік препараттарды еріту және сұйылту (базалық ерітінді ретінде).
-
Клинические протоколы:
- Анафилактический шок
- Травматический шок
- Сепсис
- Хроническая интоксикация нефтепродуктами
- Хроническая интоксикация свинцом
- Хроническая интоксикация сероводородом
- Хроническая интоксикация фтором и соединениями фтора
- Хроническая интоксикация фосфором и его соединениями
- Хроническая хромовая интоксикация
Қарсы көрсеткіштері
Гипернатриемия, гиперхлоремия, гипокалиемия; жасушадан тыс гипергидратация; жасушаішілік дегидратация; ми мен өкпе ісінуінің даму қаупімен байланысты қан айналымының бұзылуы; мидың ісінуі; өкпенің ісінуі; декомпенсацияланған жүрек жеткіліксіздігі; созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі; натрийдің іркілуін, гиперволемияны және ісінуді (орталық және шеткері) тудыруы мүмкін жағдайлар, мысалы: бастапқы альдостеронизм және салдарлы альдостеронизм, мысалы, артериялық гипертензия, іркілісті жүрек жеткіліксіздігі, бауыр ауруы (циррозды қоса), бүйрек ауруы (артерия стенозы мен нефросклерозды қоса), преэклампсия; глюкокортикостероидтарды үлкен дозаларда қатар тағайындау; ерітіндіге қосылатын препараттарға қолдануға болмайтын жағдай.
Қауіпсіздік шаралары
Кез-келген инфузияны жүргізу кезінде пациенттің жай-күйін, клиникалық және биологиялық көрсеткіштерін бақылау қажет, әсіресе қан плазмасының электролиттерін бағалау өте маңызды.
Балалардың организмінде бүйрек функциясының жетілмеуіне байланысты натрийдің экскрециясы баяулауы мүмкін. Сондықтан мұндай пациенттерде қан плазмасындағы натрий концентрациясы анықталғаннан кейін ғана қайталанатын инфузиялар жасалуы керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Вазопрессиннің әсерін күшейтетін дәрілік заттар. Төменде келтірілген препараттар вазопрессиннің әсерін күшейтеді, бұл электролиттерсіз судың бүйрек шығарылуының төмендеуіне әкеледі және теңгерімсіз инфузиялық терапияға байланысты ауруханаішілік гипонатриемия қаупін арттыруы мүмкін:
- Вазопрессиннің бөлінуін ынталандыратын дәрілер: хлорпропамид, клофибрат, карбамазепин, винкристин, серотонинді кері қармаудың селективті тежегіштері, 3,4-метилендиокси-N-метамфетамин, ифосфамид, нейролептиктер, есірткі препараттары.
- Вазопрессиннің әсерін күшейтетін дәрілер: хлорпропамид, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар (ҚҚСП), циклофосфамид.
- Вазопрессиннің аналогтары: десмопрессин, окситоцин, терлипрессин.
- Гипонатриемия қаупін арттыратын басқа дәрілер, соның ішінде диуретиктер және окскарбазепин сияқты эпилепсияға қарсы препараттар.
Литий препараттарын қабылдайтын пациенттерде сақ болу керек. Натрий мен литийдің бүйрек клиренсі Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітінді препаратын қолданғанда жоғарылауы мүмкін, бұл плазмадағы литий деңгейінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.
Кортикостероидтар организмде натрий мен судың іркілуіне әкелуі мүмкін.
Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітінді коллоидты гемодинамикалық қан алмастырғыштармен (әсерінің өзара күшеюі) үйлесімді.
Басқа дәрілік заттармен араластырған кезде үйлесімділігін көзбен шолып бақылау керек (дегенмен, көрінбейтін және емдік үйлесімсіздігі болуы мүмкін). Натрий хлоридінің үйлесімділігі туралы деректер болмаған кезде инфузияға арналған 0.9% ерітіндіні басқа дәрілік препараттармен араластыруға болмайды.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің ауыр жеткіліксіздігі немесе оның даму қаупі бар пациенттерге Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітінді препаратын айырықша сақтықпен тағайындалуы керек. Мұндай пациенттерде препаратты енгізу натрийдің іркілуіне әкелуі мүмкін.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр ауруы (циррозды қоса) бар болса Натрий хлориді инфузияға арналған ерітіндісін қолданбау керек.
Жүктілік
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану күтілетін пайда асқынулардың дамуының әлеуетті қаупінен асып кеткен жағдайларда мүмкін болады.
Емізу
Препаратты жүктілік кезінде және лактация кезеңінде қолдану күтілетін пайда асқынулардың дамуының әлеуетті қаупінен асып кеткен жағдайларда мүмкін болады.
Жағымсыз әсерлері
Дұрыс қолданған кезде жағымсыз реакциялар екіталай.
Жиілігі белгісіз:
- гиперхлоремиялық ацидоз
- гипергидратация
- гипокалиемия
- гипернатриемия
- енгізген орынның ауыруы
- енгізген орынның тромбофлебиті
- ісінулер
- артериялық гипертензия
- тахикардия
- жүрек айнуы
- құсу
- асқазан аймағының түйілуі
- диарея
Препаратты басқа дәрілік препараттар үшін базалық ерітінді (еріткіш) ретінде қолданған кезде жағымсыз әсерлердің ықтималдығы мен сипаты ерітілген дәрілік препараттардың қасиеттерімен айқындалады.
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Енгізілетін ерітіндінің дозасы әр жағдайда организмнің сұйықтық жоғалтуына, натрий және хлор иондарына байланысты анықталады.
Ересектер: доза тәулігіне орта есеппен 1 литр құрайды. Енгізу жылдамдығы – 540 мл/сағ (180 кап/мин); қажет болған жағдайда енгізу жылдамдығы артады.
Натрий хлориді 0,9% ерітіндісінің үлкен дозасын ұзақ уақыт бойы енгізгенде, плазма мен несептегі электролиттер мөлшерін бақылап отыру қажет.
Дәрілік препараттарды еріту және сұйылту: дәрілік препараттың ерітіндісін дайындау үшін натрий хлориді 0.9% ерітіндісінің мөлшері соңғысын қолдану жөніндегі нұсқаулықпен немесе жағдайға байланысты дәрігермен анықталады.
Енгізу әдісі мен жолы
Натрий хлориді инфузияға арналған 0.9% ерітіндіні енгізер алдында 36-38 °С дейін қыздырады. Вена ішіне (әдетте тамшылатып), тері астына немесе ректальді енгізеді.
Жараларды, көзді, мұрын қуысының шырышты қабығын шаю, таңғыш материалды дымқылдау үшін жергілікті қолданылады.
Балаларда қолданылуы
Балаларға жедел дегидратацияда (зертханалық көрсеткіштері анықтағанға дейін) 20-30 мл/кг енгізеді. Одан әрі дозалау тәртібі зертханалық көрсеткіштерге байланысты түзетіледі.