B03XA01 Эпоэтин альфа, бета және зета¹ (Epoetin alfa, beta and zeta)

Қолдану көрсеткіштері

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттердегі симптоматикалық анемияны емдеу. Химиотерапия қабылдап жүрген, ауқымды миелоидты емес ісіктері бар ересек пациенттердегі симптоматикалық анемияны емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Кистозная болезнь почек у детей
  2. Хронический вирусный гепатит С у взрослых
  3. Хроническая болезнь почек у взрослых
  4. Хроническая болезнь почек у детей
  5. Первичный биллиарный холангит. Первичный склерозирующий холангит
  6. Цирроз печени у взрослых
  7. Быстро прогрессирующий гломерулонефрит у детей
  8. Изолированная протеинурия (педиатрия)
  9. Криз отторжения почечного трансплантата
  10. Нарушения, развивающиеся в результате дисфункции почечных канальцев (педиатрия)
  11. Рецидивирующая и устойчивая гематурия у детей
  12. Хроническая трансплантационная нефропатия
  13. Хронический тубулоинтерстициальный нефрит
  14. Злокачественные новообразования щитовидной железы
  15. Рак поджелудочной железы
  16. Злокачественные новообразования прямой кишки
  17. Злокачественные новообразования ободочной кишки
  18. Злокачественные опухоли гортаноглотки
  19. Злокачественные новообразования слюнных желез
  20. Рак вульвы
  21. Злокачественные новообразования гортани
  22. Злокачественные опухоли полости носа и придаточных пазух, клетки решетчатой кости
  23. Злокачественные новообразования ротоглотки
  24. Злокачественные новообразования носоглотки
  25. Злокачественные новообразования полости рта
  26. Опухоли средостения
  27. Доброкачественные и злокачественные новообразования центральной нервной системы
  28. Злокачественные неоплазии тела матки
  29. Пограничные и злокачественные опухоли кости
  30. Саркомы мягких тканей
  31. Рак губы
  32. Рак легкого
  33. Почечно-клеточный рак

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне аса жоғары сезімталдық; бақыланбайтын артериялық гипертензия; жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Қауіпсіздік шаралары

Сау адамдарда препаратты қабылдау жүрек-қантамырлар жүйесі тарапынан асқынулармен жүретін гематокриттің жоғарылауына алып келеді. Анафилактоидты реакциялар болуы мүмкін. Рефрактерлі анемияда, бласттрансформациялық жасушалардың болуы, эпилепсия, тромбоцитоз және созылмалы бауыр жеткіліксіздігі кезінде сақтықпен қабылдау керек. Емдеудің алдында В12 дәрумені, фолий қышқылы және темір тапшылығын жоққа шығару қажет. Гемоглобин деңгейінің күрт төмендеуі, ауыр анемияның, ретикулоцитопенияның дамуы кезінде емдеуді тоқтатып, эритропоэтинге антиденелердің болуын тексеру. Кез келген түрдегі қатерлі жаңа түзілімдердің дамуы мүмкін. Артериялық қысымды, гемоглобин деңгейін және тромбоциттер санын бақылау қажет.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Циклоспорин - қандағы циклоспорин деңгейін бақылау және гематокриттің жоғарылауы дәрежесіне байланысты циклоспорин дозасын түзету.Препараттың үйлесімсіздігі немесе тиімділігі төмендеуінің алдын алу үшін препаратты басқа дәрілік заттармен немесе инъекциялық ерітінділермен араластыруға болмайды.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз. 

Бауыр жеткіліксіздігі

Сақтықпен тағайындау.

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда рұқсат етіледі.

Жағымсыз әсерлері

ЖҚЖ тарапынан бұзылыстар: артериялық гипертензия, гипертониялық криз, сирек шунт тромбозы, тромбоэмболия.ОЖЖ тарапынан бұзылыстар: бас ауыруы.Сирек: Стивенс-Джонсон синдромын және уытты эпидермальді некролизді қоса, күрделі терілік жағымсыз реакциялары жағдайлары; өлімге алып келуі мүмкін. Ұзақ әсер ететін препараттармен жиі ауыр жағдайлар тіркелген (дарбепоэтин альфа және метоксиэтиленгликоль-эпоэтин бета). Бөртпелер жиі қызба немесе тұмау тәрізді симптомдармен бірге жүреді. Осындай симптомдар пайда болғанда, емдеуді тоқтату.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.