S01HA02 Оксибупрокаин (Oxybuprocaine)

Қолдану көрсеткіштері

Офтальмологиядағы жергілікті анестезияда мыналарды жүргізуде:
- көзішілік қысымды өлшегенде (тонометрияда)
- гониоскопияда
- конъюнктивадан диагностикалық қырындыны алғанда
- мөлдір қабықтан және конъюнктивадан бөтен денелер мен жіптерді алуда
- мөлдір қабық және конъюнктиваға қысқа мерзімді хирургиялық араласуларда
    Клинические протоколы:
  1. Афакия
  2. Катаракта
  3. Птоз (блефароптоз)
  4. Стандартное офтальмопротезирование
  5. Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата
  6. Язва роговицы
  7. Рубцы и помутнения роговицы

Қарсы көрсеткіштері

- әсер етуші затқа немесе 6.1-бөлімде санамаланған қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық
- 8 жасқа дейінгі балаларда

Қауіпсіздік шаралары

Препарат тек конъюнктивалық қалтаға тамызуға арналған.
Препарат үйде өздігінен қолдануға ұсынылмайды, өйткені ұзаққа созылған, көп рет және ұзақ мерзім қолданылуы мөлдір қабықтың тұрақты бұлыңғырлануына әкеп соқтыруы мүмкін. Оксибупрокаин көз ауруларын кешенді емдеуде ұзақ қолдануға арналмаған.
Препаратты қолдану кезінде анафилаксиялық реакция және синустық брадикардия дамуы мүмкін.
Сақтықпен қолдану керек, егер пациентте бар болса: жүректің айқын жеткіліксіздігі, аллергиялық реакциялар. Псевдохолинэстераза тапшылығы, миастения, гипотония, жүрек жеткіліксіздігі, ырғақ бұзылуы мен эпилепсиясы бар пациенттерде сақтық таныту қажет. Анестетикті бақыламай пайдалану қысқа мерзімді енгізгеннен кейін де төменгі концентрациялардың өзінде мөлдір қабық эпителийі зақымдануына әкелуі мүмкін.
Ластануды болдырмау үшін құтының ұшын ешқандай беткейлерге тигізбеген жөн. Анестезия аяқталғанға дейін көзге мыналардың әсер етуінен тартынған жөн: үйкелу, бөгде денелер, тітіркендіретін химиялық заттар. Препаратты тамызар алдында жанаспалы линзаны шешу керек, және оны 15 минуттан соң ғана қайта киюге болады.
Бензалконий хлориді
Препараттың құрамында бензалконий хлориді бар, сондықтан ирит болуы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзалармен жанасудан аулақ болу керек, жанаспалы линзаларды қолданар алдында алып тастау дұрыс және препаратты тамызғаннан кейін кемінде 15 минут күту қажет. Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзаларды түссіздендіреді. 8 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Оксибупрокаин сукцинилхолин мен симпатомиметиктердің әсерін күшейтеді, сульфаниламидтер мен бета-блокаторлардың бактерияға қарсы белсенділігін төмендетуі мүмкін, күміс нитратымен, сынап тұздарымен, сілтілік ерітінділермен үйлеспейді.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозаны түзету қажет емес.

Жүктілік

Оксибупрокаинді қажет деп саналатын жағдайларды қоспағанда, жүктілік кезінде қолдануға болмайды. Жүктілік кезінде қолдану анаға күтілетін пайда шарана үшін қауіптен асып кеткен жағдайларда дәрігердің тағайындауы бойынша ғана мүмкін болады.

Емізу

Оксибупрокаинді қатер шегі деп саналатын жағдайларды қоспағанда, бала емізу кезеңінде қолдануға болмайды. Лактация кезінде қолдану анаға күтілетін пайда нәресте үшін қауіптен асып кеткен жағдайларда дәрігердің тағайындауы бойынша ғана мүмкін болады.

Жағымсыз әсерлері

Өте сирек жағдайларда бақылаусыз пайдалану, яғни ұзақ және / немесе тым жиі пайдалану кератопатияға, гипопионға немесе мөлдір қабықтың орталық эрозиясына, соның ішінде орталық тыртықтануға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, мөлдір қабықтың перфорациясы болуы мүмкін.
Тамызу кезінде өтпелі тітіркену, шаншу және бұлыңғыр көру пайда болуы мүмкін.
Сирек жағдайларда жергілікті анестетиктерді қолдану аллергиялық реакциялармен байланысты болды (ең ауыр жағдайларда - анафилаксиялық шок).
Белгісіз
-көздің ауыруы, көздің тітіркенуі, бұлыңғыр көру, кератопатия, гипопион, мөлдір қабықтың эрозиясы, мөлдір қабықтың перфорациясы, көз аллергиясы, аллергиялық блефарит
- аса жоғары сезімталдық, анафилаксиялық реакциялар, анафилаксиялық шок

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Тонометрия, гониоскопия және басқа диагностикалық тексерулер кезінде, субконъюнктивалық инъекциялар жүргізер алдында, қабық пен конъюнктивадан бөгде денелер мен тігістерді алу кезінде, қабық пен конъюнктиваға қысқа мерзімді хирургиялық араласулар кезінде офтальмологиядағы жергілікті анестезия (оның ішінде қабық пен конъюнктиваның беттік анестезиясы).

Балаларда қолданылуы

8 жасқа дейінгі балаларда қолдануға болмайды.