B01A01 Стрептокиназа (Streptokinase)
Қолдану көрсеткіштері
Жедел миокард инфарктісі (бастапқы 12 сағат аралығында); өкпе артериясы және оның тарамдарының тромбоэмболиясы; аяқ-қол артерияларының тромбозы мен тромбоэмболиясы (6 аптадан артық емес мерзімде); торқабықтың орталық тамырларының 6-8 сағаттан аз (артериялардың), 10 күннен аз уақыт ішінде (көктамырлардың) окклюзиясы, гангрена қаупін тудыратын аяқ-қол терең көктамырларының тромбозы, гемодиализдік шунттардағы тромбтардың еруі.
-
Клинические протоколы:
- Регионарный катетерный (селективный) тромболизис
- Изъятие печени от посмертного донора
- Изъятие почки от посмертного донора
- Венозные тромбозы и тромбофлебиты, посттромбофлебитический синдром
- Острая ревматическая лихорадка и хроническая ревматическая болезнь сердца
- Эмболия и тромбоз аорты и артерий
- Слизисто-кожный лимфонодулярный синдром Кавасаки у детей
- Отморожение у детей
- Рак мочевого пузыря
- Гепатоцеллюлярная карцинома
- Рак шейки матки
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез-келген компонентіне аса жоғары сезімталдық; бас миының ісіктері немесе орталық жүйке жүйесінің метастаздары, бассүйек-ми жарақаты, ми қанайналымының бұзылысы, бақыланбайтын артериялық гипертензия (АҚ 200/100 мм с.б. жоғары), бактериялық эндокардит, перикардит, аорта аневризмасы; АІЖ эрозиялы-ойық жаралы зақымдануы, жедел панкреатит, диабеттік ретинопатия; операциядан кейінгі кезең, ішкі мүшелердің 3 аптаға дейінгі биопсиясы, 4 аптаға дейінгі транслюмбальді артериография, жуырда алған көптеген жарақаттар, қатты қан кету, тромб пен оның жанындағы тіндердің инфекция жұқтыруы, қан кету қаупін тудыратын ісіктер, гемморагиялық диатез; туберкулез (белсенді түрі).
Қауіпсіздік шаралары
Стрептокиназамен емдеудің барлық жағдайларда емді барынша ертерек бастау керек, өйткені ең жақсы әсер жаңадан түзілген тромбтарда байқалады. Емдеуді тромбиндік уақыт пен қандағы фибриноген құрамын бақылай отырып жүргізеді. Стрептокиназа ерітіндісін дайындау кезінде көбік түзілуін болдырмас үшін, ерітіндіні шайқамау керек. Препаратты енгізгенге дейін фибриноген құрамын, тромбиндік уақытты және белсенділендірілген ішінара тромбопластиндік уақытты анықтау ұсынылады. Препаратты 75 жастан асқан пациенттерге тағайындағанда ерекше сақтық таныту керек. Миокард инфарктісінде 24 сағат өткенше және одан да ұзақ, терең көктамырлар тромбозында – 14 күн және одан да ұзақ, торқабық қантамырлардың тромбозында: артериялық окклюзияларда – 6-8 сағат және одан да ұзақ, көктамырлық окклюзияларда – 10 күн және одан да ұзақ, артериялардың созылмалы окклюзияларында, соның ішінде облитерлеуші эндартериитте – 6 апта және одан ұзақ жүйелі пайдалану ұсынылмайды.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Кумарин туындыларын, пероральді антикоагулянттарды, тромбоциттер агрегациясы тежегіштерін, фракцияланбаған гепаринді, төмен молекулярлық гепаринді немесе қан ұюына әсер ететін препараттарды қолданған жағдайда қан кету қаупі артады.
АӨФ тежегіштерімен қатар емдеу аса жоғары сезімталдық реакциясының қаупін арттыруы мүмкін.
IIB/IIIa гликопротеин антагонисттерін қатар қолдану қан кету қаупін арттырады
Бүйрек жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.
Бауыр жеткіліксіздігі
Қарсы көрсетілген.Ауыр түрінде қабылдауды болдырмау.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жедел ишемиялық инсульт кезіндегі негізгі жағымсыз реакция бассүйекішілік қан кетулер болды; барлық қан кетулер, оған қоса осы тізімде көрсетілгендер, мысалы, БСІҚҚ және БСІҚҚ емес;
жедел миокард инфарктісін және өкпе артериясының жедел ауқымды тромбоэмболиясын емдеудегі миішілік қан кетулер (миға қан құйылу, ми гематомасы, геморрагиялық инсульт, инсульттің геморрагиялық түрленуі, бассүйекішілік гематома, субарахноидты қан құйылу сияқты); фарингеальді қан кету; асқазан-ішектен қан кету (мысалы, асқазаннан қан кету, асқазан жарасынан қан кету, ректальді қан кету, қан аралас құсу, мелена, ауыз қуысынан қан кету, қызыл иектен қан кету); экхимоз; урогенитальді қан кетулер (гематурия, несеп-жыныс жолынан қан кету сияқты); инъекция орнынан қан кету (пункция орнынан қан кету, катетерлеу орнындағы гематома, катетерлеу орнынан қан кету);кардиогенді шок, жүрек қызметінің тоқтауы және қайталама инфаркт;
өкпеден қан кету (қан түкіру, гемоторакс, тыныс алу жолдарына қан құйылу сияқты); мұрыннан қан кету; есту ағзаларына қан кету;
реперфузиялық аритмия (мысалы, аритмия, экстрасистолия, атриовентрикулярлық блокада I дәрежеден толық АВ блокадаға дейін, жүрекшелер фибрилляциясы/дірілдеуі, брадикардия, тахикардия, қарыншалық аритмия, қарыншалық фибрилляция, қарыншалық тахикардия, электромеханикалық диссоциация [EMD]); өкпе артериясының жеткіліксіздігі, тромбоэмболиясы, басқа да жүйелі эмболиялар / церебральді эмболия, қарыншааралық қалқаның ақауы; артериялық қысымның төмендеуі;
Сирек: көз алмасына қан құйылу; перикардиальді қан құйылу; ретроперитонеальді қан кету (ретроперитонеальді гематома сияқты); аса жоғары сезімталдық реакциялары (мысалы, бөртпе, есекжем, бронх түйілуі, ангионевроздық ісіну, гипотензия, шок); тиісті ағзалардың зақымдануына әкелуі мүмкін эмболия; жүрек айнуы; паренхиматозды ағзалардан қан кетулер (мысалы, бауырдан қан кету); дене температурасының жоғарылауы; тиісті ағзалардың зақымдануына әкелуі мүмкін майлы эмболия (холестерин кристалдарымен эмболизация); қан құю (қажет болғанда);
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.