P02CA01 Мебендазол (Mebendazole)
Қолдану көрсеткіштері
Инвазиялар туындатқан аурулар:- энтеробиоз (Enterobius vermicularis)- аскаридоз (Ascaris lumdricoides)- трихинеллез (Trichuris trichiura)- анкилостомидоз (Ancylostoma duodenale)- некатороз (Necator americanus)- стронгилоидоз (Strongloides stercoralis)- тениоз (Taenia spp)- аралас асқазан-ішек инвазиялары.
-
Клинические протоколы:
- Ларингит у детей
- Эхинококкоз у детей (эхинококкоз печени/легких у детей)
- Трихинеллез
- Аскаридоз у взрослых
- Цистный эхинококкоз (печени) у взрослых
Қарсы көрсеткіштері
Препарат компоненттерінің қандай да біріне жоғары сезімталдық; тұқым қуалайтын галактоза, лактозаны көтере алмаушылық, лактаза жеткіліксіздігі, глюкоза/галактоза мальабсорбциясы.
Қауіпсіздік шаралары
Ұзақ уақыт қолдану кезінде жалпы қан талдауын, бауыр, бүйрек қызметін бақылау қажет. Емдеу кезеңінде іш жүргізетін дәрілер тағайындау және диета ұстану қажет емес. Мебендазол қант диабеті бар науқастарда инсулин қажеттілігін төмендетеді.Маңызды! Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі
Циметидин - ұзақ уақыт емдеу кезінде сарысудағы мебендазол концентрациясы артады.Метронидазол - бір мезгілде қолдануды болдырмау.Препарат алкогольмен үйлесімсіз.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Бүйрек жеткіліксіздігі
Ұзақ қабылдаған кезде бүйрек қызметін бақылау керек.
Бауыр жеткіліксіздігі
Сақтықпен! Ұзақ қабылдаған кезде бауыр қызметін бақылау керек.
Жүктілік
Қарсы көрсетілген.
Емізу
Қарсы көрсетілген.
Жағымсыз әсерлері
Өте сирек: емшек еметін жастағы балалардағы құрысулар; іштің ауыруы, диарея (инвазия салдарынан болуы мүмкін); анафилаксиялық және анафилактоидты реакциялар типі бойынша аса жоғары сезімталдық реакциялары; уытты эпидермалық некролиз, Стивенс-Джонсон синдромы, бөртпе, ангионевроздық ісіну, есекжем.Жиілігі белгісіз: нейтропения; жоғары дозаларда ұзақ уақыт бойы қолданғанда бауыр функциясының бұзылуы, гепатит; гломерулонефрит.Маңызды! Мұнда дәрілік өзара әрекеттесулердің қысқаша сипаттамасы берілген. Толық ақпарат алу үшін дәрілік препараттың қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.
Балаларда қолданылуы
Балаларға. Ішке. Энтеробиозда: дене салмағына байланыссыз - бір рет 100 мг (1 таблетка). Инфекцияның жиі қайталануларына орай, емдеуді 2- 4 аптадан соң қайталау керек. Отбасының барлық мүшелерін бір мезгілде емдеу ұсынылады. Аскаридоз, трихинеллез, анкилостомидозда және аралас инфекцияларда: 3 күн бойы тәулігіне 200 мг (кешке және таңертең 1 таблеткадан). Тениоз, стронгилоидозда: үш күн бойы таңертең және кешке бір таблеткадан (200 мг/тәулігіне). Таблетканы шайнауға немесе тұтас жұтуға болады. 6 жасқа дейінгі балаларға қолданғанда таблетканы ұнтақтау қажет. 2 жасқа дейінгі балаларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталмаған, препаратты қабылдау жөнінде ұсынымдары жоқ.Препаратты тағайындауда және дозасын таңдағанда емдеудің ұлттық стандарттарына, арнайы емдеу мекемелерінің емдеу хаттамаларына, сонымен қатар қолданылуы жөніндегі нұсқаулығына жүгініңіз.