S01EC04 Бринзоламид (Brinzolamide)

Қолдану көрсеткіштері

Ашық бұрышты глаукома, көзішілік қысым жоғарылағанда. β-блокаторларды қолдану әсер етпейтін немесе β-блокаторлар қарсы көрсетілген пациенттерде монотерапия ретінде. β-блокаторларға немесе простагландиндер аналогтарына қосымша терапия ретінде.
    Клинические протоколы:
  1. Катаракта
  2. Мукополисахаридозы у детей
  3. Афакия
  4. Термические и химические ожоги, ограниченные областью глаза и его придаточного аппарата

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, сульфаниламидтерге белгілі жоғары сезімталдық, жабық бұрышты глаукома, гиперхлоремиялық ацидоз.

Қауіпсіздік шаралары

Препарат сульфаниламид болып табылады және жергілікті қолданған кезде оның жүйелі абсорбциясы жүреді. Сульфаниламидтерге тән жағымсыз реакциялар пайда болуы мүмкін. Ауыр реакциялар немесе жоғары сезімталдық  жағдайында препаратты қолдануды тоқтату ұсынылады. Тамызғаннан кейін уақытша анық көрмеу болуы мүмкін, ол көлік құралдарын жүргізу немесе басқа да қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне жағымсыз әсер етуі мүмкін.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Метилксантиндер (эуфиллин) – диуретикалық әсердің күшеюі.  Аммоний хлориді және қышқыл түзетін басқа да диуретиктер – диуретикалық әсердің төмендеуі.  Карбоангидраза тежегіштері - сульфаниламидтерге тән жүйелік әсерлердің пайда болуы.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану. Ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Ұсынылмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жергілікті жиі: көрудің бұлыңғырлануы, көру жайсыздығы (қысқа мерзімдік ашыту немесе тамызғаннан кейін ашыту), көзде бөгде затты сезіну, көз гиперемиясы;Сирек: көздің құрғауы, көздің ауыруы, көздің тітіркенуі, көздің қышуы, кератит, кератопатия, блефарит, коньюнктивит, коньюнктивальді фолликулалар, қабақ шеттерінің қабыршықтануы, жайсыздықты сезіну, жас ағуы, көздің шаршауы және дұрыс көрмеу. Тимололмен бірге терапияда сирек жағдайларда мөлдір қабықтың эрозиясы байқалған;Жүйелі жиі: бас ауыруы, қышқыл немесе айрықша дәм;Сирек: депрессия және бас айналуы, кеуденің ауыруы, аллопеция, диспное, фарингит, бронхит, ринит, мұрыннан қан кету, қанды қақырық, ауыздың құрғауы, жүрек айнуы және диспепсия, дерматиттер, парестезия, уақытша ұйып қалумен сипатталатын немесе аяқ-қолдың шаншуын сезіну.  

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.