S01AE05 Левофлоксацин (Levofloxacin)

Қолдану көрсеткіштері

Көздің беткейлік бактериялық инфекцияларын емдеу.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Белсенді зат - левофлоксацинге, басқа да хинолондарға немесе қандай да бір толтырғышқа жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Левофлоксацинді субконъюнктивальді түрде енгізуге болмайды. Көз тамшыларын тура көздің алдыңғы камерасына тамызбаған дұрыс. Левофлоксацинге аллергиялық реакция пайда болғанда көз тамшыларын қолдануды тоқтату керек. Көздің беткейлік бактериялық инфекциясының симптомдары болса, пациенттер жанаспалы линзаларды пайдаланбауы тиіс. Көрудің қандай да бір өткінші бұзылулары жағдайында пациентке көру қалпына келгенше күте тұруға, және содан кейін ғана көлік құралын басқаруға немесе механикалық құрылғыны пайдалануға кеңес беру керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа офтальмологиялық дәрілермен бір мезгілде қолданғанда инстилляция арасындағы аралық кемінде 15 минут болуы керек.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: көздің ашуы, көрудің төмендеуі, көздің шырышты бөліністері.Жиі емес: блефарит, хемоз, конъюнктивалық бүртікті реакция, қабақтың ісінуі, жайсыздық, көздің қышуы және ауыруы, конъюнктиваның гиперемиясы, конъюнктива фолликуласы, көздің құрғауы, қабақтар эритемасы, фотофобия, бас ауыруы, ринит.Сирек: тері бөртпесін қоса, экстра-окулярлы аллергиялық реакциялар.Өте сирек: анафилаксия, көмейдің ісінуі.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Балалар. Жергілікті, зақымданған екі немесе бір көзге 1-2 тамшыдан алғашқы 2 тәулік ішінде әр 2 сағат сайын тәулігіне 8 ретке дейін, содан кейін тәулігіне 4 рет. Әдетте емдеу ұзақтығы 5 тәулікті құрайды. 8 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді