R01AC03 Азеластин (Azelastine)
Қолдану көрсеткіштері
Маусымдық аллергиялық ринитті (оның ішінде пішен қызбасында) және маусымдық емес (жыл бойы) аллергиялық ринитті симптоматикалық емдеуде.
Қарсы көрсеткіштері
Препараттың белсенді затына немесе қандайда бір қосымша затына жоғары сезімталдық;
Қауіпсіздік шаралары
Мұрынға арналған спрейді пайдалануда жекелеген жағдайларда әртүрлі дәрежедегі шаршау және негізгі аурудан туындауы мүмкін әлсіздік білінеді. Алкоголь пайдалану бұл құбылысты күшейтуі мүмкін.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Преппараттың басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі зерттелмеген. Сондықтан препаратты басқа дәрілік заттармен қолдануға болмайды.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Жиі: дұрыс қолданбау нәтижесінде (басты артқа шалқайтып) жекелеген жағдайларда жүрек айнуына алып келуі ықтимал ауызда ащы дәм пайда болуы мүмкін.Жиі емес: жүрек айнуы, мұрынның шырышты қабығы тітіркенуі (күйдіру, қышу), түшкіру және мұрыннан қан кету.Өте сирек: бөртпе, қышыну, есекжем сияқты аллергиялық реакциялар, аурудың әсерінен туындауы мүмкін қажығыштық, бас айналуы немесе әлсіздік.
Балаларда қолданылуы
4-17 жастағы балаларға конъюнктивальді қалтаға: күніне екі рет қолдану керек, қажет болған жағдайда күніне 4 ретке дейін; 6-17 жастағы балалар интраназальді: күніне екі рет 1 рет шашу.