S01AA11 Гентамицин (Gentamicin)

Қолдану көрсеткіштері

Гентамицинге сезімтал бактериялардан туындаған көз инфекцияларыКлиникалық хаттама:   1. Көз және көз шарасы жарақаттары. Көз алмасы және көз шарасы тіндерінің III-IV дәрежелі соғылуы   2. Блефарит
    Клинические протоколы:
  1. Травма глаз и глазницы. Ушиб глазного яблока и тканей глазницы III-IV степени
  2. Блефарит

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Аминогликозидтер тобының антибиотиктеріне және препараттың қандай да бір компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Тобрамицинмен айқаспалы төзімділік мүмкін. Тамызар алдында жанаспалы линзаларды көзден шешіп қою және оларды 15 минут өткен соң қайтадан салуға болады. Автокөлік немесе басқа да қауіптілігі жоғары механизмдерді басқаруда сақ болу керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі: көзден жас ағу, көздің қызаруы, көздің ауыруы мен шымылдатып ашуы, жарықтан қорқу, препаратты тамызғаннан кейін бірнеше минут бойы көрудің нашарлауы.Сирек: гентамицинді ұзақ уақыт қолданған кезде төзімділіктің дамуы, аллергиялық реакция, тромбоцитопениялық пурпура, елестеулер.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Көз тамшылары,  конъюнктивальді қалтаға тамызады. 8 жас және одан асқан балалар: 1-2 тамшыдан әр 4 сағатта. 8 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді