
2025 жылғы 04 ақпандағы ҚР ДСМ Формулярлық комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу
№ 73 от 03.02.2025
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Формулярлық комиссияcының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 65-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі № ҚР ДСМ-28 бұйрығымен бекітілген формулярлық жүйе қызметін жүзеге асыру қағидаларының 7-тармағына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясы туралы ережесінің 6, 10-тармақтарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушы министрінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі № 215 бекітілген бұйрығымен БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 478 «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясының құрамын бекіту және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарын күшін жою туралы» бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің формулярлық комиссиясының көрсетілген бұйрықпен бекітілген құрамына енгізілсін:
Кенжебеков Қанат Сағынғанұлы | - | Дәрі-дәрмек саясаты департаментінің директоры орынбасарының міндетін атқарушы; |
көрсетілген құрамнан Баянбердиева А.Т. шығарылсын.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмек саясат департаменті осы бұйрық бекітілген күннен бастап бір күнтізбелік күн ішінде министрліктің интернет-ресурсында орналастыруы тиіс.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Министр А. Әлназарова
|
|
|
Согласовано
30.01.2025 12:58 Кенжебеков Канат Сагинганович
30.01.2025 14:56 Әділхан Жандос Қойшыбайұлы
31.01.2025 14:50 Касымжанова Тота Базарбековна
31.01.2025 16:01 Темирханов Серикболсын Темирханович
03.02.2025 09:59 Нурлыбаев Ержан Шакирович
Подписано
03.02.2025 14:53 Альназарова Акмарал Шарипбаевна