L01FX14 Полатузумаб ведотин (Polatuzumab vedotin)
Қолдану көрсеткіштері
| Препараты ритуксимаб, циклофосфамид, доксорубицин және преднизолонмен (R-CHP) біріктірілімде бұрын емделмеген диффуздық B-ірі жасушалы лимфомасы (ДВІЖЛ) бар ересек пациенттерді емдеуге көрсетілген. Препараты бендамустин және ритуксимабпен біріктірілімде гемопоэздік дің жасушаларының трансплантациясы үшін үміткерлер болып табылмайтын қайталамалы/рефрактерлік ДВІЖЛ бар ересек пациенттерді емдеуге көрсетілген. |
-
Клинические протоколы:
- Агрессивные В-клеточные лимфомы
Қарсы көрсеткіштері
| .- әсер етуші затқа немесе қосымша
заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық - белсенді ауыр инфекциялар |
Қауіпсіздік шаралары
| Миелосупрессия Миелосупрессия – қан жасушаларының өндірілуі төмендеп кететін жай-күй, бұл эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер санының азаюына алып келеді. Емдеуші дәрігер қан жасушаларының санын тексеру үшін талдаулар тағайындайды. Емдеуші дәрігерге немесе медбикеге дереу хабарлаңыз, егер: • Сізде қалтырау болса; • Сізде қызба болса; • Сізде бас ауыру болса; • Сіз шаршау сезінсеңіз; • Сіз бас айналуын сезсеңіз; • Сіз бозарып көрінсеңіз; • Сізде әдеттен тыс қан кету, тері астының қанталап кетуі, қан жинап алған соң қан кетудің әдеттегіден ұзаққа созылуы, қызылиектерден қан кету болса. Шеткері нейропатия Егер Сізде, әсіресе, қол немесе аяқ терісі сезімталдығының қандай да бір кінәраттары туындаса, кідіріссіз емдеуші дәрігерге немесе медбикеге хабарлаңыз, мысалы: • ұйып қалу; • шаншу; • ашытуды сезіну; • ауырсыну; • жайсыздық немесе әлсіздік; • жүру кезіндегі қиындықтар. Егер Сізде препаратымен емдеу басталғанша осы симптомдардың қандай да бірі болса, әрі егер Сіз олардың қандай да бір өзгерістерін байқасаңыз, дереу дәрігермен байланысыңыз. Шеткері нейропатия симптомдары дамығанда, емдеуші дәрігер дозаны төмендетуі мүмкін. Инфекциялар Инфекция белгілері мен симптомдары әртүрлі адамдарда ерекшеленуі мүмкін. Егер Сізде инфекциялардың қандай да бір симптомдары туындаса, кідіріссіз емдеуші дәрігерге немесе медбикеге хабарлаңыз, мысалы: • қызба; • жөтел; • кеуденің ауырсынуы; • шаршау; • ауырсындыратын бөртпе; • тамақтың ауыруы; • несеп шығару кезінде ашыту; • әлсіздік сезімі немесе жалпы дімкәстану Үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия Үдемелі көп ошақты лейкоэнцефалопатия – бұл препаратымен және обинутузумаб деп аталатын басқа препаратпен ем қабылдаған бір пациентте дамуы тіркелген өте сирек және өмірге қауіпті ми инфекциясы. Сізде мыналардың туындағаны туралы кідіріссіз емдеуші дәрігерге немесе медбикеге хабарлаңыз: • жадының жоғалуы; • сөйлеу кінәраттары; • жүру кезіндегі қиындықтар; • көру кінәраттары. Егер Сізде препаратымен емдеу басталғанша осы симптомдардың қандай да бірі болса, әрі егер Сіз олардың қандай да бір өзгерістерін байқасаңыз, дереу дәрігермен байланысыңыз. Сізге емдеу қажет болмауы мүмкін. Ісік лизисі синдромы Кейбір адамдарда қандағы кейбір заттардың (калий мен несеп қышқылы сияқты) аномалиялық деңгейлері білінуі мүмкін, ол емделген уақытта ісік жасушаларының тез ыдырауынан болуы мүмкін. Аталған жағдай ісік лизисі синдромы деп аталады. Емдеуші дәрігер осы ахуалды бақылау үшін қан талдауларын тағайындайды. Инфузиялық реакциялар Инфузиялық, аллергиялық немесе анафилаксиялық (аллергиялық түріне қарағанда ауырлау) реакциялар туындауы мүмкін. Емдеуші дәрігер немесе медбике инфузия кезінде және ол