R01AA04 Фенилэфрин (Phenylephrine)

Қолдану көрсеткіштері

Суық тию аурулары, тұмау, аллергиялық риниттер немесе синуситтер, жедел ортаңғы отит.

Қарсы көрсеткіштері

Препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық, жүрек-қантамырлар жүйесінің және қалқанша бездің ауыр сипаттығы аурулары, қант диабеті.

Қауіпсіздік шаралары

Бір құтыны бірнеше адам пайдалануға болмайды.3 тәулік ішінде әсері болмаса, дәрігерге қаралу керек.Моноаминоксидаза тежегіштерін тоқтатқаннан кейін препаратты 2 апта аралығында тағайындауға болмайды.Спрейді қолдану кезінде басты артқа қарай шалқайтуға болмайды.

Жағымсыз әсерлері

Мұрынның ашуы, шымылдауы, шаншуы.

Балаларда қолданылуы

Спрей, 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: әр мұрын қуысына 1-2 бүркуден күніне 3 рет;6 жастан 12 жасқа дейінгі балалар: әр мұрын қуысына 2-3 бүркуден күніне 3 рет.Курстың ұзақтығы 3 күннен аспауы тиіс.Тамшы, 2 айдан 1 жасқа дейінгі балалар: 1 тамшыдан; 1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар: 1-2 тамшыдан; 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар: әр мұрын қуысына әр 4 сағат сайын, 3 күннен артық емес қолдану. 4 жасқа дейінгі балалар (спрей), 2 айға дейінгі  балалар (тамшы түрі) қарсы көрсетілген.