A12AX Кальция карбонат және Колекальциферол (Calcium carbonate with Colecalciferol)

Қолдану көрсеткіштері

Кальций және Д дәрумені тапшылығының профилактикасы және оны емдеу; Кальций және Д дәруменінің тапшылығы қаупі бар пациенттерде остеопорозды емдеу кезінде толықтыру ретінде кальций мен Д дәруменін қабылдау.

    Клинические протоколы:
  1. Остеопороз

Қарсы көрсеткіштері

Гиперкальциемияға және/немесе гиперкальциурияға әкелетін аурулар немесе жағдайлар; Д гипервитаминозы; Белсенді субстанцияға немесе компоненттердің қандай да біріне жоғары сезімталдық; нефролитиаз;тұқым қуалайтын фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы, сахароза-изомальтоза жеткіліксіздігі.

Қауіпсіздік шаралары

Ұзақ емдеу кезінде қан сарысуындағы кальций деңгейін ұстап тұру керек және бүйрек функциясы сарысу креатининін өлшеу жолымен тексерілуі тиіс. Жоғарғы тас түзілу үрдісі бар пациенттерде жүрек гликозидтерімен және диуретиктермен қатар емдеу кезінде егде пациенттерде мониторинг аса маңызды. Гиперкальциемия немесе бүйрек функциясының бұзылу белгілері жағдайында доза азайтылуы немесе ем тоқтатылуы тиіс. Д3 дәрумені оның белсенді формасына метаболиздену қаупіне жоғарылығына байланысты саркоидоздан зардап шегетін пациенттерге сақтықпен тағайындау керек. Қан сарысуындағы және несептегі кальций мөлшеріне мониторинг жүргізу қажет.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Тиазид диуретиктері- кальцийдің несеппен бөлініп шығуын төмендетеді.Кальций карбонаты бір мезгілде енгізілген тетрациклин препараттарының сіңірілуін азайта алады.Хинолондық антибиотиктер- олардың абсорциясы бұзылуы мүмкін.Бисфосфонаттар- олардың АІЖ сіңірілу төмендетеді.Левотироксин- оның абсорбциясын және тиімділігін төмендетеді.Темір, мырыш және стронций ранелатының препараттары- олардың сіңірілуін төмендетеді.Орлистат-майда еритін дәрумендердің (мысалы, Д3 дәрумені) сіңірілуін бұзуы әбден мүмкін.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Ауыр бүйрек жеткіліксіздігінде қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Дозасын түзету талап етілмейді.

Жүктілік

Жүктілік кезінде кальций мен D3 дәрумені жетіспеген жағдайда қолдануға болады.

Емізу

Бала емізу кезінде қолдануға болады

Жағымсыз әсерлері

Иммундық жүйе бұзылыстары: белгісіз: ангио-ісіну немесе көмей ісінуі сияқты аса жоғары сезімталдық реакциялары Метаболизм және тамақтану бұзылыстары: жиі емес: гиперкальциемия және гиперкальциурия.өте сирек: сүт-сілтілік синдромы (жиі кіші дәретке отырғысы келу, тұрақты бас ауыруы, тұрақты тәбет болмауы, жүрек айнуы немесе құсу, шаршау немесе әлсіздік, гиперкальциемия, алкалоз және бүйрек жеткіліксіздігі). Әдетте тек артық дозаланғанда байқалады Асқазан-ішек бұзылыстары: сирек: іш қатуы, метеоризм, жүрек айнуы, іш ауыруы және диарея.Тері және тері асты тіндері: өте сирек: қышыну, бөртпе және есекжем.Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттер: гиперфосфатемияның, нефролитиаздың және нефрокальциноздың жоғары қаупі.

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.