V08CA09 Гадобутрол¹ (Gadobutrol)
Қолдану көрсеткіштері
Бас және омыртқа аймағына, бауыр мен бүйрекке магниттік- резонанстық томография (МРТ) және ангиография (МРА) жүргізгенде контрастылықты жоғарылату үшін.
Қарсы көрсеткіштері
Белсенді затқа немесе препараттың кез келген қосымша затына асқын сезімталдық.
Қауіпсіздік шаралары
Гадобутролды қолдану анафилактоидтық реакциялармен бірге жүруі мүмкін. Бұл реакциялардың көбісі енгізуден кейін 0,5-1 сағаттан соң дамиды. Гадобутролмен диагностикалық процедура жүргізгеннен кейін пациент жағдайын бақылау, дәрілік препараттардың және жан сақтау шараларын жүргізу жабдықтарының болуы ұсынылады.Тырысуға дайындық табалдырығының шегі төмен пациенттерге қолданғанда ерекше сақтық шаралары талап етіледі.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Шумақтық сүзілу жылдамдығы 30 мл/мин/1,73м² төмен болғанда мұқият қауіп/ пайда қатынасын бағалағаннан кейін қолдану керек, доза дене салмағының 0,1 ммоль/кг аспауы тиіс. Соңғы енгізуден кейін 7 күннен ерте аралықта енгізуді қайталауға болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Операцияға дейін, операция кезеңіндеде және одан кейін бауыр транплантациясы кезінде қауіп/ пайда қатынасын толық бағалағаннан соң ғана қолдану керек.
Жүктілік
Нақты қажеттілік жағдайларын қоспағанда, қолдану ұсынылмайды.
Емізу
Енгізу алдында бала емізу тоқтатылуы тиіс және инъекциядан соң 24 сағаттан кейін қайтадан жалғастырылуы мүмкін.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес: бас ауыруы, бас айналуы, дисгевзия, парестезия; жүрек айнуы; тамырлардың кеңеюі; инъекция орнының ауырсынуы, инъекция орнындағы реакциялар;Сирек: паросмия, естен тану, тырысулар; құсу; артериялық гипотензия, жүрек тоқтауы, тахикардия, коллапс, құйылулар; ентігу, тыныс алудың тоқтауы, бронх түйілуі, цианоз, орофарингеальді ісіну, жөтел, мұрын бітелуі, жұтқыншақ ісінуі; конъюнктивит, қабақ ісінуі; анафилактоидтық реакциялар, қызуды сезіну, жалпы әлсіздік.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Тек көктамырға енгізуге арналған! Қажетті дозаны болюсті инъекция түрінде енгізеді. Бас миының перфузиондық диагностикасы үшін инжектор қолдану ұсынылады. 1 жасқа дейінгі балаларға қауіп/ пайда қатынасын мұқият бағалағаннан кейін ғана және дене салмағының 0,1 ммоль/кг аспайтын дозасында қолдану керек. 1 жастан асқан балаларға гадобутролдың ұсынылған дозасы барлық көрсетілімдер үшін дене салмағының 1 кг- на 0,1 ммоль құрайды. Соңғы енгізуден кейін 7 күннен ерте аралықта енгізуді қайталауға болмайды.