V01AA20 Басқа да аллергендер¹ (Various allergens)

Қолдану көрсеткіштері

Аллерген консерванты (фенол) бар, стерильді изотоникалық фосфатты буфер ерітіндісінде сұйытылған, Escherichia coli BL21(DE3)/pCFP-ESAT генетикалық модифицияланған өсірінділер өндіретін рекомбинантты ақуызды білдіреді. Құрамында туберкулез микобактерияларының вирулентті штамдарында болатын және БЦЖ вакциналық штамында болмайтын екі антиген бар.Туберкулез диагностикасында, туберкулездің белсенді даму қаупі жоғары адамдарда үдеріс белсенділігін бағалауда және айқындауда; туберкулездің дифференциалды диагностикасында; вакцинадан кейінгі және инфекциялық аллергияны (баяу типті асқын сезімталдықта) дифференциалды диагностикалауда; басқа әдістермен кешенде туберкулезге қарсы емдеу тиімділігін бағалауда қолданылады.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Тері ішіне, білектің үштен бірінің ортаншы бөлігінің ішкі бетіне. Сынаманы дәрігердің тағайындауы бойынша және теріішілік тесттер жүргізуге рұқсат – құжаты бар, арнайы оқытып-үйретілген медбике қояды. Балаларға препараттың 0,1 мл енгізеді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді