S01AD09 Ганцикловир (Ganciclovir)

Қолдану көрсеткіштері

Қарапайым герпес вирусынан туындаған жедел кератитті емдеу.
    Клинические протоколы:
  1. Цитомегаловирусная инфекция у детей

Қарсы көрсеткіштері

Ганцикловирге, ацикловирге немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық.

Қауіпсіздік шаралары

Бензалконий хлориді көздің тітіркенуін тудыруы мүмкін. Жұмсақ жанаспалы линзалармен препараттың жанасуына жол бермеу керек. Препаратты қолданар алдында жанаспалы линзаларды алып тастаңыз және оларды тамызғаннан кейін кемінде 15 минуттан кейін қайта тағыңыз.
Бензалконий хлориді жұмсақ жанаспалы линзалардың түсінің өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Жануарларға жүргізілген зерттеулерде геноуытты әсерге байланысты Ганцикловир қабылдаған еркектерге емдеу кезінде және одан кейін үш айға дейін жергілікті контрацепция шараларын (мүшеқап ретінде) пайдалану ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Басқа көзге тамызатын дәрілермен қатар емдеген кезде тамызулар арасындағы аралық кем дегенде 15 минутты құрауы керек. Бұл ретте Ганцикловир препаратын соңғы кезекте тамызу ұсынылады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген.

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген.

Жүктілік

Жүктілік кезінде немесе бала емізу кезінде оның қауіпсіздігін бағалау үшін Ганцикловир көзге арналған гелін қолдану тәжірибесі жеткіліксіз.

Емізу

Жүктілік кезінде немесе бала емізу кезінде оның қауіпсіздігін бағалау үшін Ганцикловир көзге арналған гелін қолдану тәжірибесі жеткіліксіз.

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі (≥1/100-ден <1/10-ға дейін),
- өтпелі ашыту сезімі немесе көздің шаншуы
- көздің шырышты қабығының тітіркенуі
- анық көрмеу
Жиі (≥1/1000-нан <1/100 дейін)
- беткейлік нүктелік кератит
- конъюнктива гиперемиясы

Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары

Мөлдір қабықтың толық реэпителизациясына дейін күніне 5 рет 1 тамшыдан, содан кейін 7 күн бойы күніне 3 рет 1 тамшыдан.
Емдеу ұзақтығы әдетте 21 күннен аспайды.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларда дәрілік препаратты қолдану ұсынылмайды, өйткені ешқандай арнайы зерттеулер жүргізілмеген.