P03AX01 Бензилбензоат (Benzyl benzoate)
Қолдану көрсеткіштері
Бензилбензоат ересектерге қолдануға арналған: - қышыма |
-
Клинические протоколы:
- Чесотка
Қарсы көрсеткіштері
белсенді затқа немесе препарат құрамына кіретін кез келген қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық; - жүктілік; - бала емізу кезеңі; - 18 жасқа дейінгі балалар. |
Қауіпсіздік шаралары
Науқас
емдеуді бастамас бұрын кенелерді терінің бетінен механикалық түрде алып
тастау үшін, сондай-ақ эпидермистің беткі қабатын босату үшін (препараттың
енуін жеңілдету үшін) ыстық душ қабылдаған дұрыс. Әрбір мәжбүрлі қол жуудан
кейін оларды қайтадан жақпамаймен емдеу керек. Бір ошақта анықталған науқастарды, сондай-ақ байланыста болған адамдарды емдеу қайта жұқтыруды болдырмау үшін бір мезгілде жүргізілуі тиіс. Емдеуден кейін қышынудың сақталып қалуы спецификалық емнің қосымша курсын тағайындау үшін көрсетілім болып табылмайды. Қышыну - бұл өлтірілген кенеге және оның өмірлік маңызды өнімдеріне дененің реакциясы. Ол антигистаминдік препараттар мен глюкокортикостероидтар бар жақпамай тағайындау кезінде жоғалады. Емдеуден кейін 2 апта бойы, ал асқынулар болса және одан да ұзақ уақыт медициналық бақылау қажет. Жұқтырған теріге тиген барлық заттар мұқият өңделуі тиіс. Төсек-орын жабдықтары, іш киім, сүлгілер кір жуғыш ұнтақ ерітіндісінде 5-10 минут қайнатылады. Сыртқы киімді екі жағынан ыстық үтікпен үтіктейді. Термиялық өңдеуге жатпайтын заттарды ашық ауаға 3 күн жайып қояды. Аяқ киім, ойыншықтар және өзге де заттар 5 күн бойы пайдаланудан шығарылады және целлофан пакетке салынады. Матрастар, жастықтар, көрпелер де 5 күн бойы пайдаланылмайды немесе камералық дезинфекция жасалынады. Жұмсақ жиһазды дезинфекциялауға арналған препараттармен емдеуге болады. Пәтерді жуып-тазалау, жуу құралдарымен немесе дезинфекциялайтын құралдар қосып еденді жуу қажет. Препаратты көзге, мұрын қуысына және ауыз қуысына енгізіп алмау керек. Препарат тиіп кеткен кезде: - мұрын қуысы — мұрын қуысын мол сумен шаю керек; - ауыз қуысы — ауыз қуысын сумен немесе натрий гидрокарбонатының (ас содасының) 2% жылы ерітіндісімен молынан шаю керек; - асқазан — асқазанды натрий гидрокарбонатының 1-2% ерітіндісімен, күйдірілген магнезия мен белсендірілген көмірдің су қоспасымен (бір стақан суға 1-2 ас қасық) шаю керек; - көз — көзді сумен немесе натрий гидрокарбонатының 1-2% ерітіндісімен жақсылап шаю керек. |
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Жақпамайдың басқа препараттармен фармакологиялық өзара әрекеттесуі анықталмаған. Бензилбензоатты басқа сыртқы дәрілік заттармен бір мезгілде қолдану ұсынылмайды. |
Бүйрек жеткіліксіздігі
Бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген. |
Бауыр жеткіліксіздігі
Бауыр жеткіліксіздігі бар науқастарда зерттелмеген. |
Жүктілік
Қолдануға болмайды. |
Емізу
Қолдануға болмайды. |
Жағымсыз әсерлері
Препаратты әрдайым қосымша параққа немесе емдеуші дәрігердің және дәріхана қызметкерінің ұсынымдарына сәйкес қабылдаңыз. Күмән болған жағдайда емдеуші дәрігермен немесе дәріхана қызметкерімен кеңесіңіз. |
Көрсеткіштері, қолдану тәсілі мен дозалары
Сыртқа. Ересектерді емдеу үшін 20 % жақпамай қолданылады. Емдеу курсы 4 күнге созылады. Өңдеуді бірінші күні кешке ұйықтар алдында душта жылы сумен және сабынмен мұқият жуғаннан кейін жасайды. Жақпамайды бет және бастың шашты бөлігін қоспағанда, бүкіл теріге қолмен ысқылап жағады, оны таңертеңге дейін жумайды. Бір қолдануға 30-40 г жақпамаймай жұмсалады. Екінші және үшінші күні олар емдеуде үзіліс жасайды, ал жақпамай қалдықтары теріден жуылмайды. Науқас төртінші күні кешке сабынмен жуынады және жақпамайды бірінші күні істегендей қалған жақпамайды қолданып, ысқылып жағады және іш киімді тағы да ауыстырады. Өңдеуден кейін қолды 3 сағат бойы жууға болмайды, кейіннен әр жуудан кейін жақпамаймен өңделеді. Жақпамайды терінің басқа бөліктерінен жуып тастаған жағдайда оларды қайта өңдеу керек. Емдеудің бесінші күні жақпамайды теріден толығымен жуып тастайды. Егер емдеуден кейін жақсару болмаса немесе жаңа симптомдар пайда болса, дәрігермен кеңесу қажет. Препаратты нұсқаулықта көрсетілген қолдану тәсіліне және дозаларына сәйкес қолданыңыз. Қажет болса, дәрілік препаратты қолданар алдында дәрігермен кеңесіңіз. Енгізу әдісі мен жолы Тек сыртқа қолдануға арналған Емдеу ұзақтығы Емдеу курсы 4 күнге созылады |
Балаларда қолданылуы
Қолдануға болмайды. |