A11CC02 Дигидротахистерол (Dihydrotachysterol)

Қолдану көрсеткіштері

Гипопаратиреоздан туындаған гипокальциемиялық тетанияның жедел, созылмалы және жасырын түрлері.

Қарсы көрсеткіштері

Гиперкальциемия; Д дәруменінің артық дозалануы; Д дәрумені препараттарына жоғары сезімталдық; гипервентиляция салдарынан дамыған бұлшықеттік құрысулар; гиперфосфатемиясы бар бүйрек остеодистрофиясы.

Қауіпсіздік шаралары

Атеросклерозы, өкпе туберкулезі (белсенді түрі), созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, гиперфосфатемиясы, фосфатты нефроулитиазы, саркаидозы немесе басқа да гранулематоздары бар пациенттерге сақтықпен қолдану. Препаратпен емдеуді қандағы кальций және фосфор құрамын бақылаумен жүргізу: емдеуге дейін, емдеуді бастағаннан 5-7 күннен кейін және кейін айына 1-2 рет. Қандағы кальций концентрациясы 8,8-10,3 мг/100 мл аспауы тиіс. Кальций концентрациясының фосфор концентрациясына (Са х Р) көбейтіндісінің көрсеткіші 60 мг/дл аспауы тиіс.

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Д дәрумені, тиазидті диуретиктер, кальций препараттары, адреностимуляторлар, паратиреоидты гормон - дигидротахистеролмен бірге қолданған кезде гиперкальциемияның күшеюі.Тироксин - соңғысын тоқтатқаннан кейін гиперкальциемияның дамуы мүмкін.Кальций каналдарының «баяу» блокаторлары, бета-адреноблокаторлар - дигидротахистерол әсерінің әлсіреуі.Барбитураттар (соның ішінде фенобарбитал), фенитоин, примидон - дигидротахистеролға қажеттіліктің айтарлықтай жоғарылауы мүмкін, бұл остеомаляцияның немесе рахит ауырлығы дәрежесінің күшеюімен көрінеді.Антацидтер - бір мезгілде қолдану аясында препаратпен ұзақ емдеу оның қандағы концентрациясын және уыттанудың туындау қаупін ұлғайтады.

Бүйрек жеткіліксіздігі

Сақтықпен қолдану.

Жүктілік

Плацентарлық тосқауыл арқылы енеді. Ана үшін күтілетін пайда ұрық үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін. Жоғары дозаларда тағайындағанда ұрықтың еңбегі және тігістердің мерзімінен бұрын жабылуы дамуы мүмкін.

Емізу

Ана сүтіне енеді. Ана үшін күтілетін пайда бала үшін ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда қолданылуы мүмкін.

Жағымсыз әсерлері

Анорексия, жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, полиурия, полидипсия, тері жабындарының бозаруы, шөлдеу, бас ауыруы, жүрек қағысы, аллергиялық реакциялар.

Балаларда қолданылуы

Балаларда препаратты қолдану жөнінде деректер жоқ.