S01GX08 Кетотифен (Ketotifen)
Қолдану көрсеткіштері
Аллергиялық конъюнктивитте (емдеу және профилактика)
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
Қауіпсіздік шаралары
• Пипетканы беткейлермен немесе көз айналасына тигізбеген дұрыс. Егер дұрыс қолданылмаса, көз тамшыларын бактериялармен ластауға болады, олар көздің инфекциясын тудыруы мүмкін. Ластанған ерітіндіні қолдану көздің күрделі зақымдануына, одан әрі – көрмей қалуына әкелуі мүмкін.• Препаратты тамызу кезінде консерванттың (бензалконий хлориді) сіңу мүмкіндігіне байланысты жұмсақ жанаспалы линзаларды алып тастау керек; тамызғаннан кейін оларды кем дегенде 15 минут өтпей, пайдалануға болмайды. • Емделу кезінде көлік құралдарын және басқа да қауіпті механизмдерді басқару кезінде сақ болу керек.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Қажет болған жағдайда препаратты басқа көзге тамызатын дәрілерімен біріктірілімде тағайындауға болады. Бұл ретте тамызу аралығы кем дегенде 5 минут болуы тиіс
Бүйрек жеткіліксіздігі
Дозаны түзету қажет емес
Бауыр жеткіліксіздігі
Дозаны түзету қажет емес
Жүктілік
Қабылдауға болмайды.
Емізу
Қабылдауға болмайды.
Жағымсыз әсерлері
Жиі емес: бас ауыру; көрудің бұлыңғырлануы (тамызу кезінде), көздің құрғауы, қабақ тарапынан болатын проблемалар, конъюнктивит, көздің қарығуы, конъюнктиваға қан құйылу; ауыздың құрғауы; бөртпе, экзема, есекжем; ұйқышылдықЖиі: көздің тітіркенуі, көздің ауыруы, нүктелік кератит, мөлдір қабықтың нүктелік эпителиальді эрозиясы, ириттер болуы мүмкін.
Балаларда қолданылуы
Жергілікті. Балаларға - 8 жастан асқан. Төменгі конъюнктивальді қалтаға әр 12 сағат сайын 1 тамшыдан тәулігіне 2 рет.Тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша деректердің болмауына байланысты 8 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.