аяқталған соң 30-90 минут бойы жағымсыз реакциялар бар-жоғын тексереді. Егер Сізде кез келген күрделі жағымсыз реакция туындаса, емдеуші дәрігер препаратымен емдеуді тоқтатуы мүмкін. Бауырдың зақымдануы Аталған дәрілік препарат бауыр жасушаларының қабынуын немесе зақымдануын туғызуы және бауырдың қалыпты жұмысына ықпалын тигізуі мүмкін. Бауырдың зақымданған жасушалары белгілі бір заттарды (бауыр ферменттері және билирубин) жоғары мөлшерде қан ағымына босатып шығаруы мүмкін, оны қан талдаулары арқылы анықтауға болады. Көпшілік жағдайларда Сізде қандай да бір симптомдар болмайды, алайда, егер Сізде тері немесе көз ақуыздары сарғайып кетсе (сарғаю туындаса), кідіріссіз емдеуші дәрігерге немесе медбикеге хабарлаңыз. Емдеуші дәрігер емдеудің басталуына дейін және ем кезінде Сіздегі бауыр жұмысын бағалау үшін қан талдауларын тексереді. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
| CYP3A4 тежегіштері, субстраттары немесе индукторлары болып табылатын қатарлас препараттармен, сондай-ақ, P-гликопротеин (P-gp) тежегіштері болып табылатын қатарлас препараттармен өзара дәрілік әрекеттесуі CYP3A4 пен P-gp күшті тежегіштері (мысалы, кетоконазол) конъюгацияланбаған MMAE «концентрация-уақыт» қисығы астындағы ауданы (AUC) көрсеткішін 48%-ға арттыруы мүмкін. CYP3A4 тежегішімен қатарлас емдеген жағдайда сақтық таныту ұсынылады. CYP3A4 күшті тежегіштерін (мысалы, боцепревир, кларитромицин, кобицистат, индинавир, итраконазол, нефазодон, нелфинавир, позаконазол, ритонавир, саквинавир, телапревир, телитромицин, вориконазол) бір мезгілде қабылдап жүрген пациенттерді уыттылық белгілеріне қатысты мұқиятырақ қадағалау керек. Конъюгацияланбаған MMAE бір мезгілде қолданылатын CYP3A субстраттарының (мысалы, мидазоламның) AUC ықпал ететіндігіне болжам жасалмаған. CYP3A4 күшті индукторлары (мысалы, рифампицин, карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин, шілтерлі шайқурай) конъюгацияланбаған MMAE экспозициясын төмендетуі мүмкін. Полатузумаб ведотинмен біріктірілген ритуксимабпен және бендамустинмен өзара дәрілік әрекеттесулер Препаратымен бір мезгілде қолданылғанда ритуксимаб пен бендамустиннің фармакокинетикасы өзгермейді. Популяциялық фармакокинетикалық талдаудың деректеріне сәйкес, ритуксимабты бір мезгілде қолдану антиденемен конъюгацияланған ММАЕ (acMMAE) плазмадағы AUC 24%-ға жоғарылауымен және конъюгацияланбаған MMAE плазмадағы AUC 37%-ға төмендеуімен байланыстырылады. Дозасын түзету қажет емес. Бендамустин acMMAE пен конъюгацияланбаған MMAE плазмадағы AUC көрсеткішіне әсер етпейді. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
| Креатинин клиренсі (КК) минутына ≥30 мл пациенттерде препаратының дозасын түзету қажет емес. Деректердің шектеулілігіне байланысты, КК минутына <30 мл пациенттер үшін препараттың ұсынылатын дозасы анықталмаған. |
Бауыр жеткіліксіздігі
| Препаратын
бауырдың орташа немесе ауыр жеткіліксіздігі бар (билирубин деңгейі қалыптың
жоғарғы шегінен [ҚЖШ] 1.5 есе жоғары) пациенттерге тағайындамау керек. Препаратын бауыр функциясының жеңіл дәрежелі бұзылуы бар (билирубин деңгейі >ҚЖШ - ≤1.5×ҚЖШ аралығында немесе аспартатаминотрансфераза [АСТ] белсенділігі ҚЖШ жоғары) пациенттерге тағайындағанда бастапқы дозасын түзету қажет емес. Зерттеліп отырған, бауыр функциясының жеңіл дәрежелі бұзылуы (АСТ немесе АЛТ (аланинаминотрансфераза) белсенділігі >1.0-2.5×ҚЖШ немесе жалпы билирубин деңгейі >1.0-1.5×ҚЖШ ретінде анықталатын) бар популяцияда конъюгацияланбаған MMAE әсерінің 40% жоғарылағаны байқалды, ол клиникалық тұрғыдан маңызды деп есептелмеді. |
