B05BB01 Электролиты (Electrolytes)
Қолдану көрсеткіштері
Тасығыш немесе сұйылтатын ерітінді ретінде ұнтақтан, лиофилизаттардан және концентраттардан стерильді инфузиялық (инъекциялық) ерітінділерді дайындау, тері астына, бұлшықетке, көктамырға және ректальді енгізу үшін стерильді ерітінділерді дайындау, жарақатты, көзді, мұрынның сілемейлі қабығын шаю және таңу материалдарын сулау (сыртқа қолдану үшін), ағзаның сусыздануы және улану, гипохлоремиялық алкалоз.
-
Клинические протоколы:
- Острые вирусные гепатиты A и E, передающиеся энтеральным путем у детей
- Корь
Қарсы көрсеткіштері
Гипернатриемия, кортикостероидтардың жоғары дозаларымен қатар жүргізілетін терапия, ми мен өкпенің ісіну қаупі бар айналымдық бұзылыстар, мидың ісінуі, өкпе ісінуі, сол жақ қарыншаның жедел жеткіліксіздігі, тромбофлебиттер.
Қауіпсіздік шаралары
Ерітінді стерильді және апирогенді болуы тиіс. Ерітінді мөлдір болмаса немесе қаптамасы зақымданған болса, инфузия жүргізуге тыйым салынады.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйректің бөлу қызметінің бұзылысы кезінде қарсы көрсетілген.
Жүктілік
Препаратты қолдану алдында әрбір пациент үшін пайда және қауіп арақатынасын мұқият бағалау қажет.
Жағымсыз әсерлері
Хлоридті ацидоз, гипергидратация, гипокалиемия, қанайналымының ауыр бұзылыстары, бас ауруы, бас айналуы, мазасыздық, әлсіздік, тахикардия, артериялық гипертензия, бүйрек қызметінің бұзылыстары, ісінулер.
Балаларда қолданылуы
Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.