S01EC01 Ацетазоламид¹ (Acetazolamide)

Қолдану көрсеткіштері

Жүрек жеткіліксіздігі кезінде немесе дәрілік заттарды қабылдаумен байланысты ісінулер, созылмалы ашық бұрышты глаукома, екіншілік глаукома, жабық бұрышты глаукома. Эпилепсияда, балаларда кіші ұстамаларында (petit mal) және ересектерде үлкен ұстамаларында (grand mal) , аралас түрлерінде. Жедел биіктіктен қорқу ауруы, қатерсіз бассүйекішілік гипертензия, , қарыншаларды шунттаудан кейінгі бассүйекішілік гипертензияда.
    Клинические протоколы:
  1. Приобретенная афазия с эпилепсией (Синдром Ландау-Клеффнера)
  2. Повторная реабилитация. Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  3. Второй этап "Реабилитация II Б". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  4. Токсическая энцефалопатия у детей
  5. Ликворея
  6. Второй этап "Реабилитация II А". Профиль "Неврология и нейрохирургия" (дети)
  7. Ветряная оспа у детей
  8. Коклюш
  9. Корь у детей
  10. Краснуха
  11. Менингококковая инфекция у детей
  12. Паротитная инфекция
  13. Эпидемический паротит у детей
  14. Умственная отсталость
  15. Гидроцефалия
  16. Гидроцефалия (вентрикуло-перитонеальное шунтирование)
  17. Опухоли основания черепа (хирургическое лечение)
  18. Энцефалит у детей и взрослых
  19. Двусторонняя нейросенсорная тугоухость (педиатрия)
  20. Хроническая сердечная недостаточность
  21. Тяжелая черепно-мозговая травма
  22. Афакия
  23. Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени
  24. Краниосиностоз
  25. Менингококковая инфекция
  26. Кератит
  27. Бруцеллез
  28. Эпилепсия у детей

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Қан сарысуында натрий және калийдің төмен деңгейі, бүйрек үсті бездерінің жеткіліксіздігі, гиперхлорэмиялық ацидоз, созылмалы  декомпенсацияланған жабық бұрышты глаукома (ұзақ емдегенде), препарат компоненттеріне немесе сульфонамидтерге жоғары сезімталдық, Адиссон ауруы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препарат ацидоз тудыруы мүмкін, сондықтан өкпе эмболиясы және өкпе эмфиземасы бар науқастарда сақтықпен қолданылуы керек. Ацетазоламидті гипергликемияның жоғары қаупіне байланысты  қант диабетімен ауыратын пациенттерге сақтықпен қабылдау керек. Емдеу басында және емдеу кезінде жүйелі уақыт аралығында қан көрсеткіштерін және тромбоциттерді, сонымен қатар қан сарысуында электролиттерді жүйелі түрде  бақылап тұру керек. Препаратты қабылдау кезінде пациенттерге автокөлікті басқаруға және жоғары зейін қоюды және психомоторлы реакциялардың жылдамдығын қажет ететін механизмдермен  жұмыс жасауға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Фолий қышқылының антогонистері,  гипогликемиялық заттар, пероралді антикоагулянттар - олардың терапевтикалық әсерін күшейтеді. Аспирин- ауыр ацидоз дамуы және нейротоксикалығының күшеюі. Фенитоин, тырысуға қарсы препараттар- қан плазмасында фенитоин концентрациясының жоғарылауы, остеомаляция даму қаупі. Литий препараттары- олардың әсерінің әлсіреуі. Натрий бикарбонаты- бүйрек тастарының пайда болу қаупі. 

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Парестезиялар, естудің бұзылуы немесе құлақтағы шуыл, ұйқышылдық және бағдарсыздық, әлсіз салдану, жарықтан қорқу, тәбеттің жоғалуы, жүрек айнуы, құсу, іш өту, дәмнің бұзылуы, диареялар мен полиуриялар, метаболизмдік ацидоз және электролитті тепе- теңдік бұзылуы, уақытша алыстан көре алмау, есекжем, анафилаксия, бауыр және бүйрек түйілуі, гепатит, бүйрек жеткіліксіздігі, нефролитиаз, несептас ауруы, жоғары температура, әлсіз салдану және жарыққа жоғары сезімталдық, гематурия, глюкозурия, агранулоцитоз, тромбоцитопения, лейкопения және апластикалық анемия, сүйек кемігі жеткіліксіздігі, панцитопения, полиморфты эритема түріндегі бөртпе,  Стивенс-Джонсон синдромы, Лайелл синдромы.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Ішке, тамақ қабылдауға байланыссыз, сумен ішу.Ішке, 2 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға: тәулігіне 50 – 125 мг 1 – 2 рет қабылдауға; 4 жастан 18 жасқа дейінгі балалар: 125 – 250 мг бір рет таңертең.Балаларда тәулігіне 750 мг асатын дозаларды қабылдау ұсынылмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді