R03AC19 Олодатерол (Olodaterol)

Қолдану көрсеткіштері

Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы бар пациенттердің демеуші бронхолитикалық терапиясы.Клиникалық хаттама:   1. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы
    Клинические протоколы:
  1. Хроническая обструктивная болезнь лѐгких

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Олодатеролға немесе препараттың кез келген компонентіне асқын сезімталдық; жедел бронх түйілуі; бронх демікпесі; миокард инфарктісінің жедел кезеңі, тұрақсыз стенокардия, пароксизмальді тахикардия, тұрақсыз аритмия, гипертониялық криз, қатерлі артериялық гипертензия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Препарат тек ингаляцияға арналған, ұсынылған дозадан асырмау! Препаратты демікпе кезінде қолданбау. Парадоксальді бронх түйілуі дамыған жағдайда препаратты қабылдауды тоқтату және оны терапияның баламалы түрімен алмастыру керек. Ангионевротикалық ісінуді қоса, бірден дамитын асқын сезімталдық реакциясы дамуы мүмкін. Осындай жағдайда олодатеролмен емдеуді тоқтату және баламалы емдеу туралы мәселені қарастыру керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Адренергиялық заттар – олодатерол препаратының жағымсыз көріністерінің күшею мүмкіндігі.Ксантин туындылары, стероидтар мен диуретиктер – гипокалиемиялық әсерінің күшею мүмкіндігі.Бета-блокаторлар – олодатерол әсерінің әлсіреуі.Моноаминооксидаза тежегіштері (МАО) және трициклдік антидепрессанттар, QTс интервалын ұзартатын препараттар - жүрек- қантамыр жүйесіне препарат әсерінің күшеюі.Кетоконазол - олодатерол жүйелік әсерінің шамамен 70 % артуы.Ескерту: мұнда кейбір маңызды дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Өзара әрекеттесуі туралы ұсыныстар және қосымша ақпарат алу үшін дәрілік заттардың өзара әрекеттесулері туралы ақпарат көздеріне немесе дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге препараттың ұсынылған дозасын қабылдауына болады. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі бар пациенттерге қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Жеңіл немесе орташа бауыр жеткіліксіздігі бар пациенттерге препараттың ұсынылған дозасын қабылдауға болады. Бауыр функциясының ауыр бұзылыстарында қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Жиі емес: назофарингит, бас айналуы, бөртпе.Сирек: артериялық қысымның жоғарылауы, артралгия.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді