R06AA04 Клемастин (Clemastine)

Қолдану көрсеткіштері

Аллергиялық қызбасы (аллергиялық риноконъюнктивит), шығу тегі әртүрлі есекжем, қышыну, қышынумен жүретін дерматоздар, жедел және созылмалы экзема, жанаспалы дерматит, дәрілерге аллергия, жәндіктердің шағуы.
    Клинические протоколы:
  1. Аллергический ринит
  2. Атопический дерматит у взрослых
  3. Атопический дерматит у детей
  4. Контактный аллергический дерматит

Қарсы көрсеткіштері

Клемастинге және химиялық құрылымы ұқсас басқа антигистаминдік препараттарға немесе қосымша заттарының кез келгеніне аса жоғары сезімталдық, дәрілік препараттың құрамында лактоза болуына байланысты сирек тұқым қуалайтын галактоза жақпаушылығы, лактоза жеткіліксіздігі, сондай-ақ глюкоза мен галактоза мальабсорбциясы синдромы; порфирия.

Қауіпсіздік шаралары

Асқазан мен он екі елі ішектің стеноздалған ойық жарасы, пилородуоденальді обструкциясы, қуық мойнының обструкциясы, несептің кідіруімен қатар жүретін қуықасты безінің гипертрофиясы, көзішілік жоғары қысымы, жабық бұрышты глаукомасы бар пациенттерге сақтықпен қабылдау керек. Көлік құралдарын жүргізуден, механизмдермен жұмыс жасаудан және жоғары зейін қою пен психомоторлық реакциялардың жылдамдығын қажет ететін жұмыс түрлерінен бас тартуы ұсынылады.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ұйықтататын, тыныштандыратын, анксиолитиктердің, апиынды анальгетиктер,M-холиноблокаторлар, алкоголь- әсерін күшейтеді.Моноаминооксидаза тежегіштерімен бір мезгілде қабылдауға болмайды.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: қатты шаршау, тыныштандыратын әсер, мәңгіруКейде: бас айналуы, ентігу, аса жоғары сезімталдық реакцияларыСирек: бас ауыруы, анафилаксиялық шок, ашушаңдықтың артуы, әсіресе балаларда, жүрек айнуы, эпигастрий аймағының ауыруы, ауыздың құрғауы, есекжем, тері бөртпесі Өте сирек: іштің қатуы, тахикардия.

Балаларда қолданылуы

6 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.Ішке. 6-12 жас шамасындағы балаларға таңертеңгі ас алдында және түнге 0,5 мг-1 мг тағайындайды.