S02AA15 Ципрофлоксацин (Ciprofloxacin)

Қолдану көрсеткіштері

Жедел және созылмалы отит.

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттеріне немесе басқа хинолондарға жоғары сезімталдық, құлақтың зеңдік және вирустық инфекциялары, құлақ туберкулезі.

Қауіпсіздік шаралары

Барлық хинолондарға тән сақтық шараларын ескеру керек (QT аралығының ұзаруы, балалардағы артропатия, құрысуларға бейімділік, фотоуыттылық, миастенияның өршу қаупі және т.б). Ципрофлоксациннің отоуыттылығы жөнінде хабарламалардың болуына байланысты, дабыл жарғағының тесілуі бар пациенттерді жергілікті антибактериялық емдеу кезінде сақтықпен қолдану. Айқын инфекция кезінде тек дәрігердің бақылауымен ғана емдеуді жүргізу керек және емнің ұзақтығы екі аптадан аспауы тиіс. Емді бастар алдында аудиометрия жүргізу керек, сондай-ақ пациенттер отоуыттылықпен байланысты емдеудің қаупі жайында білуі керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ципрофлоксацинді жергілікті қолдану кезінде төмен жүйелік концентрациясын ескере отырып, дәрілермен өзара әрекеттесуі екіталай.Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Бүйрек жеткіліксіздігі

ШСЖ 30 мл/мин төмен болғанда дозасын төмендету.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Барлық хинолондарға тән жағымсыз реакцияларды ескеру қажет. Ципрофлоксацин үшін: жергілікті - құлақтағы ауыру және қышыну, құлақтың бітелуі, суперинфекция, зеңдік инфекциялар, жергілікті қолданумен байланысты құрысулар; жүйелік - жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея және құсу, бас ауыруы және бас айналуы, сананың шатасуы, елестеулер, QT аралығының ұзаруы, интерстициальді нефрит және бүйректік конкременттер, бөртпе және фотосезімталдық, аса жоғары сезімталдық реакциялары; зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі - бауыр ферменттерінің немесе сарысулық креатининнің уақытша жоғарылауы.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

Балаларға 1 жастан бастап. Сыртқа, құлаққа, 3 тамшыдан күніне 2 рет. Тамшылар жылы болуы керек (дене температурасындай). 1 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректер жеткіліксіздігіне байланысты қарсы көрсетілген.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.