Жүктілік
| Жүкті әйелдерде препаратын қолдану деректері жоқ. Осылайша, препаратын жүктілік кезінде және контрацепция құралдарын пайдаланбайтын бала тууға қабілетті әйелдерде қолдану ұсынылмайды. |
Емізу
| Препаратымен емделген уақытта бала емізуді тоқтату керек. |
Жағымсыз әсерлері
| Өте жиі: • өкпе инфекциясы (пневмония); • тұмаурату, түшкіру, тамақтың ауыруы және жөтел (жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы); • ұйып қалу, шаншу, ашыту, ауырсыну, жайсыздану немесе жүріс-тұрыс кезіндегі әлсіздік және/немесе қиналыстар (шеткері нейропатия); • қызба (пирексия); • жөтел; • құсу; • диарея (іш өту) немесе іш қату; • ауыз қуысы шырышты қабығының қабынуы (мукозит); • жүрек айну; • іштің ауыруы/іштің жоғарғы бөлімінің ауырсынуы; • қатты қалжырау; • шаршау сезімі (астения); • тәбет төмендеуі; • дене салмағының азаюы; • инфузиялық реакциялар; • суық тию; • шаш түсуі (алопеция); • қан талдауларындағы ауытқулар: - лейкоциттердің барлық түрлерінің төмен деңгейі; - қызбамен немесе онсыз нейтрофилдердің (лейкоциттер түрі) төмен деңгейі; - тромбоциттердің (оның ұюына көмектесетін қан жасушасы) төмен деңгейі; - тромбоциттердің төмен деңгейі (анемия); - қандағы калийдің төмен деңгейі (гипокалиемия). Жиі: • ауыр инфекция (сепсис); • несеп шығару жолдарының инфекциясы; • вирустық инфекциялар; • герпес; • тері инфекциялары; • өкпенің қабынуы (пневмонит); • ентігу және тыныс тарылуы; • бас айналу; • аяқ (төменгі бөлігінің) немесе қол (шеткері ісіну) ісінуін тудыратын сұйықтық іркілісі; • қандағы бауыр ферменттері (трансаминазалар) белсенділігінің жоғарылауы; • буынның ауыруы; • қышыну; • қалтырау; • бөртпе; • терінің құрғауы; • буынның ауыруы; • қан талдауларындағы өзгерістер: - барлық қан жасушаларының төмен деңгейі (панцитопения); - лимфоциттердің (лейкоциттер түрі) төмен деңгейі; - қандағы фосфаттардың төмен деңгейі (гипофосфатемия); - қандағы кальцийдің төмен деңгейі (гипокальциемия); - қандағы альбуминнің төмен деңгейі (гипоальбуминемия); - қандағы липазаның жоғары белсенділігі. Жиі емес: • көру арқылы қабылдаудың анық болмауы. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
| Препаратының ұсынылатын дозасы дене салмағына 1.8 мг/кг құрайды, ол 6 цикл бойына бендамустинмен және ритуксимабпен біріктіріп, 21 күн сайын вена ішіне енгізілді. Препараты, бендамустин және ритуксимабты әр циклдың 1 күні кез келген ретпен енгізуге болады. Препаратымен енгізілгенде, бендамустиннің ұсынылатын дозасы әр циклдың 1 күні және 2 күні тәулігіне 90 мг/м2, ал ритуксимабтың ұсынылатын дозасы – әр циклдың 1 күні 375 мг/м2 құрайды. 1.8 мг/кг препаратын >240 мг жалпы дозасында қабылдаған пациенттерде клиникалық тәжірибенің шектеулілігіне байланысты, жалпы дозасын бір циклда 240 мг асырмау ұсынылады. Енгізу әдісі мен жолы Препараты осындай емдеу жүргізу тәжірибесі бар дәрігердің қадағалауымен қолданылуы тиіс. Препарат венаға 90 минут бойы тамшылатып енгізіледі (венаішілік инфузия). Егер алдыңғы венаішілік инфузияның жағымдылығы жақсы болса, келесі жолы препаратты 30 минут ішінде енгізуге болады. Емдеу ұзақтығы. Әр цикл 3 аптаға созылады. Сіз басқа препараттармен бірге препаратымен емдеудің 6 циклын аласыз. |
Балаларда қолданылуы
| Препаратының қауіпсіздігі мен тиімділігі 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларда анықталмаған. Деректер жоқ. |