N06DA03 Ривастигмин (Rivastigmine)

Қолдану көрсеткіштері

Альцгеймер типіндегі әлсіз және орташа айқын деменция; Паркинсон ауруы тұсындағы әлсіз және орташа айқын деменция.
    Клинические протоколы:
  1. Болезнь Паркинсона

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қарсы көрсеткіштері

Әсер етуші затқа немесе қосымша заттардың кез келгеніне аса жоғары сезімталдық;

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Қауіпсіздік шаралары

Альцгеймер ауруы бар емделушілерде дене салмағы түсіп кетеді. Ривастигминмен емделу кезінде емделушінің дене салмағын бақылап отыру керек. Басқа холинергиялық препараттармен болған жағдайдағы сияқты, ривастигмин асқазан сөлінің көп бөлінуін туғызуы мүмкін. Альценорм препаратын асқазан мен он екі елі ішектің созылмалы ойық жарасы бар емделушілерде, сондай-ақ осы ауруларға бейімділігі бар емделушілерге абайлап қолдану керек. Холинэстераза тежегіштерін сыртартқысында бронх демікпесі немесе тыныс ағзаларының басқа да аурулары бар емделушілерде сақтықпен қолдану керек. Холиномиметикалық препараттар несеп шығару жолдарының тарылуына және құрысу синдромына түрткі болуы немесе оларды күшейтуі мүмкін. Препаратты осы ауруларға бейімділігі бар емделушілерде сақтана қолдану керек. Басқа да холиномиметикалық препараттар сияқты, ривастигмин қозғалыс үйлесімінің бұзылуын күшейтуі немесе туғызуы мүмкін. Моторлық флуктуацияның күшеюі (соның ішінде, қимыл-қозғалыстың баяулауы, дискинезиялар, жүрістің бұзылуы) және тремор жиілігінің жоғарылауы Паркинсон ауруы тұсындағы деменциясы бар емделушілерде байқалды. Ауыр жағдайларда бұл жағдайлар ривастигминмен емдеуді үзуді талап етеді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі

Ривастигмин, холинэстераза тежегіші ретінде, наркоз жасау кезінде деполяризациялаушы миорелаксанттар (сукцинилхолин типті миорелаксанттар)  әсерін күшейтуі мүмкін. Ривастигминді холиномиметикалық препараттармен бір мезгілде қолдануға болмайды, ал антихолинергиялық препараттармен бір мезгілде тағайындағанда олардың әртүрлі бағытта әсер ететінін ескеру керек.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бүйрек жеткіліксіздігі

Бүйрек функциясының бұзылысы бар пациенттерге дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Бауыр жеткіліксіздігі

Бауыр функциясының бұзылысы бар пациенттерге дозасын түзету талап етілмейді.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жүктілік

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Емізу

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Жағымсыз әсерлері

Өте жиі: бас айналу; жүрек айну, құсу, диарея; анорексия Жиі: ажитация, сананың шатасуы, бас ауыру, ұйқышылдық, тремор; диспепсия және абдоминальді ауыру; қатты тершеңдік; қатты қажу, астения, жалпы дімкәстану; ұйқысыздық, депрессия; дене салмағының азаюыЖиі емес: естен тану; кездейсоқ құлап қалуСирек: құрысулар;стенокардия; асқазанның және 12 елі ішектің ойық жаралары; бөртуӨте сирек: несеп шығару жолдарының жұқпалары; елестеулер; брадикардия, тахикардия, атриовентрикулярлық блокада, жүрекшелер фибрилляциясы, артериялық қысымның айқын көтерілуі; асқазан-ішек жолынан қан кетулер, панкреатит (көрінісі болымсыз), өңештің жыртылуымен байланысты қатты құсатын бірлі-жарым жағдайлар; бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы; экстрапирамидалық бұзылулар (Паркинсон ауруы ағымының нашарлауын қоса)

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді

Балаларда қолданылуы

Қарсы көрсетілген.

Ақпарат тіркелуден кейін қолжетімді