S01BA01 Дексаметазон (Dexamethasone)
Қолдану көрсеткіштері
Стероидтармен емдеуге болатын конъюнктиваның, мөлдір қабықтың және көздің алдыңғы сегментінің басқа да құрылымдарының инфекциялық емес қабынуы және аллергиялық жағдайлары, оның ішінде постхирургиялық қабынулар.
-
Клинические протоколы:
- Анкилозирующий спондилит
- Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени
- Афакия
- Катаракта
- Птоз (блефароптоз)
- Энтропион и трихиаз века, эктропион века
- Блефарит
- Кератит
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың кез келген компонентіне жоғары сезімталдық, вирустық кератиттер және конъюнктивиттер, желшешек, сиыр шешегі, көздің зеңді аурулары, көздің жедел іріңді аурулары, мөлдір қабақтың эпителиопатиясы, жоғары көзішілік қысым, көздің микобактериалды инфекциялары.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Қауіпсіздік шаралары
Жергілікті офтальмологияда қолдану кезінде дексаметазонның жүйелік сіңірілуі төмен, сондықтан дәрілік өзара әрекеттесудің туындау қаупі ең төмен. Офтальмологиялық стероидтарды ұзақ мерзімді қолдану немесе жиілігін жоғарылатып қолдану көзішілік гипертензия және/немесе оптикалық жүйкенің зақымдануына ұласатын глаукома, сонымен қатар артқы камералы субкапсулярлы катарактаның түзілуіне әкелуі мүмкін. Кортикостероидтар төзімділікті төмендетуі, сондай-ақ, бактериялық, вирустық және зеңдік инфекцияларды анықтауға кедергі келтіруі, инфекцияның клиникалық белгілерін жасыруы мүмкін, сонымен антибиотиктің тиімсіздігін ерте анықтауды болдырмайды немесе дексаметазонға аса жоғары сезімталдық реакцияларын бәсеңдетеді. Олардың жұқаруын туғызатын ауруларда стероидтарды жергілікті қолданғанда мөлдір қабық немесе склераның тесілу ықтималдығы жоққа шығарылмайды. Көлік құралын немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқарудан бас тарту.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жүктілік
Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Емізу
Препаратты қабылдау қажет болған жағдайда бала емізуді тоқтату керек.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Жағымсыз әсерлері
Жергілікті:Жиі: мөлдір қабықтық жаралар, көздің ауыруы.Жиі емес: көздің тітіркенуі.Сирек: мөлдір қабықтың тесілуі, субкапсулярлы катаракта, глаукома, көру өрісінің ақауы, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің қышуы.Өте сирек: кератиттер, қабақ птозы, мидриаз, көздегі жайсыздық, көздің жоғары сезімталдығы.Жүйелік:Жиі емес: көзішілік қысымның жоғарылауы.Сирек: екіншілікті көз инфекциялары немесе асқынуы.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді
Балаларда қолданылуы
18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. Балаларда қолданудың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған.
Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді