S01FA04 Циклопентолат (Cyclopentolate)

Қолдану көрсеткіштері

Ересектер мен 8 жастан асқан балаларда мидриаз және циклоплегия индукциясы үшін.
    Клинические протоколы:
  1. Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;
- жабық бұрышты глаукома, глаукоманың дамуына бейімділік
- салданған илеус
- жүктілік және лактация кезеңі
- 8 жасқа дейінгі балалар
- мидың туа біткен немесе жүре пайда болған ауытқулары бар балалар, нейронның патологиялық дамуы бар, эпилепсия ұстамаларына бейімділігі бар балалар.

Қауіпсіздік шаралары

Балалар мен егде жастағы адамдарда уыттылық қаупі жоғары.
Пациенттерде, әсіресе бұрын атропинге (жергілікті және/немесе жүйелі) ауыр жүйелі реакциясы бар балаларда сақтықпен қолдану керек.
Циклопентолат тар иридокорнеальді бұрышы бар адамдарда сулы ылғалды шығару жолдарының механикалық обструкциясына байланысты глаукома жедел ұстамасын дамуытуы мүмкін.
Ашық бұрышты глаукома: циклопентолат көзге тамызатын дәрілерін бұрыштың ашық екенін тексергеннен кейін созылмалы глаукома кезінде пайдалануға болады.
Циклопентолаттың офтальмологиялық ерітіндісін орталық жүйке жүйесінің зақымдану симптомдары бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек, өйткені бұл препарат орталық жүйке жүйесінің бұзылуын тудыруы мүмкін, әсіресе кіші жастады балаларда.
Циклопентолат гипертермияны тудыруы мүмкін болғандықтан, оны пациенттерде, әсіресе ашық ауада жоғары температураға ұшырауы мүмкін немесе қызбасы бар балаларда сақтықпен қолданыңыз.
Препаратты қуық асты безінің адемномасы бар пациенттерде сақтықпен қолдану керек (4.8 бөлімін қараңыз).
Пациенттерде ұйқышылдық, көрудің бұлыңғырлануы және жарыққа сезімталдық байқалуы мүмкін. Пациенттерге көрудің бұлыңғырлануы басылғанға дейін машина жүргізбеуі және/немесе басқа қауіптілігі зор қызмет түрлерімен айналыспауы керектігі туралы ескерту керек.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Өзара әрекеттесуге зерттеулер жүргізілген жоқ.
Жергілікті қолдануға қарамастан, бұл дәрілік зат назарға алынуға тиіс жүйелік әсерлерді тудыруы мүмкін.
Назарға алынуға тиіс біріктірілімдер.
Басқа атропинді препараттар (имипраминді антидепрессанттар, атропинді H1-антигистамин препараттарының көпшілігі, антихолинергиялық паркинсонға қарсы препараттар, атропинді спазмолитиктер, дизопирамидтер, фенотиазинді нейролептиктер және клозапин).
Атропиннің жағымсыз реакцияларын қосу, мысалы, несептің іркілуі, іш қату, ауыздың құрғауы және т.б.
Бірнеше офтальмологиялық препараттарды қолданған кезде қолдану арасында 15 минут аралықты сақтау керек. Көзге арналған жақпамайларды ең соңында қолдану керек.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Бауыр жеткіліксіздігі

Деректер жоқ.

Жүктілік

Жүкті әйелдерде препаратты қолдану туралы деректер жоқ немесе шектеулі. Препаратты жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды.

Емізу

Циклопентолат және/немесе оның метаболиттерінің емшек сүтіне өтетін-өтпейтіні белгісіз. Емшек сүтімен қоректенетін бала үшін қауіпті жоққа шығаруға болмайды. Емшек сүтімен қоректендіруді уақытша тоқтатудан немесе емдеуден, пайдасы әйел үшін емнің пайдасына қатысты бала үшін емшек сүтімен қоректендірудің пайдасын ескере отырып, бас тарту туралы шешім қабылдау керек.

Жағымсыз әсерлері

Аса жоғары сезімталдық;
елестеулер, шатасқан күй, бағдардан адасу, қозу, күйгелектік;
құрысулар, үйлесімсіздік, ретроградтық амнезия, тепе-теңдіктің бұзылуы, бас айналу, бас ауруы, қозғыштықтың жоғарылауы, ұйқышылдық;
жедел глаукома, мидриаз (препараттың ұзақ әсер етуі), фотофобия, аккомодацияның бұзылуы, көздің тітіркенуі, көрудің бұлыңғырлануы, көз гиперемиясы, көздің ауыруы;
құсу, жүрек айнуы, ауыздың құрғауы;
эритема;
қызба, шаршау.

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Ересектер, оның ішінде егде жастағы пациенттер:
Препараттың 1 тамшысын көзге тамызады; қажет болса тамызуды 10 минуттан кейін қайталауға болады.
Қолдану тәсілі.
Тек офтальмологияда жергілікті қолдануға арналған.
Барлық көзге тамызатын дәрілері сияқты, келесі қадамдарды ретімен орындаңыз:
- Қолыңызды мұқият жуыңыз.
- Ластануды болдырмау үшін көзге, қабақтарға, айналадағы тіндерге немесе кез келген басқа беткейге тамызғыш ұштығын тигізбеңіз.
- Көзге тамызатын дәрін тамызу үшін жоғары қараңыз және қабақты сәл төмен қарай тартыңыз.
- Циклопентолаттың көз жасы жолдары арқылы қан ағымына енуінен және пероральді қабылдау арқылы туындаған жүйелік әсерлерді болдырмау үшін, әсіресе балалар мен егде жастағы пациенттерде, әр тамызғаннан кейін 1 минут ішінде мұрын-көз жас арнасын қысып немесе қабақтарды ақырын жауу және артық препаратты бетінен сүрту ұсынылады. Бұл офтальмологияда қолдану үшін дәрілік препараттардың жүйелі сіңуінің төмендеуіне және жүйелі жағымсыз әсерлердің азаюына әкелуі мүмкін. Жұтудан аулақ болуға көмектеседі, әсіресе балаларда.
- Құтыны қорғаныш қақпағымен мықтап жабыңыз.
- Препаратты пайдаланғаннан кейін қолды мұқият жуыңыз.
Басқа көзге тамызатын дәрілермен бір мезгілде қабылдаған жағдайда, тамызуды 15 минут аралықпен жүргізу керек.

Балаларда қолданылуы

8 жастан асқан балалар:
Препараттың 1 тамшысын көзге тамызады; қажет болса, 10-30 минуттан кейін препаратты қайтадан тамызуға болады.
Тамызғаннан кейін 30 минут ішінде кішкентай жастағы балаларды мұқият бақылау ұсынылады.