S01GX05 Лодоксамид (Lodoxamide)

Қолдану көрсеткіштері

Маусымдық аллергиялық конъюнктивит; атопиялық конъюнктивит; аллергиялық конъюнктивит; алып папиллярлы конъюнктивит; аллергиялық кератоконъюнктивит (көктемгі, дәрі- дәрмектік, поллиноз, фолликулярлық, созылмалы спецификалық емес , катаральды).

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Емделушілерге көз тамшылары препаратын қолданар алдында контактілі линзаларды алып тастау және оларды қайтадан киер алдында кемінде 15 минут интервал жасау ұсынылады.Тамызғаннан кейін көрудің уақытша бұзылуы немесе басқа да визуальді мазасыздық дамуы мүмкін, ол автокөлік немесе басқа қауіптілігі жоғары механизмдерді басқару қабілетіне теріс әсер етуі мүмкін.Бұл жағдайда көру қалпына келгенге дейін біраз уақыт күту керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Көз тамшылары үшін өзара әрекеттесудің спецификалық зерттеулері жүргізілген жоқ. Көз тамшылары препараты үшін дәрілік өзара әрекеттесудің жағдайлары туралы хабарлама алынған жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Сақтықпен қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Сақтықпен қолдану керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

ЖергіліктіӨте жиі: көздің тітіркенуі; көздің ауыруы; көздегі жайсыздықЖиі: көздің құрғауы; көздің қышуы; қабақтың шетіндегі қабықтар;жас ағудың артуы; гиперемия; көрудің анық болмауы .Жиі емес:мөлдір қабық эрозиясы, кератит, кератопатия; конъюнктиваның ісінуі; көздің алдыңғы камерасындағы жасушалар; көрудің бұзылуы; астенопия (көздің шаршауы);блефарит; көздің аллергиясы, көздің ісінуі, қабақтың ісінуі,  көздің бұзылуы (эпителиопатия); көзден шығатын бөліністер; көзде абнормальді сезіну, көздегі бөтен денені сезіну.ЖүйелікЖиі емес: бастың айналуы, бас ауруы;ұйқышылдық; түшкіру, мұрынның құрғауы; жүректің айнуы, асқазандағы жайсыздық; бөртпе;ысыну сезімі.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

  4-17 жас аралығындағы балалар. Тең уақыт аралығында күніне 4 рет әр көзге 1-2 тамшыдан тамызу ұсынылады. Қажетті емдеу курсы 4 апта болуы мүмкін. 4 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді