S01EE01 Латанопрост (Latanoprost)

Қолдану көрсеткіштері

Ашық бұрышты глаукома және көз гипертензиясы бар пациенттерде жоғары көз ішілік қысымды төмендету.
    Клинические протоколы:
  1. Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз
  2. Первичная глаукома

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың қандайда бір компонентіне жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Емдеудің алдында көз түсінің тұрақты өзгеру мүмкіндігі туралы пациенттерді хабардар ету қажет. Бір жақты емдеу тұрақты гетерохромияға алып келуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Простагландиндер және простагландин аналогтарының туындылары - бір мезгілде қабылдағанда, көзішілік қысымның парадоксальді артуының дамуы.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: нұрлы қабақтың гиперпигментациясы, конъюнктива гиперемиясы, көздің тітіркенуі, кірпіктің және қабақтағы үлпе түктердің өсуі.Жиі: симптомдарсыз ұсақ жасушалы кератит, блефарит, көз ауыруы, жарықтан қорқу, конъюнктивит.Жиі емес: бас ауыруы, бас айналуы, қабақтың ісінуі, көздің құрғауы, кератит, көрудің нашарлануы, макулярлы ісіну, увеит, стенокардия, жүрек қағысының жиілеуі, демікпе, ентігу, бөртпе, миалгия және артралгия, кеуденің ауыруы.Сирек: герпестік кератит, қасаң қабықтың қабынуы және ісінуі, периорбитальді ісіну, трихиаз, дистихиаз, мөлдір қабықтың кистасы, қабақ терісінің жергілікті реакциясы, қабақ терісінің қараюы, "көздің құрғауы" симптомы, демікпенің асқынуы.Өте сирек: қабақта тіліктер пайда болуына алып келетін периорбитальді өзгерістер; тұрақсыз стенокардия.

Балаларда қолданылуы

8 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 8 жастан және одан асқан балаларға: зақымдалған көзге тәулігіне бір рет 1 тамшыдан.