S01BA02 Гидрокортизон (Hydrocortisone)

Қолдану көрсеткіштері

Көздің аллергиялық ауруларында (қабақтардың дерматиті, блефарит, конъюнктивит және кератоконъюнктивит); мөлдір қабық эпителийінің тұтастығы бұзылмаған жағдайда көздің алдыңғы бөлігінің қабыну ауруларында (блефарит, конъюнктивит және кератоконъюнктивит); көздің термиялық және химиялық күйігінде (мөлдір қабық ақаулары  толық эпителизацияланғаннан кейін).
    Клинические протоколы:
  1. Блефарит

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; мөлдір қабықтың эпителий ақаулары; бастапқы глаукома; вакцинация кезеңі; көздің іріңді, вирустық, зеңдік аурулары;   көз эпителийінің тұтастығы бұзылуы; трахома, көз туберкулезі;

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

 • Емделу кезінде жанаспалы линзаларды пайдалану ұсыныдмайды. • Көзге тамызатын дәріні бір мезгілде қолданған кезде олардың инстиляциясы мен жақпамайды жағу арасындағы уақыт аралығы кем дегенде  15 минут болуы тиіс.  • 10 күннен астам қолданған кезде және анамнезде глаукома болғанда көзішілік қысымды бақылап отыру қажет.• Жақпамайды қолданғаннан кейін 30 мин бойы жоғары зейін қоюды қажет ететін істерден тартына тұру қажет. • Артериялық гипертензияда, қант диабетінде сақтықпен қолдану керек.• Препарат құрамында метилпарагидроксибензоат бар, бұл баяу типті аллергиялық реакциялар туындатуы мүмкін.• Автомобильді басқаруға және көру қабылдауының айқындығын талап ететін қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

 •  Андрогендер, эстрогендер,  ішу арқылы қабылданатын контрацептивтер анаболиялық стероидтар (гирсутизм, безеу бөртпесі); психозға қарсы дәрілік заттар, карбутамид, азатиоприн (катаракта); холиноблокаторлар, антигистаминдік дәрілік заттар, трициклдік антидепрессанттар,  нитраттар (глаукома); диуретиктер (гипокалиемия)  - препараттың жағымсыз әсерлерінің даму қаупі. •  Жүрек гликозидтері- дигиталистік уыттану дамуы. •  Қорғасын және күміс препараттарымен - өзара белсенділігі жойылады. •  Инсулин, ішу арқылы қабылданатын гипогликемиялық, гипотензиялық дәрілік заттар, антикоагулянттар, салицилаттар мен празиквантел- препаратты ұзақ қолданғанда олардың тиімділігі төмендейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Сирек: аллергиялық реакциялар, күйдіру; аққабықтың қызаруы; қысқа мерзімді айқын көрмеу.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді