R03AL05 Формотерол және Аклидиния бромид (Formoterol with Aclidinium bromide)
Қолдану көрсеткіштері
Ересек пациенттердегі өкпенің созылмалы обструкциялық ауруларының симптомдарын әлсірету мақсатында бронх кеңейтетін емді демеу үшін.
Қарсы көрсеткіштері
Әсер етуші заттарға немесе құрамы бөлімінде аталатын қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық; галактоза жақпаушылығы, туа біткен лактаза жеткіліксіздігі немесе глюкоза/галактоза сіңуінің бұзылуымен байланысты сирек тұқым қуалайтын аурулар.
Қауіпсіздік шаралары
Препаратын демікпеде пайдалануға болмайды; бронх түйілуінің жедел ұстамаларында қолдануға көрсетілмеген. Ауыр жүрек-қантамыр патологиясынан, құрысу бұзылыстарынан, тиреотоксикоз және феохромоцитомадан зардап шегуші пациенттерде сақтықпен қолдану керек. Қуық асты безінің симптоматикалық гиперплазиясы, несеп іркілісі немесе жабық бұрышты глаукомасы бар емделушілерде антихолинергиялық әсеріне байланысты сақтықпен қолдану керек. Антихолинергиялық препараттармен емде байқалатын ауыз кеберсуі ұзақ мерзімді келешекте тіс жегісімен қатар жүруі мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
β-адреноблокаторлар - β2-адреномиметиктер әсерін әлсіретуі немесе антагонистік әсер көрсетуі мүмкін.QTc аралығын ұзартуы мүмкін дәрілік препараттар (МАО тежегіштері, үш циклды антидепрессанттар, антигистаминді препараттар, макролидтер)- қарыншалық аритмияның жоғары даму қаупі бар.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр функциясының бұзылуы бар пациенттерге дозаны түзету қажет емес.
Жүктілік
Күтілетін пайдасы ықтималды қаупінен басым болған жағдайда ғана қолдану керек
Емізу
Егер анасы үшін күтілетін пайдасы сәби үшін кез келген ықтималды қауіптен артық болған жағдайда ғана қолдану керек.
Жағымсыз әсерлері
Инфекциялық және паразиттік аурулар: жиі: назофарингит, несеп шығару жолдарының инфекциялары, синусит, тіс абсцесі.Иммундық жүйе тарапынан бұзылулар: сирек: аса жоғары сезімталдық; белгісіз: ангионевроздық ісіну; анафилаксиялық реакция;Зат алмасу және тамақтану тарапынан бұзылулар: кейде: гипокалиемия; гипергликемия;Психика бұзылулары: жиі: ұйқысыздық, үрейлі жай-күйлер; кейде: қозу;Жүйке жүйесі тарапынан бұзылулар: жиі: бас ауыру, бас айналу, тремор; кейде: дисгевзия;Көру мүшелері тарапынан бұзылулар: кейде: көрудің бұлыңғырлануы;Жүрек тарапынан бұзылулар: кейде: тахикардия, электрокардиограммада QTс аралығының ұзаруы, жүрек қағу, стенокардия.Тыныс алу жүйесі, кеуде қуысы және көкірек ортасы ағзалары тарапынан бұзылулар: жиі: жөтел; сирек: дисфония, жұтқыншақ тітіркенуі; сирек: бронх түйілуі, соның ішінде парадоксты түрі;Асқазан-ішек жолы тарапынан бұзылулар: жиі: диарея, жүрек айну,ауыз кеберсуі; кейде: стоматит;Тері және тері астылық май тіні тарапынан бұзылулар: кейде: бөртпе,қышыну;Қаңқа бұлшықеттері және дәнекер тіндер тарапынан бұзылулар: жиі: миалгия,бұлшықет құрысулары;Бүйрек және несеп шығару жолдары тарапынан бұзылулар: кейде: несеп іркілісі;Жалпы бұзылыстар және енгізу орнындағы бұзылулар: жиі: шеткері ісінулер;Зертханалық және аспаптық зерттеулер нәтижелеріне әсері: жиі: қандағы креатинфосфокиназа деңгейінің жоғарылауы; кейде: артериялық қысымның көтерілуі;
Балаларда қолданылуы
Қарсы көрсетілген.