S01EC03 Дорзоламид (Dorzolamide)
Қолдану көрсеткіштері
Көзішілік қысымның жоғарылауында (офтальмогипертензия); ашық бұрышты глаукомада (оның ішінде жалған эксфолиативті глаукома және салдарлы ашық бұрышты глаукоманың басқа да түрлері); бета-блокаторлармен қосымша ем ретінде.
-
Клинические протоколы:
- Глаукома вторичная вследствие других болезней глаз
- Первичная глаукома
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе қосымша заттарына жоғары сезімталдық; Гиперхлоремиялық ацидоз.
Қауіпсіздік шаралары
Көз мөлдір қабығының эндотелиальді жасушаларының тығыздығы төмен және/немесе көзіне хирургиялық араласым жүргізілген пациенттерде сақтықпен пайдалану қажет, өйткені бұл категориядағы науқастарда мөлдір қабықтың ісінуі және мөлдір қабықтың қайтымсыз декомпенсациясы даму ықтималдығы жоғары. Дорзоламид пен басқа карбоангидразаның пероральді тежегіштерін бір уақытта қолдану ұсынылмайды. Дорзаламид жергілікті қолдануға арналған карбоангидразаның тежегіші болып табылады, ол жүйелі абсорбцияға ұшырауы мүмкін, сондықтан анамнезінде несеп-тас ауруы бар пациенттерде уролитиаздың жоғарғы туындау қаупі болуы мүмкін.Фильтрациялық операциялардан кейін сұйықтық өндірісін тежейтін дәрілерді қолданғанда тамырлы қабықтың ажырауы қаупі бар. Ириттер болуы ықтимал, жұмсақ жанаспалы линзаларға тигізіп алуға жол бермеу керек, қолданар алдында жанаспалы линзаларды шешіп қою және препаратты тамызғаннан кейін кем дегенде 15 минут күте тұру керек. Препарат бас айналуды және көрудің бұзылуларын туындатуы мүмкін болғандықтан, емделу кезеңінде зейін қою және психомоторлы реакциялар жылдамдығын арттыру қажеттілігімен байланысты потенциалды қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға жол бермеген жөн.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Глаукомаға қарсы дәрілік заттар (бета-адреноблокаторлар, пилокарпин, дипивефрин, карбахол) препараттың әсерін күшейтеді. Ацетазоламидпен бір уақытта қолданғанда жүйелі жағымсыз әсерлердің даму қаупі жоғарылайды. Ацетилсалицил қышқылының үлкен дозаларын қабылдағанда уыттылықтың күшеюі мүмкін.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Егер клиренс креатині 30 мл/ мин кем болса қабылдауға болмайды.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен қолданған жөн керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өти жиі: инсталляциядан кейін көздің шымшып, күйдіріп және шаншып ауыруы;Жиі: беткейлік нүктелік кератит, жасаурау, конъюнктивит, қабақтың қабынуы, көздің қышуы, қабақтың тітіркенуі, көздің бұлыңғырлануы, бас ауыруы, жүрек айнуы және ауызда ащы дәм сезіну, астения/шаршау;Жиі емес: иридоциклит;Сирек: көздің қызаруы, көздің ауыруы, қабақта қабыршық түзілуі, транзиторлық миопия (препаратты тоқтатқаннан кейін өтпелі), мөлдір қабықтың ісінуі, көздің гипотониясы, антиглаукоматоздық операциялардан кейін пациенттерде торлы қабықтың қабатталуы, бас айналуы, парестезия, мұрыннан қан кету, тамақтың тітіркенуі, ауыздың құрғауы, жанаспалы дерматит, Стивенс-Джонсон синдромы, уытты эпидермальді некролиз, уролитиаз, жоғары сезімталдық белгілері мен симптомдары: жергілікті көріністер – пальпебральді реакциялар, жүйелі реакциялар – ангионевроздық ісіну, есекжем, қышыну, бөртпе, анафилаксия және сирек бронх түйілуі;Белгісіз: көзде бөгде денені сезіну,ентігу.
Балаларда қолданылуы
Конъюнктивальды. 8 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Толық ақпарат алу үшін препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа жүгіну керек.