P02CE01 Левамизол¹ (Levamisole)

Қолдану көрсеткіштері

Аскаридоз, некатороз, анкилостомидоз.
    Клинические протоколы:
  1. Аскаридоз у взрослых
  2. Нефротический синдром у детей
  3. Атопический дерматит у детей
  4. Псориаз

Қарсы көрсеткіштері

Препарат компоненттерінің қандай-да біріне жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын галактозаны, лактозаны, фруктозаны көтере алмаушылық, глюкоза-галактоза мальабсорбциясы немесе сахараза-изомальтаза жеткіліксіздігі; емделу кезінде және одан кейін, алғашқы 24 сағат ішінде спиртті ішімдіктерді қабылдау.

Қауіпсіздік шаралары

Лейкопения сияқты гематологиялық бұзылыстарды қоса, левамизолды қайталап қолдануда ұсынылған дозасын арттырмау керек, өйткені аллергиялық реакцияларды туғызуы мүмкін. Қан кетуге теріс әсер етуі мүмкін препараттарды бір мезгілде қабылдау сақтықты талап етеді. Автокөлік жүргізу және жоғары жарақат алу қаупімен байланысты жұмыстарды атқару кезінде сақтық таныту керек.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Кумарин тәрізді антикоагулянттар - левамизолдың әсерін күшейтуі мүмкін. Фенитоин - қан плазмасында фенитоин деңгейін арттыруы мүмкін. Ивермектин - ивермектиннің AUC едәуір артады.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Жағымсыз әсерлері

Жиі: іштің ауыруы.Жиі емес: бас ауыруы, қышыну.Сирек: дене температурасының жоғарылауы.Жиілігі белгісіз: жүрек айнуы, құсу, іш өту, бөртпе, энцефалопатия.Маңызды! Мұнда жанама әсерлердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.

Балаларда қолданылуы

18 жасқа дейінгі балаларға қарсы көрсетілген. 18 жасқа дейінгі балаларда препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қолдану бойынша ұсынымдары жоқ.